Секіру, лақтыру дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 99 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар 8 бөлім: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес Мектеп:

Күні:

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Секіру,лақтыру дағдысын дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалау және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну 

9.3.4.1 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу

 Сабақ мақсаттары

-Қауіпсіздік ережесін біледі

-Секіру лақтыру дайындығы кезінде денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсетеді;

-Секіру лақтыру дайындығы кезінде қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін салыстыра біледі

 Бағалау критериі

-Секіру лақтыру сызығына дұрыс тұра алады.

-секіру лақтыру жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

- лақтыру жаттығулары ағзаға тигізетін әсері мен қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу жүйемен байланысын түсіндіре алады;

 Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетика тұрғысынан денсаулық пен фитнес туралы түсініктерді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз

Оқушылар:

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • стайер, жүру, жылдамдықтан жәй жүгіруге ауысу
  • фитнес компоненттері: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік
  • есептік уақыт, нақты уақыт
  • қадам, аяқ қозғалысы
  • дене өзгерістері: жүрек соғысы /тыныс алу ырғағы, терлеу
  • қарқындылық ырғағы: төмен, орташа, қуатты
  • сүйектердің, буындардың тығыздылығы
  • физикалық белсенділіктің артықшылықтары:
  • Әлеуметтік, ментальдық, физикалық

динамикалық жылыну, қалыпқа келу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Орта немесе ұзақ қашықтыққа жүгіргенде ырғақты орнату қаншалықты маңызды?
  • Әртүрлі қашықтықта жүгіру әр түрлі уақытта біздің ағзамызға қалай әсер етеді?
  • Сіздің жасыңызда дене қасиеттер жүктемелері қалай әсер етуі мүмкім ?
  • Не үшін сіздің жасыңызда салмақты бақылауға ұстау маңызды? (сүйек тығыздығын жақсартады, буындарды нығайтады).

Егерде біз күш жаттығуын денемізге көптеп берсек не болатынын айтып бере аласыз

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=LEt1BDzsz0k -лақтыру дағдысы

https://www.youtube.com/watch?v=JYoKAZirQSM -секіру дағдысы

Бастапқы білім

Оқушылар жеңіл атлетика саласында тәжірибе жинақтайды және денсаулық сақтаудың тұжырымдамасын біледі және алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ үйде және / немесе сабақтан тыс уақытта алған дағдыларына ие болады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

7-8

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Оқушыларды ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Жалпы дене қыздыру жаттығуларын бастау: залды айналып жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүреді мұғалім белгі берген кезде келесі жаттығуға өтеді қолды жанға созып өкшемен жүру

.Жартылай отырып, толық отырып жүру. Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру. Оң және сол бөлігімен жүгіру Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Жалпы дене жаттығуларын бас,қол кеудеден аяқ ұшынан дейін орындау

Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

Секірудің лақтырудың қандай түрлерін білесіңдер?

Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20

20-30

1-Тапсырма: Қауіпсіздік ережесі Секіру дағдысын дамыту

(С, Т, К, ҚБ) Сыныпты шағын топтарға бөлу. Оқушылар шағын топтарда секіргіштікті дамыту жаттығуларының кешенін жасақтайды. Арықарайғы өзіндік іс-әрекет үшін жаттығулардың бірнеше үлгісін ұсыну:

Б.қ. – бір аяққа тұрып екінші аяқты тізеден бүгу. Бір бірінен 80-110 см арақашықтықта бір сызық бойына орналастырылған нығыздалған доптардан секіріп өтіп шығу. Әр аяққа 2-4 реттен қайталау.

Б.қ. – бір аяққа тіреліп алға еңкею, екінші аяқ артта жартылай бүгулі. 3-4 рет серіппелі тербелістен соң секіріп аяқтың қалыптарын ауыстыру. Орта екпінмен 6-8 рет қайталау.

Б.қ. – негізгі тұрыс, аяқтар тізеден бүгілген. Алға қозғала отырып қос аяқпен секіру. Секіруді 8-10 рет қайталау.

Б.қ. – гимнастикалық қабырғаға қарсы тұру, белдеуіне қолдармен бастың деңгейінде тірелу. Қос аяқпен жоғарыға итерілу. 15-20 рет қайталау.

Оқушылар жұппен секіру лақтыру техникасын талқылайды.

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– секіру тапсырмаларын құрастырады;

– секіру жаттығуларын орындайды;

-секіру ойындарын орындай алады;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар өзін өзі бағалау.

Талдаңыз:

Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Секірудің қандай түрі сіз үшін қиындық тудырады.?

Лақтыру дағдысын дамыту (С, Т, ҚБ) Оқушыларды екі командаға бөліп кіші допты лақтыру тапсырмасын беру:

1) лақтырулар белгілі бір аймақта орындалады: 1-ші аймақ лақтыру сызығынан 12 метр арақашықтықта орналасқан, 2-шісі – 16 метр, 3-шісі – 20 метр; әр аймақ 1-2-3 сандарымен белгіленген, жеңімпаз команда әр қатысушының жинаған ұпайларының жалпы сомасымен анықталады;

2) лақтырулар бірнеше шеңберде әртүрлі сандық көрсеткішпен (3-2-1) белгіленген қалқан-нысанаға бағытталып орындалады, нысанаға дейін арақашықтық 8-10 метр, биіктігі 2,5 – 3 метр, команда орындары жинақталған ұпайлар соммасымен анықталады.

Дескриптор

-лақтыру сызығына дұрыс тұра алады бір мезетте дұрыс лақтыруды орындайды, екі қолмен бірдей лақтыра біледі.

- лақтыру кезеңдерін (дайындалу ,дәледеу серпілу, ұшуру және тигізуді) орындайды

- лақтыру жаттығулары арқылы лақтыру ұзақтығын анықтайды;

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Бағалау

Оқушыларды берілген тапсырманың орындау сапасына және санына қарап бағалау.

оқушылар өзін өзі бағалау.

Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, әр түрлі доптар, фишкалар

төсеніштер

Үлкен бос кеңістік. Секіруге байланысты сілтеме:

https://infourok.ru/igri-svyazannie-s-prizhkami-v-visotu-i-dlinu-472658.html

Сабақтың соңы

5-10 мин

Кері байланыс: Мұғалім оқушыларға «Бағдаршам» әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу