Секіру, лақтыру дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 98 сабақ.


Сабақ жоспары № 2

Ұзақ мерзімді жоспар 8 бөлім: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес Мектеп:

Күні:

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Лақтыру дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.4.1 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- лақтыру түрлі жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

-лақтыру жаттығулары денсаулыққа тигізетін әсері мен денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді жүйесін байланысын түсіндіре алады;

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- лақтырудың түрлі жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

-лақтырудың жаттығулары денсаулыққа тигізетін әсері мен денсаулыққа кері әсерін жүйесінің байланысын түсіндіре алады;

 Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетика тұрғысынан денсаулық пен фитнес туралы түсініктерді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз

Оқушылар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • стайер, жүру, жылдамдықтан жәй жүгіруге ауысу
  • фитнес компоненттері: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік
  • есептік уақыт, нақты уақыт
  • қадам, аяқ қозғалысы
  • дене өзгерістері: жүрек соғысы /тыныс алу ырғағы, терлеу
  • қарқындылық ырғағы: төмен, орташа, қуатты
  • сүйектердің, буындардың тығыздылығы
  • физикалық белсенділіктің артықшылықтары:
  • Әлеуметтік, ментальдық, физикалық

динамикалық жылыну, қалыпқа келу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Орта немесе ұзақ қашықтыққа жүгіргенде ырғақты орнату қаншалықты маңызды?
  • Әртүрлі қашықтықта жүгіру әр түрлі уақытта біздің ағзамызға қалай әсер етеді?
  • Сіздің жасыңызда дене қасиеттер жүктемелері қалай әсер етуі мүмкім ?
  • Не үшін сіздің жасыңызда салмақты бақылауға ұстау маңызды? (сүйек тығыздығын жақсартады, буындарды нығайтады).

Егерде біз күш жаттығуын денемізге көптеп берсек не болатынын айтып бере аласыз

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Сілтеме::

https://www.youtube.com/watch?v=LEt1BDzsz0k

Бастапқы білім

Оқушылар жеңіл атлетика саласында тәжірибе жинақтайды және денсаулық сақтаудың тұжырымдамасын біледі және алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ үйде және / немесе сабақтан тыс уақытта алған дағдыларына ие болады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

7-8

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Оқушыларды ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Жалпы дене қыздыру жаттығуларын бастау: залды айналып жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүреді мұғалім белгі берген кезде келесі жаттығуға өтеді қолды жанға созып өкшемен жүру Жартылай отырып, толық отырып жүру. Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Оң және сол бөлігімен жүгіру Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Жалпы дене жаттығуларын бас,қол кеудеден аяқ ұшынан дейін орындау

Лақтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

Қайда лақтырады?

Нені лақтырады?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

1-Тапсырма: Қауіпсіздік ережесі Лақтыру дағдысын дамыту

(ЖЖ, К, ҚБ) Оқушылар теннис добын алақанға қыспай, лақтыру қолының саусақтарымен ұстап жұпта жұмыс жасайды. Сұқ, ортаңғы және сақина саусақтар тетік секілді доптың артыңғы жағына орналасқан, ал үлкен саусақ пен кішкентай саусақтар жанынан ұстап жылдамдық алып жүгіру алдында лақтырушы қол сайманды иықтан жоғары бүгулі қолмен ұстайды.

Жұпта теннис доптарын лақтыру:

1. Білезікпен лақтыру, қолдар 45 градусқа бүгулі, білек төс деңгейінде, тек білезікпен ғана лақтыру.

2. Бастың артынан бір орыннан лақтыру. 3 метр арақашықта.

3. Еденге бастың артынан лақтыру.

4. 5 метр арақашықтықтан екі адымдап лақтыру.

5. Айқастыру адымдары арқылы жетілдіру.

6. 7 метр арақашықтықтан айқастыру адымынан соң лақтыру.

7. Екпін алып жүгіруден лақтыру.

Дескриптор

-лақтыру сызығына дұрыс тұра алады бір мезетте серпіліс орындап, екі аяқта бірдей секіреді.

- лақтыру кезеңдерін ( дайындалу,серпілу, ұшу және тию) орындайды

-лақтыру жаттығулары арқылы ұшу қашықтығын анықтайды;

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Бағалау

Оқушыларды берілген тапсырманың орындау сапасына және санына қарап бағалау.

Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, әр түрлі доптар, фишкалар

төсеніштер

Әрбір тапсырма түрі үшін бос кеңістік..

Ысқырғыш, теннис добы, нысаналар, бор, метр.

Лақтырушының арнайы қыздырынуларына сілтеме:

http://www.xn--90abci0a3bn.xn--p1ai/met020_spezRazm.shtml

Сабақтың соңы

5-10 мин

Кері байланыс: Мұғалім оқушыларға «бутерброд» әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу