Әртүрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жиынтығын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес   Мектеп:

Күні:

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жиынтығын құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

-дене жаттығуларын іс жүзінде орындау денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете біледі;

-жаттығулардың ағзаға әсерін түсінеді және сипаттайды.

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

дене жаттығуларын іс жүзінде орындау денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете біледі;

-жаттығулардың ағзаға әсерін түсінеді және сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетика тұрғысынан денсаулық пен фитнес туралы түсініктерді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • стайер, жүру, жылдамдықтан жәй жүгіруге ауысу
  • фитнес компоненттері: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік
  • есептік уақыт, нақты уақыт
  • қадам, аяқ қозғалысы
  • дене өзгерістері: жүрек соғысы /тыныс алу ырғағы, терлеу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Орта немесе ұзақ қашықтыққа жүгіргенде ырғақты орнату қаншалықты маңызды?
  • Әртүрлі қашықтықта жүгіру әр түрлі уақытта біздің ағзамызға қалай әсер етеді?
  • Сіздің жасыңызда дене қасиеттер жүктемелері қалай әсер етуі мүмкім ?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларынна тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, К, ҚБ) Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, аялдамалар бойынша жұмыс істейді.

Аялдама № 1 – оқушылар бірнеше жаттығулар түрін жасайды.

Иық белдеуі, ағзаны қысқа қашықтыққа жүгіруге, бел және омыртқа жотаның бөлімдеріне кешенді жаттығу жасайды.

Аялдама № 2 – Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіруге дененің жамбас бөлігіне, тізе және тізе табан буындарына кешенді жаттығулар береді.

Аялдама № 3 – Оқушылар қосымша кешенді жаттығулар жасайды. (бұлшық еттерді босату, жеңіл созылмалы жаттығулар, балтыр бұлшық еттеріне көңіл аудару, жамбас бұлшық еттерінің алдыңғы және артқы бұлшық еттеріне, сонымен қатар омыртқаның ұзын бүгілетін бұлшық еттеріне көңіл аудару.

Жаттығудан кейін оқушылар қуатты іс-әрекеттер жүйесінің қызметін және оның әртүрлі физикалық белсенділік жаттғулармен байланысын талқылайды.

Дескриптор

- жаттығулар түрін орындай алады;

– қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын біледі;

– оқушылар қосымша кешенді жаттығулар жасай алады.;

- әрбір аялдама өздерінің қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған қыздырыну жаттығуларын көрсетеді және сыныптастарымен бөліседі.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз: Жүгірудің алдына қыздырыну жаттығулары не үшін қажет?

Қалпына келу денгейі қандай қарқында болу керек?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор.

Орта қашықтыққа жүгіру алдындағы жаттығулар сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу