Секіру техникалары. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 5-6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 5-6

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 1-бөлім: Жеңіл атлетика

Мектеп:ФМБ. НЗМ. Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы:Секіру техникалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.1. Дене қасиеттерін дамытуға жаттығу жинақтарын көрсетуді бағалау

 Сабақ мақсаттары

Жеңіл атлетика бөліміндегі қауіпсіздік іс-шараларын түсініп, білу.

Түрлі дене жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту.

Түрлі ойын тапсырмалары арқылы физикалық қасиеттерді дамыту.

 Бағалау критерийлері

Қимыл-қозғалыс жаттығуларының жиынтығын орындайды және бағалайды.

Спорттық жабдықтарды қолдану арқылы түрлі секіру жаттығуларының техникасын орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Секіру (орнында тұрып ұзындыққа, биіктікке секіру)

Екпін, серпілу, асықпай баяу жүгіру,

күш, жылдамдық, төзімділік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Секірудің қандай түрлерін білесіздер?

 Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу. Өзін-өзі жетілдіру ж/е дамыту қажеттілігін сезіну.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақты биология пәнімен байланыстыру

 АКТ қолдану дағдылары

Жеңіл атлетика түрлерін және өзге спорттың түрінен ерекшелігін интернеттен көрсету

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бөлімінің әдіс тәсілдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15 мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- сапқа тұру,сәлемдесу;

- сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және бағалау критерийін түсіндіріп мәлімдеу;

2. Сергіту, жүгіру:

Стадионды 3 айналымда жеңіл жүгіріп өту

3.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау:

а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру;

ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру;

б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру;

в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру;

г) оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала жүгіру;

ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру.

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық.

Сабақтың ортасы

50-55 мин.

1-тапсырма. Спорттық жабдықтардың көмегімен секіру жаттығуларының жиынтығын орындау.

Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:

  • Жаттығу кезінде қандай қиындықтар кездесті және оны қандай жолмен шешуге болатын еді?

2-тапсырма. Биіктікке секірудің орындалу техникасының дайындық жаттығуларын орындау.

  • Орындық арқылы серпіле адымдап өту;
  • Тегіс жерде тірек аяғын қойып, екінші серпілу аяғын жоғары көтере адымдай серпілу;
  • Секіру планкасы арқылы үйренген секіру жаттығуының орындалу техникасын бірнеше адыммен келіп, серпіле секіріп көрсету

2 тапсырма. Секіруді жетілдіру мақсатында «Дабл датч» ойынын ұйымдастырып өткізу. Ойынға бірнеше оқушы қатыса алады. Екі ойыншы екі жақтан ұзын секіргішті ұстап айналдырып тұрады. Қалған ойыншылар бір жақтан секіргіштің ортасына кіріп секіреді де, келесі жағынан шығып кетеді. Ойынға кірерде және шығарда секіргішке дене тимеуі керек. Ойынды екеуден, үшеуден жалғастырып, күрделендіруге болады.

Дескриптор: білім алушы

  • Секіру шапшаңдығын көрсетеді;
  • Тосын сигналға қырағылық танытады;
  • Тапсырмада күшін, төзімділігін, ептілігін көрсетеді;
  • Топпен жұмыс жасайды.

Ойындардың соңында топ бір-біріне баға береді.

Секіргіштер, гимнастикалық орындықтар, баспалдақтар

Секіруге арналған планка, тірек стойкалары, төсеніштер

Ұзын секіргіштер

Сабақтың соңы

8-10 мин.

1. Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуы: «Кім ұқыпты орындайды? »

Оқушылар сапта тұрып немесе шеңберде тұрып берілген команданы орындайды. Команда беру алдында бір сөз қолданады, мысалы «сынып» деген сөзді қолданып бұйрық бергенде орындалу керек, егер «сынып» сөзі қолданылмаса онда бұйрық орындалмауы керек. Мысалы, « Сынып, оңға бұрыл!» немесе «Сынып отыр!». Қате жіберген бала бір адым алға шығып, ойынды жалғастырады, үш рет қателескен оқушы ойыннан шығады н/е айып ретінде жүргізушінің кез келген тапсырмасын орындайды.

Кері байланыс. Рефлексия.

Нені үйрендіңіз?

Нені үйрене алмадыңыз?

Келешекте не білгіңіз келеді?

Үйге тапсырма:

  • Таңертеңгілік гимнастикалық жаттығу жиынтығын орындау.

2. Ептілікті дамыту жаттығуларын орындау.

Түрлі-түсті фломастерлер,қағаздар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар алаңда ара қашықтықты және динамикалық өзгерістерді біле ме?

Топтық композиция мен талқылау сапасы.

  • Денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу