Стайерлік жүгіру дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 96 сабақ.
Сабақ жоспары № 96
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес Мектеп: | Күні: Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сабақ тақырыбы: Стайерлік жүгіру дағдысын дамыту | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре білу | ||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; - жүгіру техникаларын орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре біледі; - жүгіру кезінде төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттерді шешудің балама жолдарын ұсынады; | ||||
Бағалау критериі | - жүгіру техникаларын орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түрлендіре біледі; - жүгіру кезінде төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттерді шешудің балама жолдарын ұсынады; | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Жеңіл атлетика тұрғысынан денсаулық пен фитнес туралы түсініктерді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| ||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар. | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: - Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады. -белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Топтық қозғалмалы ойындар. Оқушыларды екі топқа бөліп «Ай мен күн» ойынын ұсыну. ЖДЖ қозғалыста және бір орында. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| |||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Т, Ж, ҚБ) Оқушыларды екі топқа бөліңіз. 1.Сыныпты 5-10 адамнан тұратын топқа бөліңіз. Топ ұсынған қарқынмен оқушылар (стадионның жолында немесе жер бетінде) жүгіреді. Жүгірушілер оны қуып жетуіне, қатаң бақылауға, жүгіру жылдамдығын және ритмін өзгертуге құқылы емес. Жүгіру уақытын мұғалім оқушылардың дайындығына байланысты анықтайды. Егер жүгірудің жалпы қарқыны тым жоғары болса, мұғалім дереу дұрыс қарқынмен белгілейді. Жүгіру жылдамдығының өзгеруі жиі және ұзақ болмауы керек. Шамамен 100-120 метрлік сегментте 20-30 м. Шамамен қашықтығы: 9 сынып - 500-600 м дейін (қыздар) және 600-700 м дейін (ұлдар). (С, Тәж, Ф) Топтарда жеңіл атлетикадан жарыс өткізу. Мысалы, үшсайыс: 100м жүгіру, жүгірп келіп секіру, 800м жүгіру. Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ ұсынылған үшсайыстың әр түріне төрешілік жасайды. Дескриптор - қауіпсізідк ережесін сақтайды; – белгіленген нысандар арқылы жүгіре алады; – жүгіру қолдың аяқтың қимылын дұрысс жүргізе біледі; -500-600 м дейін (қыздар) және 600-700 м дейін (ұлдар) жүгіріп өтеді; Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы. Мұғалім сұрақ қояды: Сұраңыз: Өткен сабақтарда қолданған жалпы дамыту және арнайы жаттығулар жарыс кезінде қалай көмектесті? Оқушылардың нәтижеліктеріне қалай әсер етті? | Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор. Жүгіру техникасы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZpfQDVuk0LQ | |||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Табыс сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар), Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
|
|
| |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?