Секіру мен лақтыру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім – Денсаулық және фитнесті қозғалыс белсенділігі арқылы нығайту | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Секіру мен лақтыру дағдыларын дамыту. | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілетте рін бағалай және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну 9.3.4.1 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіне және мұқият сипаттай білу | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға итеру, ұшу, жерге қону фазаларын түсіндіріп орындату, және доптың лақтыру техникасын, фаза элеметтерін үйрету. | ||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Секіру және лақтыру дағдылары арқылы дене қасиеттерін жетілдіруді түсінеді және көрсетеді. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жеңіл атлетика мән мәтінінде денсаулық туралы өз түсінігін сипаттай, талқылай және көрсете алады. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Арнайы спорттық қозғалыс дағдылары мен қатысты қабілеттерді және негізгі қимыл қабілеттері мен қатысты қабілеттерді жетілдіру. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, психология, жас өспірімдер физиологиясы. | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану. | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың алдыңғы сыныптардан және сыныптан тыс басқа жағдайларда алған, денсаулық туралы түсініктері, жеңіл атлетикамен айналысу бойынша сәйкес дағдылары мен тәжірибелері бар. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы. | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Үлкен ойын алаңы. Уақыт өлшегіш ысқырық. Нысана.Үлкен теннис добы. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| (Қ, Ж, Қ) Оқушылар аяқтарын бүгіп екпінмен ұзындыққа секіруді жұптасып, карточкалардағы тапсырмалар арқылы жасайды: 1 тапсырма. Оқытылып жатқан техника бойынша түсінік 2 тапсырма. Итеру техникасы. 3 тапсырма. Екпін мен итеруді байланыстыру. 4 тапсырма. Жерге қону техникасы. 5 тапсырма. Ұшу фазасы Секіруді орындау техникасын орындау бірізділігін құру. (Ұ, Т, Ж, Қ) Оқушылар шағын допты лақтыруды, тапсырмалары берілген карточкалар арқылы, топта орындайды: 1 тапсырма. Шағын допты лақтыру техникасы 2 тапсырма. Снарядты ұстау және шағын допты лақтырудың соңғы фазасындағы жүгіре басу қимылындағы техника 3 тапсырма. Екпін жасау кезінде шағын допты «тіке-артқа» лақтыру техникасы 4 тапсырма. Алдын-ала және соңғы фаза элеметтерін байланыстыру. Шағын допты лақтыру мен арнайы жаттығуларды орындау техникасының бірізділігін құру.
(Ұ, Т, Ж) «Мергендер» ойыны. Сынып екі командаға бөлінеді. Екі команда ойыншылары әрқайсысы бір-бірден «150 гр допты» (үлкен теннис добы) алады. Тапсырма: 8 метр қашықтықтан команданың әрбір ойыншысы нысанаға (домалақ нысана, диаметрі 40 см) қарай бір рет лақтыру жасайды. Командалар қай команда лақтыруды бірінші жасайтынын шешеді. Нысанаға ең көп тигізген команда ұтады. Тең нәтиже болғанда, әрбір команда бір ұпайдан алады. | Түрлі бұлшық ет топтарын қалпына келтіру негіздері: | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау. Денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді сипаттай білу. Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.
| ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Біркелкі демін ұстау. Секіру және лақтыру техникасын дұрыс орындау. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. | Дене қуатын үнемдеу шарттары. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Өз бетімен ешқандай тапсырмаларды орындамау қажет. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?