Секіру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1- бөлім. Қарқынды қозғалыс дағдылары және жеңіл атлетиканы түсіну

I-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сыныбы: 10

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Секіру және оның түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау.

10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау.

Бағалау критерийлері

  • секіру барысында, секіру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді;
  • физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін көрсетеді;

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады.Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

    • Екпін алу, итерілу, ұшу, қону
  • «ұшу фазасы», «қайшылай басу»
    • қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік
  • қадамдар, секірулер

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

    • Секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
    • Лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
    • Секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?
  • Ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?

Құндылықтарды дарыту

• оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

• ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

• оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

• білімді байыту және оқушылар арасында дене тәрбиесінің адам мәдениеті бөлігі идеясын дамытуға мүмкіндік береді.

Пән аралық байланыс

Биология (секіру жаттығуларын орындау барысында дене бұлшық еттерінің әсерін анықтайды)

Физика (оқушылар өз секіру қашықтықтарын есептеп бағалайды)

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша секіру жаттығуларын орындау кезіндегі секіру әдісін көрсету. Басқа елдің үздік спортшыларын таныстыру немесе атап айту

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ мектептен тыс қызметте меңгерген жеңіл атлетика туралы біледі, секіру дағдыларын игерген.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

15 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

- Жүру жаттығуларын орындау;

- Жүгіру жаттығуларын орындау;

- Жылдамдыққа жүгіру;

- Тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау;

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.

Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар

Үлкен, бос кеңістік әр қызмет үшін. Ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

55 минут

Сыныпты шағын топтарға бөлу

«Қайталамалы секіріс». Сынып, сан жағынан тең, бірнеше топқа бөлінеді. Топтағы бірінші оқушылар 5м оң аяқта, 5м сол аяқта, 5м екі аяқта секіреді.

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар талдау жүргізеді.

Тапсырма. Бір орнынан ұзындыққа секіру.Сыныпты топтарға бөліп, тапсырма беру: «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйрену. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 100-110 см биіктікте орналасқан белгітаяқшасынан(планка) секіру. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгітаяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлу керек. 5-7 рет қайталау. Кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізу.

Сынып бірнеше командаға бөлінеді де, кезекпен ұзындыққа секіреді. Сөре мен мәре сызықтарын бір-бірінен 1м немесе 1,5м қашықтықта бормен сызады.

Ойыншылар алға еңкейіп, қолдарымен табан буындарынан ұстап (өкше). Екі аяқпен бірге итеріліп, сызықтың үстінен секіруге тырысады. Сәтті орындалған мүмкіндікті кері бағытта қайталау керек. Егер дұрыс орындалса өз командасына бір ұпай алады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу қажет.Итерілу. Серпілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.

Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін  жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.  

Тапсырма. Жұпта немесе топта оқушылар секіру жаттығулар кешенін ұсынады. Мысалы,

Секіру жаттығулары.

1. Қол белде, аяғын ауыстыра бір аяқта жоғары секіреді.

2. Қол белде, екі аяқпен үшбұрыш немесе текше (еденде сызылған) бойымен секіреді.

3. Бір аяқтан екінші аяққа, екі жаққа сызықтың (еденде сызылған) үстінен секіреді, Жаттығу бір орында тұрып орындалады.

4. Отырған (жартылай отырған) қалыптан жоғары секіру.

5. Отырған (жартылай отырған) қалыптан алға секіру.

6. Қол белде, 180° (360°) бұрыла, екі аяқпен секіру.

7. Бір аяқта алға қозғала отырып секіру.

8. Бір аяқта оңға, солға секіру.

9. Екі аяқпен тізені кеудеге тарта секіру («қосаяқ»).Сынып екі командаға бөлінеді.Оқушылармен белгітаяқшасынан қандай әдіспен өтетіні келісіледі. Белгі таяқшасы екі команданың оқушыларына қолжетімді биіктікте орналасады. Алғашқы болып бір команданың ойыншылары толассыз секіреді, одан кейін келесілері. Егер мүмкіндіктердің біреуінде (әр биіктікке екі мүмкіндік беріледі) қатысушы белгі таяқшасын бағындырса, жарысты келесі биіктікте жалғастырады.Екінші сәтсіз мүмкіндігінде қатысушы жарыстан шығады. Белгілі бір биіктікте көп қатысушылары қалған команда жеңіске жетеді. Оқу тапсырмасын өткізер алдында, әр командаға өздерінің секіруге арналған сапалы дене қыздыру жаттығуларын орындауларын ұсыныңыз.

Секіруді дамытуға арналған интернет ресурсының сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=S0792zB7f8E

Биіктікке секіруге арналған маттар (гимнастикалық маттар), биіктікке секіруге арналған белгітаяқшасы (созылғыш жіп), биіктікке секіруге арналған бағандар, бор, ысқырық, жалаушалар.

Секіруді дамытуға арналған интернет ресурсының сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=hjxnK3tG-Vk

Ойын алаңы, бор, ысқырық.

Қозғалмалы ойындарына интернет ресурсының сілтемесі::

http://fizkult-ura.ru/node/32391

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, бор, гимнастикалық орындықтар, бөрене және секіртпе жіп.

Биіктікке секіруге арналған маттар (гимнастикалық маттар), биіктікке секіруге арналған белгітаяқшасы (созылғыш жіп), биіктікке секіруге арналған бағандар, ысқырық, 2м созылмалы жіп.

Сабақтың соңы:

10 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Ашық сұрап-жауаптар

Үйге тапсырма

Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Секіру техникасын игеруді жетілдіру.

Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Осы бөлімде оқушылар жеңіл атлетика бойынша түрлі жаттығулар орындайды, секіру қабілеттерін танып біледі, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы бекітеді.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін оқиды және кері байланыстың құрамдылығын көрсетеді. Оқушылар секіру қабілеттерін құрамдас жаттығулардың дамуына себепкер болатын топтық жұмыстарды орындау кезінде біріктіріп жібереді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сұраңыз: Секіруді орындау кезінде неліктен реттілікті сақтау қажет?

Екпін алып ұзындыққа секірудің қандай сатыларын білесіңдер?

Оқушы қашан секіре алады? (ақ жалаушаны көтергеннен немесе «рұқсат» жауыс белгісінен кейін)

Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жеңіл атлетика тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу