Секіру, лақтыру дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
1. Жеңіл атлетикалық дағдылардың дамуы адам ағзасына пайдасы
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.
Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: -спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі; - ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; - келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; - дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.
Орында тҧрып секіру әдісі Бір орында тұрып секіру кӛбінесе дайындық ретінде қолданылады,бірақ орыннан және үштік секіруден жарыс ӛткізіледі.Орында тұрып биіктікке секіру аяқтың күшін және секіру мүмкіндігін айыру үшін қолданылады. Орнында тұрып ұзындыққа секіру мынандай бӛліктерге бӛлінеді:
-итерілуге дайындалу;
-итерілу;
-ұшу;
-түсу;
Граната лақтыруға тӛменгі бір қалыппен үйретіледі: 1) Граната ұстаумен таныстыру, снарядқа күш түсіре білу; 2) Гранатаны орында тұрып, қолды артқа ығыстырып лақтыру, орында тұрып лақтырғаннан кейін бір адымнан лақтыру; 3) Гранатамен жүгіруге үйрету, 4) Екпін алып жүгіріп лақтыруға үйрету, үйрету кезіңде допты, тасты пайдалануға болады; 5) Бастапқы кезде әдісті меңгеру үшін қысқа аралықта жай жүгіріп, содан кейін екпін алатын аралықты ұзартып, жылдамдықты кӛбейтіп, екпін алу аралығы 4-6 м толық 8-12 м жүгіру адымы.
2. Ойыншылар 2 командаға бөлінеді.
Тапсырма: Оқушылардың алдарында түрлі спорттық құралдар болады. Олар сол құралдардан секіру түрлерін көрсетулері қажет. Бұл тапсырмаға топтағы барлық оқушылар қамтылып, орындап көрсетулері қажет.
1- топқа эстафеталық барьер, секіртпе, гимнастикалық бөрене беріледі
2-топқа кіші ағаш ат, шығыршық, доп беріледі
Оқушылардың мақсаты берілген құралдардан түрлі секіру әдістерін көрсету қажет.
Дескриптор: 1.Тапсырманы орындауда қауіпсіздікті ескереді;
2.Құралдармен нақты жұмыс жасайды;
3.Топта белсенділік танытып, қауіпсіздікте жұмыс жасайды.
Екі топ тапсырманы бір-біріне орындап көрсетуп, бірін-бірі бағалайды.
3. «Кім алысқа». Оқушыларды жұпқа бөледі. Әріптестер құралдың ұшу арақашықтығындай жерде бір-біріне бетімен қарап тұрады. Тұрған жерлерін фишкамен белгілейді. Алғашқы болып әлсіз ойыншылар лақтыруды орындайды. Оның әріптесі құралдың түскен жеріне барып тұрады да, лақтыруды осы жерден орындап, қайтарады. Осы әдіспен кім мықты екені анықталады. Алғашқысында лақтыруды мұғалім ұсынған әдіспен орындайды. Одан кейін лақтырудың басқа да тәсілдерін ойлап табуға тапсырма беріледі.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар лақтырудың әдістерін және лақтыру дағдыларын дамытуға тиімді әсерін салыстырып талдайды.
Дескрипторлар:
- Лақтыру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;
- Лақтыру кезінде аяқ пен қолдың тұрысын дұрыс көрсетеді
Пайдаланылған ресурстарға сілтеме
1. Интернет-ресурсқа сілтеме, лақтырудың техникасы:
http://sport-history.ru/physicalculture/item/f00/s01/e0001554/index.shtml
2. Секіру дағдыларын дамыту техникасына сілтеме:
https://www.redbull.com/ru-ru/how-to-improve-jump-technique
2. Күшейтілген компонентті енгізу бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік құрал
жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша "Валеология" пәні, Астана 2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?