Қауіпсіздік ережесі. Қысқа, ұзақ қашықтыққа жүгіру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 15.09.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Сейлханов М.Қ.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі

Ченцов Д.С.

__________________

« 15 »____09__2021__ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 бөлім: Жеңіл атлетика

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.

Қысқа, ұзақ қашықтыққа жүгіру.

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

10.1.1.1 Қозғалыс белсенділігіне байланысты қиындықтар мен тәуекелдерді жіктеу

Бағалау критерийі

Қауіпсіздік техникасын біледі.

Әр түрлі қарқындағы жаттығулардың ағзаға әсерін зертейді

Тілдік мақсаттар

Мыналарды қамтиды:

физикалық қабілеттер: күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік

төменгі старт, жоғарғы старт

жүгіру: сермейтін аяқ, соққы беретін аяқ, старттық екпін, қашықтыққа жүгіру, мәреге жету

ұзындыққа секіру, биіктікке секіру: «қайшы» секіруі

эстафета

Құндылықтар

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу,

бір-бірін құрметтеу, мәдени, этикалық қасиеттерді дамытады

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту.

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

Өмірмен байланыс

Сабақ барысында алған физикалық және теориялық білімдерін сабақтан тыс өмірлерінде қолдана білу.

Пәнаралық байланыс

Физика, биология.

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс жеңіл атлетика бөлімі бойынша түсінігі мен білім-тәжирибелері бар деп саналады.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

15 минут

Сабақтың ортасы

25 минут

5 минут

25 минут

Сабақтың соңы

10 минут

Үй жұмысы

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру. Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.

Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыны салу жаттығуларын орындау.

Оқушылар шеңбер жасап бір орында тұрып

қыздыру жаттығуларын көрсетіп жасайды

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

1.Өкшеден аяқтың ұшына басып жүгіру

2. Жамбасты көтеріп жүгіру.

3. Қол белде,аяқты алға созып жүгіру.

4. Қол белде, аяқты артқа созып жүгіру.

5. Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

6. Аяқты қиылыстыра жүгіру.

7. Сирақты сілтеп жүгіру.

8. Сол аяқпен секіру

9. Оң аяқпен секіру

10.Арқанмен алға қарай бағыттап жүгіру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қандай бұлшық ет топтары қызу керек….?

- Қашықтыққа жүгіру кезінде қалай дұрыс дем алу...?

Оқушылар топтарда кезек-кезекпен жүгіріп, жүруді орындайды. Оқушыларға берілетін тапсырма бірдей уақыт аралығында әртүрлі жолмен (жүру, жүгіру) қашықтықтан өту айырмашылығын анықтау болып саналады. Бір оқушы бастайды және таймерді белгілі бір уақыт аралығында тоқтатады (мысалы, 1 минут 30 секунд). Тапсырма әртүрлі уақыт аралығында, әртүрлі жылдамдықпен ары қарай қанша қашықтықтан өтуге болатынын анықтау үшін қайтадан беріледі.

Дискрипторлар:

1. Берілген қашықтықты дұрыс орындайды..

2. Жүгіру ережесін біледі және қолданады.

Сабақтың мақсаттары мен критерийлерін қайталау.

Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіру барысында төменгі старттың техникасын жақсарту үшін жұпта жұмыс істейді. Бір оқушы төменгі старт техникасын көрсетеді, ал басқа оқушы оның орындауын талдап, бағалайды. Содан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

Дифференциация:

1.Мықты оқушылырдың қозғалыс дағдыларын кеңейту үшін қиын жаттығулар беру.

2.Қабілеті жоғары оқушылар, қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

Бағалау:

Берілген тапсырма бойынша оқушылыр өзін-өзі бағалау парағын толтырады.

Кері байланыс арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды.

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу.

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім. . Рефлексия және бағалау

Пән терменологиясын қайталау.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Орындалатын қызмет түріне арналған спорттық құрал-жабдықтар. Мұғалімнің ысқырығы.

Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Жаттығуларды орындау барысында белгіленген ережелерді сақтай отырып тапсырмаларды орындайды

Қорытынды бағалау

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу