Қауіпсіздік техникасы. Жүгіру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-2 сабақ.


Сабақ жоспары №1-2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысатындар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережелері.

Жүгіру және оның түрлері.

Сабақтың оқу мақсаты

10.3.4.4. Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру.

10.1.1.1. Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру

Сабақтың мақсаты:

1.Оқу тапсырмаларын орындау кезінде қауіп қатерді болдырмауды талдайды.

2.Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын жетілдіру

Бағалау

критериі:

1. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

2. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсете алады.

 Тілдік

 мақсаттары:

Мыналарды қамтиды:

    • қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік
  • қадамдар, секірулер
  • қауіпсіздік, тәуекел
  • сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу
  • бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру
  • екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, жүгіру ырғағы

 Құндылықтарды

 дамыту:

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Дене жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережені сақтау. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

АКТ қолдану дағдылары:

Ғаламтордан жүгірудің түрлері мен техникасы туралы бейнебаян қарау

Пәнаралық байланыс:

Физика, биология

Бастапқы білім

Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларға бір іс – әрекетті орындау алдында міндетті түрде дене мүшелерін қыздыру керек екенің ескертеміз.

Оқушыларға жалпы дамыту жаттығуларын жұппен, бірнеше топпен орындауға болады.

Арнайы жүгіру жаттығуларын орындау.

Қауіпсіздік ережелерінің журналы.

Негізгі бөлім

25 минут

Жеңіл атлетика сабақтарында қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптар бойынша әңгіме жүргізу.

1) Оқушылар 60-100м қашықтықты 2-3 рет өтіп, төменгі сөреден жүгіру әдісін жетілдіруге жұпта жұмыс жасайды. Жіберілген қателіктерді және оны дұрыстау әдістерін көрсетеді. Төменгі суретті қараңыз.

2) Ойынға екі команда қатысады. Бір-бірінен 3-4м қашықтықта орналасқан өздерінің А және В сөре сызығының бойына тұрады. Мәре С сызығы В сызығынан 9-11м қашықтықта орналасады. Мұғалімнің «Дайындал!» белгісімен оқушылар А және В сызықтарында бірдей бастапқы қалыпта тұрады – отырып тірену, жатып тірену, отыру, жоғарғы сөре және с.с. «Жүгір!» белгісімен екі команда бір уақытта жүгіруді бастайды. А командасының жүгірушісі алдында жүгіріп келе жатқан қарсы команданың ойыншысын С мәре сызығынан өткенше «дақтауға» тырысады. Әр «дақталған» ойыншы үшін қуалаушы командаға 1 ұпайдан беріледі. Келесі жүгірісті бастағанда командалар рөлдерімен ауысады.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы,ысқырық, секундомерлер, конустар, хаттамалар.

Жүгіру әдісі интернет ресурсының сілтемесі:

Қорытыңды

5 минут

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету,мақтау мадақтау.

Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып,жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.

Өтілген сабақтың қортындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.

Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.

Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты жоспар бойынша нақты қойылған.

Қойылған оқу мақсатына сабақ соңында барлығы қол жеткізді.

Сабақ соңында саралау міндетті түрде жүргізіліпабақ қортындыланды.

Кіріспе бөліміне 10мин, негізгі бөлім 25мин, қортынды 5мин регламент сақталды.

Ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.

2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу