Стайерлік жүгіру дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация. 95 сабақ.


Оқу мақсаттары

9.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре білу

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

Жеке тапсырма.

Оқушылар кіші топта 800 метр жүгіреді. Оқу кезінде оқушылар жүгірудің бір қалыпты қарқынын таңдауды үйренулері керек, ол бүкіл қашықтыққа жүгіруге оңтайлы болады.

Дала жарысы-кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Онда жарысқа қатысушы ағып жатқан бұлақтан секіріп, өтеді. Секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды,аспалы көпірден өтеді және т.б. Негізгі мақсат кездесетін кедергілерден дұрыс өте білу.

Дала жарысының ережелері мынадай:

Жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін;

Алыс қашықтыққа жүгіруді баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет;

Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек.

Жүгірген кезде қолды шынтақ буынынан бүгіп ұстап, бүйірге онша тақамай, аяқтың жүгіру ырғағымен еркін сілтеп отырған жөн.

жүгіруге қандай дене қасиеті қажет деп,-санайсыз?

Рефлексия: «Сиқырлы сандық» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу