Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 102 сабақ.


Сабақ жоспары № 102

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес.Мектеп:

Күні:

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- қозғалыс қабілеттерінің денсаулыққа тигізетін әсерін біледі.

- Қозғалыс қабілеттерін жекебастың үлгісімен көрсете алады.

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- қозғалыс қабілеттерінің денсаулыққа тигізетін әсерін біледі.

- Қозғалыс қабілеттерін жекебастың үлгісімен көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жеңіл атлетика тұрғысынан денсаулық пен фитнес туралы түсініктерді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру
  • қарқындылық ырғағы: төмен, орташа, қуатты
  • сүйектердің, буындардың тығыздылығы
  • физикалық белсенділіктің артықшылықтары:
  • Әлеуметтік, ментальдық, физикалық
  • динамикалық жылыну, қалыпқа келу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Сұраңыз: Не үшін фитнс компоненттерінің барлығын жеңіл атлетика жаттығулары арқылы дамытуға болады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жаттығулар орындау кезінде бір біріне деген құрмет пен әділдік көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Физика - лақтыру кезінде қаншалықты қол күшін жұмсау керектігін талқылайды.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32391

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.

- жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « кім жылдам » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, К, ТәЖ) Оқушылар жүрек қан тамырларының жиырылу жиілігін қарастырады (демалыс, жүктеме, қалпына келу). Жиі аэробикалық жаттығулар мен шыдамдылықты қалыптастыруға арналған жаттығулардың көмегімен жүректің жұмысын жақсарту мүмкіндігін талқылаңыздар. Оқушылар жүрек соғысы жиілігін өлшеуді үйренеді, өз нәтижелерімен оқытушымен және жұптарымен бөліседі.

(Т, К, ТәЖ) Екі не одан да көп командалар қатысады. Жүгіруге арналған жолда (100 немесе 200 м) деңгейлерді білдіретін ара қашықтығы бірдей сызық сызылады. Командалардың әрбір мүшесі рет бойынша саналған. Бірінші кезеңде бірінші номердің артында соңғы номерлер тұрады. Оқытушының белгісі бойынша бірінші номерлі ойыншылар екіншісіне жүгіріп, эстафетаны соларға табыстайды, ал өздері (бірінші номерлілер) екінші номерлердің орнында қалады. Сөйтіп тізбек бойынша, номерден номерге жалғаса береді. Бірінші номерлер өз кезеңін босатқан бойда соңғы номерлер солардың орнын басады. Екінші номерлілер эстафетаны үшіншісіне, ал олар төртіншісіне т.с.с. жалғастырады. Эстафетаны тапсырған әрбір ойыншы эстафетаны қабылдап алған ойыншының кезеңінде қалады. Оқушылар стадионда 2-3 шеңбер жасағанша эстафета жалғаса береді. Рефлексияны өткізгеннен кейін бірнеше рет қайталауға болады, қанша рет өткізу керектігін оқытушы алдын ала хабарлайды

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

- оқушылар жүрек соғысы жиілігін өлшеуді үйренеді

-өз нәтижелерімен оқытушымен және жұптарымен бөліседі.

- эстафеталық жаттығулар жинағын біледі.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар өзін өзі бағалау.

Талдаңыз:

Сұраңыз: Ағзаны нығайтуға тапсырмалар қалай әсер етеді?

Үлкен әр түрлі ойынға арналған кеңістігі. Ысқырық, бор, және фишкалар сатыларды белгілеу үшін.

Интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32391

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу