Әртүрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жиынтығын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес   

Мектеп: _

Күні:

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жиынтығын құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі .

- түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындай алады.

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі

-жүгірудің денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді біледі

- түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындай алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Жүгірудің алдына қыздырыну жаттығулары не үшін қажет?
  • Қалпына келу денгейі қандай қарқында болу керек?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар жүгіру кезінде бір біріне деген құрмет көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Тек бір минут » стратегиясы .

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(С, Ж, Қ) "Қақпаға жүгіру "»

Дайындалу. Екі команданың ойыншылары бір-біріне бір-бірімен сапқа тұрғызылады. Алаңның ортасында әрбір команда үшін екі жалаушамен "қақпа" (сурет. 10).

Сипаттамасы. Оқытушының сигналы бойынша қатысушылар міндетті түрде өзінің "қақпасын" жүгіре отырып, қарама-қарсы сызыққа жүгіреді және қарама-қарсы жағында құрылады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Қақпаның көлемі қатысушылардың санына байланысты.

Ережесі. 1. Сигнал бойынша жүгіруді бастау.

2. Тек "қақпадан"өту.

3. Жүгіруден кейін сапқа тұру міндетті.

Дескриптор

  • Жүгіру фазаларын біледі.
  • Жүгіру кезінде қолдың қимылын дұрыс орындайды.
  • Жүгіру ағзаға әсерін біледі.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Ойлы-қырлы жерлерден жүгірген кезде не үшін қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет?

Жергілікті жерде жүгірген кезде қандай дене қасиеттері дамиды? Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор.

Орта қашықтыққа жүгіру жаттығулары сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу