Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
2 бөлім: Командалық ойынның қозғалыс дағдысы | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулов А.А.
| ||||||
Күні: | |||||||
Сыныбы: 10 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Жұптық және топтық ойынның қозғалыс дағдысы | ||||||
Меңгеру мақсаттары | 10.1.1.1. Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру 10.1.3.3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті салыстыру және талдау 10.2.4.4. Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістер құру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Спорттық ойын түрінде арнайы қозғалыс дағдыларына ие болады Волейбол ойынына қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларын шебер орындайды | ||||||
Бағалау критерийлері | Допты қабылдау, жалғау, берудегі қозғалыс дағдыларын талапқа сай орындайды. Жұпта және топта бірлесе жұмыстанады. Ойын ережесін сақтайды. Қажетті қимыл-қозғалыстарды көрсетеді. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Спорттық ойындар бірлескен қозғалыс іс-әрекеттерін орындау дағдыларын дамытуға көмектесетінін талдайды және өздерінің түсініктерін көрсетеді. Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:
Талқылау үшін сұрақ:
| ||||||
Пән аралық байланыс | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. | ||||||
Бастапқы білім: | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сонымен қатар мектептен тыс уақытта спорттық ойындарда, оның ішінде волейбол ойынынан алған әдістер, тактика мен стратегиялар бойынша білімдер және дағдыларға ие. | ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | |||||
Сабақтың басы:
3 мин. 3 мин. 1 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру. Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы спорттық ойындағы жүптық, топтық іс-әрекет туралы ақпарат анықталады. Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды (ой қозғау):
Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады. Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді. Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды). Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді. | Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. Ғаламтор көзіне сілтеме: Receiving the ball | Volleyball. | |||||
Сабақтың ортасы: 4 мин. 4 мин. 4 мин. 4 мин. 4 мин. 10 мин. | Волейболдағы арнайы дағдыларды жұптарда және шағын топтарда жұмыстана отырып жетілдіру. (С, ЖЖ, Т, ҚБ) Мақсаты: Топтық, жеке жұмыстар арқылы волейболшының дағдыларын жетілдіру, тәжірибелеу жұмысын жүзеге асыру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: Мұғалімнің, сыныптастың көрсетуі арқылы, өзара сақтандыруды қолдана отырып арнайы қозғалыс әрекеттері тәжірибеленеді. Мұғалім әрекеті: Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады; Ойын кезінде жарақат алып қалу қауіпінің алдын алуды және қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді; Допты қайтару әдісінің дұрыстығына назар аударады; Ұсынылған қозғалыс әрекеттерінің сапалы орындалуын сараптаптауды оқушыларға ұсынады; Волейболда допты қабылдау мен қайтаруды, орын ауыстыруды меңгеру маңызды екенін түсіндіреді; Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді: - Ойын жағдайларында қандай қозғалыс дағдыларын дамыту қажет? - Негізгі дағдыларды жетілдіру кездегі бірлескен жұмысты қалай бағалар едіңіз? Оқушы әрекеті: 1-әрекет. Допты жоғарыдан беру (қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды: - допты берудің орындалу үлгісін орындау (имитация) – допты өзінің үстіне жоғары лақтыру, алға қозғала ұстап алу; - сол жаттығуды қайталау тек ұстау орнына қарсы тұрған серіктесіне жалғап жіберу; - ешқандай тоқтатусыз серіктеске жалғау; - жоғарыдағыларды серіктеспен тордың екі жағына орналасудан орындау; - жоғарыдағылардың барлығын оңға және солға жанмен қозғала отырып қайталау. Сипаттауыштар: - допты өзінің үстіне тура және биік көтереді; - допты қабылдау және жалғау кезінде қолдар білек буынынан бүге ұстайды, саусақтарын бақыраш (ковш) тәріздес қалыпқа келтіреді. 