Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал

1. Жеңіл атлетикалық дағдылардың дамуы адам ағзасына пайдасы

Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.

Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.

Оқушыларға денсаулықты күту жайында мағлұмат беру. Шеңбер бойына тұрып, ашық сұрақ-жауап арқылы денсаулыққа қатысты түсініктерін кеңейту.

  • Қозғалыстың ағзаға тигізер пайдасы қандай?
  • Қандай жаттығулар пайдалы?
  • Салауаты өмір салтынынң денсаулыққа әсері бар ма?
  • Сіздер өз денсаулықтарынызды қалай күтесіздер?

Мұғалім оқушыларға ашық сұрақтар қояды, оқушылардың жауабын мұғалім стикерлер немесе түрлі смайликтерді жабыстыру арқылы бағалап отырады.

2. «Аңшылар мен үйректер» қозғалыс ойынын ойнату

Дайындық: Жерге барынша үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылар екі командаға «аңшылар» жэне «үйректер» болып бөлінеді. Аңшылар дөңгелек бойына түрады, ал үйректер дөңгелектің немесе төрт бұрыштың ішінде қалаған жерде тұрады. Аңшылардың бірінің қолында волейбол добы бар.

Ережесі: Жетекшінің белгісі бойынша аңшылар допты эр бағытта үйректерге лақтыра бастайды. Ал, доп тиген үйрек ойыннан шығуы керек. Дөңгелек ішіндегі үйректер допты өздеріне тигізбеуге тырысады. Осылай ойын ең соңғы үйректі атып алғанша жалғаса береді, осыдан соң рольдерімен алмасады. Ойынды уақытқа қарап өткізуге болады. Мысалы, 3 минуттан соң ойыншылар алмасады. Үйректер дөңгелектен шығып, аңшылар үйректердің орындарына барады.

Дескриптор:

1. Допты үйректерге лақтырган кезде аңшылар сызъқтан аспаулары керек.

2. Доп ойыншының басынан басқа жеріне тисе, онда ол ұсталған болып есептеледі.

3. Егер доп жерден барып тисе, онда ол есептелмейді.

4. Егер үйрек дөңгелектен шыгып кетсе, ол ұсталғган болып есептеледі.

5. Ұсталған үйректер ойын аяқталганга дейін ойынга кіріспейді.

Ойынды талқылау, бағалау, қорытынды жасау. Оқушылардың ойларын тыңдау. Қандай қимыл-қозғалыс дағдылары дамығандығын сұрақ-жауап арқылы анықтау.

3. «Қарама-қарсы эстафета» ойыны

Дайындық: Ойыншылар 2 тең командаға бөлініп, 2 колонна құрады. Әр колонна ортасынан тең бөлініп, біріне-бірі қарама-карсы тұрады, арақашықтықтары 10-40 метрден. Бірінші тұрған ойыншылардың алдынан сызық сызылады, қолдарына эстафета таяғы немесе жалау беріледі.

Ережесі: Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншылар жүгіруді бастайды. Олар эстафета таяғын /жалауына/ өз командасының екінші бөлігін алдағы ойыншыға әкеліп береді де, өздері сол колоннаның соңына барып тұрады. Эстафета таяғын алған ойыншылар ойынды ережемен жалғастыра береді. Эстафета таяғы бірінші ойынды бастаған ойыншыға қайта келгенде, ойын аяқталады, ойынды кай команда бірінші бітірсе, сол жеңеді.

Дискриптор:

1. Ойынды белгі берілгеннен кейін бастайды.

2. Эстафета таягын /жалауша/ алмастан бұрын, сызықтан жүгіріп шығуға болмайды.

3. Егер жүгіріп келе жатып эстафета таяғын түсіріп алса, онда сол ойыншы таяқты алып әрі жүрігуі тиіс.

4. Қате жіберген команда айып ұпайын алады.

5. Ойынды біріші аяқтаған және айып ұпайды аз алган команда жеңімпаз болады.

Ойналған ойынға кері байланыс беру. Оқушылардың іс-әрекетін бағалау. Қорытынды жасау.

Пайдаланылған ресурстарға сілтеме

1.Интернет-ресурсқа сілтеме, қимыл-қозғалыс ойындары:

http://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу