Қауіпсіздік ережесі. Жүгіру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация.
10-сынып 1-бөлім: Жеңіл атлетика.
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі
Жүгіру және оның түрлері.
Оқу мақсаттары
10.1.5.1. Қиындықтар мен тәуекелдерге еңсеру және жауап берудегі дағдыларды бағалау
10.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін талдау және бағалауды орындау
10.3.2.1. Ағзаның функционалды жүйесіне, денеге жүктеме түсіру кезіндегі әсерін талдау
Сабақ мақсаттары
Қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде өзін өзі сақтандырады және әрекеттерді орындайды және денеге жүктеме түсіреді.
Бағалау критерийлері
жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді;
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын өз бетінше орындайды;
жүктеме түрлерін талдай алады.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас қауіпсіздік ережелері. - Спорттық немесе ыңғайлы форманы киіңіз;- Мұғалімнің нұсқауы бойынша барлық жаттығуларды орындаңыз;
-Қауіп төндіретін заттарды өзіңізден алып тастаңыз (сағат, сырға, білезік т.б); -Денені қыздырып алмай, күрделі жаттығуларды орындамаңыз;Дене шынықтырудың білім беру бағдарламасындағы маңызы
Қозғалыс және оның дамуына қатысты Дене шынықтыру пәні бағдарламаның басты мәселесі болып табылады, себебі бұл назар дене мен физикалық жаттығуда болатын жалғыз білім беру тәжірибесі. Бұл оқушыларға физикалық дағдыларын қозғалыс туралы білім мен түсінікпен қатар дамыту үшін қозғалыс тәжірибелерін беретін кең және теңдестірілген дене шынықтыру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Дене шынықтыру пәні мақсаты – не жасап жатқанын түсіндіре отырып, оқушыларға епті, сенімді, нәтижелі және қауіпсіз қозғалуға көмектесе отырып, қозғалыс құзыреттілігі мен контексттік меңгеруді дамыту. Мектеп контекстіндегі Дене шынықтыру сондай-ақ оқушыларға жас кезінде денсаулықты нығайту жаттығуларын беру арқылы оларда салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат етеді.
Дене шынықтыру пәнін оқу арқылы оқушылар:
пәндік білім, қабілет пен дағдыларды күнделікті өмірде қолданады;
қимыл құзыретін жетілдіру мен денені физикалық дамытудың қажеттілігін бағалайды;
жақсы жұмыс жасау гигиенасы туралы білімін иемдену қажеттілігін түсінеді;
жаттығудың терең дене және энергия жүйелеріне әсері туралы біледі;
өзінің және өзгелердің физикалық қабілеттерін бағалайды;
терең деңгейдегі сыни және шығармашыл ойлау, мәселе шешу және байланыс дағдыларын дамытады.
Тақырыпты өту кезіндегі негізгі амалдар:
Қозғалыстың негізгі түрлері (жүріс, жүгіріс және т.б.);
Түрлі дене жаттығулары (негізігі, аяқ-қол, секіру, жалпы дамыту);
Дене жаттығуларын жетілдірілген элементтер;
Түрлі құрал-саймандармен жаттығулар;
Ұлттық және әлемдік озық спортшылардың элементтері;
Тыныс алу жаттығулары.
Арнайы дене жаттығуларын орындау түрлері
Оқушы өз бетінше қауіпсіздікті еске отырып, дене қыздырыну жаттығуларын орындау керек.
Арнайы дене жаттығуларын орындау түрлері
Күш жаттығуларын орындау үшін, алдымен дене бұлшық еттерін созып дайындап алу қажет.
Жүгірудің адам ағзасына пайдасы
Жүгіру бұл – бұлшықет пен байланыстырушы жүйенің барлық бөлігі жұмыс істейтін қарапайым және тиімді дене жаттығы. Сонымен қатар, адам денесінің буындары да жүгіру кезінде пайдалы жүктеме алады. Жүргізу қан айналымды арттырып, барлық мүшелер мен тіндерді оттегімен қандырады. Ол тамырлық жүйені жаттырықтырады және көптеген жүрек ауруларының алдын алады.
Жүгірумен айналысу ағзаны зиянды токсиндерден және қауіпті қалдықтардан тазартуға көмектеседі.
Оқушыларға тапсырма
- Жалпы дене жаттығуларының және жүгірудің адам ағзасына пайдасын түсіне отырып, күнделікті дене жаттығуларын орындаңыз;
- Таңертең ерте тұруға дағдыланып, жүгіруді бастаңыз
Дескриптор:
Оқушы өз бетінше қозғалыс жаттығуларын ережеге сай орындайды;
Денені шынықтырумен отбасымен бірге шүғылданады;
Денсаулықтың қадірін түсінеді.
Күтілетін нәтиже:
Негізгі қозғалыс жаттығуларын меңгеру;
Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
Әлемдік мәдени құндылықтарды білу, ұлттық мәдени құндылықтарды қастерлейтін азаматтар тәрбиелеу;
Дене жаттығулары мен денсаулықты күту қызығушылықты ояту;
Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін жауап бере алады
РЕФЛЕКСИЯ:
Берілген тапсырмаға сәйкес, оқушыларды өз-өздерін бағалауға дағдыландыру;
Оқушыларды үнемі ынталандырып отыру ;
Аптасына бір рет байланысқа шығып, оқушыларға кері байланыс беру арқылы бағалау.
САУ БОЛЫҢЫЗДАР!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?