2-әрекет. Допты төменнен екі қолмен қабылдау (қайталау). Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды: - допты төменнен қабылдаудың орындалу үлгісін (имитация) допсыз қайталау; - допты өзінің үстіне жоғары лақтырып екі қолмен төменнен қабылдау; - екі қолмен допты жерге ұрып, доптың соғылған жеріне қарай орын ауыстырып, төменге түсіп келе жатқан допты екі қолмен төменнен қабылдау; - серіктеспен қарама-қарсы тұрудан допты төменнен қабылдауды орындау; - серітестің біреуі допты лақтырып береді екіншісі допты төменнен қабылдауды орындайды; - жұптар допты жоғарыдан қабылдап өздернің үстіне жоғары көтереді де төменнен қабылдау тәсілімен кері қайтарады; - жұптар жоғарыдағылардың барлығын тордың екі жағында тұрудан орындайды. Сипаттауыштар: - допты қабылдау сәтінде жартылай отыруды көрсетеді; - қолдар алға түзу созылады, иықтар алға шығыңқы қойылады. 3-әрекет. Тура шабуылдау соққылары. Жұптар бір-бірлеріне қарама қарсы тұрып тапсырмаларды кезек-кезекпен орындайды: - 2-3 адыммен жүгіре екпіндеп секіру арқылы допты екі қолмен тордың үстінен асырып қарсы алаңға лақтыру; - сол әрекет тек допты оң (сол) қолмен лақтыру; - допты бір қолмен жоғары лақтырып төмендеп келе жатқан допты еденге барынша қаттырақ ұру; - торға жақындап келіп бір қолмен допты жоғары лақтырып торды асыра ұру; - сол әрекетті қайталау тек 2-3 адыммен жігіре екпіндеп келіп орындау; - жұптың біреуі допты тордан асыра лақтырады ал екіншісі соққыны жүзеге асырады; - серіктес 3-ші ойын аймағында тұрып допты 2 немесе 4 ойын аймағына көтереді ал екінші ойыншы шабуылдау соққысын оорындайды. Сипаттауыштар: - бірнеше адымнан кейін соққы жасауды орындайды; - соққы жасау сәтінде екі қол да жоғары көтеріледі, алайды бір қолмен соғуды көрсетеді. 4-әрекет. Ойынға қосылған допты қабылдау: бірінші қабылдан доп 3-ші аймаққа допты жеткізеді, екінші қабылданған доп 2 немесе 4 аймаққа жалғайды, ал үшінші әрекетте ойыншы секіріп допқа соққы жасайды немесе екі қолмен секіре допты екінші алаңға асырады (үш ойыншыдан жасақталған шағын топтағы жұмыс). Сипаттауыштар: - допты серіктеске тура жалғайды; - допты серіктеске тура көтеріп береді; - шабуылдау соққысын орындайды,. 5-әрекет. Оқыту ойыны. Сынып толық командаларға жасақталып ереже бойынша ойын ұйымдастырады. Сипаттауыштар: - жаттығу кезіндегі жетілдірілген дағдыларды қолданады; - бір командадағы серіктестерге допты жалғауды жүзеге асырады; - ойын ережесін сақтайды. Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалауы тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап серіктесіне айтып отырады. Бір бірлеріне кеңес беру арқылы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырады. | Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтар. Волейбол доптары, волейбол торы. Мұғалім үшін сабақ тапсырмалар жоспары, көрнекілік құралдар (сурет, таныстырылым, бейнесюжет және т.б.), ысқырғыш, бағалау парақтары. | |||||
Сабақтың соңы: 3 мин. | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. Кері байланыс парағына бір сөйлеммен пікір қалдырады. Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік бағалау арқылы білім бекітеді. | Бос кеңістік. Кері байланыс картасы. Кері байланыс түрлеріне сілтеме: | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау: | Бағалау: | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: | |||||
Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды. Төмен дене дайындығы бар оқушылар көмекшілер рөлін атқара алады немесе доппен жеке жұмыс жасайды. Дене дайындығы жоғары оқушылар өздерінің деңгейіндегі оқушылармен жұптастырылады, кей сәттерде басқа да оқушылармен топтастырылып «мұғалім» жауапкершілігін алады. АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді. | Теориялық білімді тексеру. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | |||||
Жалпы оқушыларды бағалау: Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?