Секіру, лақтыру дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.


9 сынып

№ 8 бөлім:

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес 

Сабақтың тақырыбы:

Секіру, лақтыру дағдысын дамыту

Оқу мақсаты:

9.3.4.1 Денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.

Көптеген оқушылар: салауатты өмір салты үшін дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.

Жеңіл атлетикалық дағдылардың дамуы адам ағзасына пайдасы

Дене шынықтырудене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.

Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.

Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: -спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі; - ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; - келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; - дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.

Орында тҧрып секіру әдісі Бір орында тұрып секіру кӛбінесе дайындық ретінде қолданылады,бірақ орыннан және үштік секіруден жарыс ӛткізіледі.Орында тұрып биіктікке секіру аяқтың күшін және секіру мүмкіндігін айыру үшін қолданылады. Орнында тұрып ұзындыққа секіру мынандай бӛліктерге бӛлінеді:

-итерілуге дайындалу;

-итерілу;

-ұшу;

-түсу;

 

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді.

Тапсырма: Оқушылардың алдарында түрлі спорттық құралдар болады. Олар сол құралдардан секіру түрлерін көрсетулері қажет. Бұл тапсырмаға топтағы барлық оқушылар қамтылып, орындап көрсетулері қажет.

1- топқа эстафеталық барьер, секіртпе, гимнастикалық бөрене беріледі

2-топқа кіші ағаш ат, шығыршық, доп беріледі

Оқушылардың мақсаты берілген құралдардан түрлі секіру әдістерін көрсету қажет.

Дескриптор: 1.Тапсырманы орындауда қауіпсіздікті ескереді;

2.Құралдармен нақты жұмыс жасайды;

3.Топта белсенділік танытып, қауіпсіздікте жұмыс жасайды.

Екі топ тапсырманы бір-біріне орындап көрсетуп, бірін-бірі бағалайды.

«Кім алысқа». Оқушыларды жұпқа бөледі. Әріптестер құралдың ұшу арақашықтығындай жерде бір-біріне бетімен қарап тұрады. Тұрған жерлерін фишкамен белгілейді. Алғашқы болып әлсіз ойыншы лақтыруды орындайды. Оның әріптесі құралдың түскен жеріне барып тұрады да, лақтыруды осы жерден орындап, қайтарады. Осы әдіспен кім мықты екені анықталады. Алғашқысында лақтыруды мұғалім ұсынған әдіспен орындайды. Одан кейін лақтырудың басқа да тәсілдерін ойлап табуға тапсырма беріледі.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар лақтырудың әдістерін және лақтыру дағдыларын дамытуға тиімді әсерін салыстырып талдайды.

Дескрипторлар:

- Лақтыру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;

- Лақтыру кезінде аяқ пен қолдың тұрысын дұрыс көрсетеді

Талқылау үшін сұрақтар:

- Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өз денсаулықтарын қалай сақтаулары керек?

- Жарақаттың болдырмау себептері қандай?

Лақтырудың қандай түрлерін үйрендіңіз?

Жұппен жұмыс жасау ұнады ма?

Секірудің қандай түрлерін білдіңіз?

Топпен жұмыс жасау ұнады ма?

Қорытынды

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.

- Айқын жасалған күн тәртібінің болуы

- Дұрыс тамақтану

- Дұрыс тынығу

- Дене еңбегімен шұғылдануы

- Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу

- Табиғат аясында болуы

- Зиянды әдеттерден сақтану

- Дұрыс қозғалыста болуы

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматыдені сау, рухани бай адам

Салауатты өмір салты туралы интернет-ресурсқа сілтеме:

https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/zdorovyy-obraz-zhizni/2016/01/14/urok-prezentatsiya-stroim-svoe-zdorove-sami

Лақтыру әдістеріне сілтеме:

http://sporthistory.ru/physicalculture/item/f00/s01/e0001554/index.shtml

http://sport-history.ru/physicalculture/item/f00/s01/e0001554/index.shtml

Секіру дағдыларын дамыту техникасына сілтеме:

https://www.redbull.com/ru-ru/how-to-improve-jump-technique



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу