Әртүрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жиынтығын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес 

  Мектеп:

Күні:

Сынып: 9 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Әртүрлі бұлшық еттерді қалпына келтіру жаттығулар жиынтығын құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- қашықтыққа жүгірудің денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете біледі;

-қашықтыққа жүгіру ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

 Бағалау критериі

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- жаттығулар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете біледі;

- жүгіру техникаcы энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жеңіл атлетика тұрғысынан денсаулық пен фитнес туралы түсініктерді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

  • Не үшін сіздің жасыңызда салмақты бақылауға ұстау маңызды? (сүйек тығыздығын жақсартады, буындарды нығайтады).
  • Егерде біз күш жаттығуын денемізге көптеп берсек не болатынын айтып бере аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту

Ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетіп және әділ ойын көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

«Ай мен күн» ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға екі топ қатысады, бірінші топты ай деп атаймызда екінші топты күн деп атаймыз, ойыншылар бір біріне қарама қарсы тұрады. Ай дегенде ай қашады, күн айды ұстап алуы керек, күн дегенде күн қашады ай күнді ұстап алуы керек, ұсталған ойыншылар келесі топқа өтіп сол топтын атынан келесі топқа қарсы ойнайды. Екі топқа да ұзындығы 3-4 м жерге шейін сызық сызылады, ойыншылар сол сызыққа шейін жүгіреді. Қай топтын ойыншыларының саны көп болады сол топ жеңіске жетеді.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, К) Спринтерлік жүгіріс арқылы болатын жарыс.

Ойынға қатысушылар екі лекке сапқа тұрады. Олар әртүрлі қашықтықта жүгіреді.

Жүгіру нұсқалары:

а) белгілі бір қашықтыққа жүгіру (мысалы,10 м);

б) күтпеген жағдайда болған белгі бойынша жылдамдыққа жүгіру;

в) екі жылдамдық (белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, қайтадан жылдамдықпен жүгіріп оралу)

г) бұрылыс кезінде жеделдету;

д) 2 метр алға шыққан әріптесті қуып жету кезінде жылдамдықты жеделдету.

Ережесі

Бірінші белгі бойынша қатысушылар жүгіреді, екінші белгі бойынша белгілі орынға жылдамдықты арттырады.

Жүгірістен жеңген команда 2 ұпай алады.

Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

- жүгіру кезінде қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– жүгіру қарқынын дұрыс қолданады;

– эстафета таяқшасын дұрыс береді;

-жүгіру қашықтығын жүгіріп өтеді.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Орта қашықтыққа жүгіру сіздің денсаулығыңызға қандай әсер берді?

Жүгіру кезінде қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор.

Орта қашықтыққа жүгіру жаттығулар сілтеме: https://youtu.be/ZZ3uR-hyw84

с

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу