Жүгіру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім ұзақ мерзімді жоспары: 8-бөлім: Жеңіл атлетика көмегімен денсаулықты нығайту

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қ.

мерзімі:

Мұғалімнің аты:

сынып: 9

Қатысқаны: Қатыспағаны

Сабақ тақырыбы

Жүгіру және оның түрлері

Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған кешендерді жасау

 Сабақ мақсаты

Күш пен төзімділікті жақсарту үшін жаттығулар жиынтығын жасайды

 Бағалау критерийлері

Күш пен төзімділікті және қалпына келтіру техникасын жақсарту үшін жаттығулар жиынтығын жасайды.

Күш пен шыдамдылық жаттығуларын және қалпына келтіру әдістерін көрсетеді.

Сыныптастар жаттығуларын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Мыналарды қамтиды:

  • жүрек соғысының жиілігі (ЖСЖ): бір минуттағы соққы саны
  • демалыс кезіндегі, жұмыс кезіндегі, қайта қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы
  • жүрек-қантамыр жүйесі
  • қиындықтар мен тәуекелдер
  • денені даярлау, қалпына келу техникасы
  • бір орында жүгіру, алма кезек бір қадамдық жүріс, төмен түсу, жоғары көтерілу, бұрылыстар
  • бұрылысқа ену, бұрылыстан шығу, тіке сызық бойымен жүгіру

физикалық қасиеттері: күш, жылдамдық, икемділік, төзімділік, ептілік

 тәрбиелеу құндылықтар

 

Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу

 пәнаралық байланыс

Математика, физика, биология

АКТ қолдану

Интернеттен мәліметтер алу https://www.youtube.com/watch?v=YG9i9nt1Ti0

 Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс іс-шаралар барысында алынған жылдамдық-беріктікті даярлау және төзімділік туралы білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Ұйымдастыру кезеңі 5-7мин.

Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «қуаласпақ» ойынын ойнату.

Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы.

бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған);

екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар).

Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет.(оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.

Негізгі бөлім

28-30 мин.

1-тапсырма

Бағалау критериясы қимыл-қозғалысты сапалы орындайды

Саралау:

  • Қабілеті төмен оқушылар тамыр соғысын және қарапайым сергіту қалпына келтіру жаттығуларын орындайды.
  • Қабілеті орта оқушылар жаттығулардың маңыздылығын сараптайды.
  • Қабілеті жоғары оқушылар сұрақ-жауаптарға уақыт өлшемдеріне қатысады, және жаттығулардың сапалылығын анықтайды.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бой сергіту кешенін жасақтайды, ал екінші топ қозғалыс әрекетінен кейін ағзаны қалпына келтіру бойынша техника кешеніне жауапты болады. Тыныш жағдайдағы тамыр соғысын өлшеп, жазады. Бой сергіту мен қалпына келу техникасын көрсетеді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларынан кейінгі тамыр соғысын өлшейді. Бой сергіту мен қалпына келтіру жаттығуларының маңызын сараптайды. Тамыр соғысын жоғарылататын жатығулар туралы өз идеяларымен бөліседі.

Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау

2-тапсырма

Бағалау критериясы өзінің және өзгелердің біліктерін бағалай алады

Жұптар мен топтарға бөлінген оқушылар тапсырманы орындайды. Әрқайсысы 100 метр үш жол бөлігін алуан түрлі жылдамдықпен жүріп өтеді, бұл кезде осы бөлікті жүріп өту уақытын өлшеп, қадамдар санын анықтау тапсырмасы берілген.

Жүгіріс 3 x 100 м. Бірінші рет 100 м жолды қолды арқаға қойып, орташа жылдамдықпен жүшріп өту, екінші рет жылдамдықты сәл арттыру, ал үшінші рет жылдамдықты төмендету қажетЖұпта жасалған әр тапсырма соңында өз қабілеттері мен өзгелердің әдістерін бағалап, оны қозғалыс әрекеттерін жақсарту үшін пайдаланады.

Сұрақ-жауап

Қандай қиындықтар болды?

Шешу жолдары?

Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы.

Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік.

Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.

https://www.youtube.com/watch?v=YG9i9nt1Ti0

Қорытынды

3мин.

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС – формуласын қолдану арқылы оқушылардан кері байланыс алу, ол ПОПС – формуласындағы белгіленген төрт жағдаят бойынша оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазу сұралады

Үй жұмысы денені жерден көтеру 25 реттен 3кезеңмен

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

  • Қабілеті төмен оқушылар тамыр соғысын және қарапайым сергіту қалпына келтіру жаттығуларын орындайды.
  • Қабілеті орта оқушылар жаттығулардың маңыздылығын сараптайды.
  • Қабілеті жоғары оқушылар сұрақ-жауаптарға уақыт өлшемдеріне қатысады, және жаттығулардың сапалылығын анықтайды.

нәтижесін есепке алу арқылы

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау,кері байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ПОПС - формуласы Қосымша

Менің ойымша жүгіру....

Негіздеу

Себебі ....

Мысал келтіру

Мен оны дәлелдей аламын....

Ой тастау

Қорытындылай келе мен былай дер едім...

Бағалау парағы: оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау

Оқушының аты - жөні

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Сұраққа жауабы

1

2

3

4

5

6

7

Бағалау өлшемдері

Бағалау өлшемдері

Дескрипторы

Қимыл-қозғалысты сапалы орындайды

Сергіту кешенін, қалпына келтіру жаттығуларын сапалы орындайды. тамыр соғысын өлшеп жазады.

Өзінің және өзгелердің біліктерін бағалай алады

Берілген арақашықтықты өзінің және өзгелердің жүгіріп өткен уақытын өлшейді. Қадамдар санын анықтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу