Қауіпсіздік ережесі. Доппен түрлі техникалық амалдар. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация. 1-2 сабақ.


9-сынып

№ 7 бөлім Командалық ойындарда дағдыларды жетілдіру

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Доппен түрлі техникалық амалдар

Сабақтың мақсаты:

9.1.5.1 Қозғалыс әрекеттері кезінде сақтандыруды және өзін-өзі сақтандыру орындау;

9.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін көрсету.

Бағалау критерийлері:

Спорттық ойындар бөлімінің қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

Орындалатын тапсырмалардағы рөлдерді қолданады;

Үнемі қозғалыста болып жаттығуларды орындайды.

БӨЛІМГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ

Оқушылар командалық ойынды талдап, бағалайды, бірлескен жұмыс нәтижесінде әлеуметтік дағдыларды дамытады, ойын кезінде стратегияларға көңіл бөледі. Топтық ойындар арқылы оқушылар біріккен жұмыс дағдыларын дамытады және ойын кезінде өздерінің когнитивті ойлауы мен түсінуін шоғырлайды. Олар спорттық ойындар арқылы тактикалық біліктілікті, шешім жасау мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытады.

Берілген бөлімде оқушылар топтық жұмыстағы әлеуметтік дағдыларды жетілдіреді. Сақтық әрекетін және басқа да іс-қимылдарды орындап, көрсетеді. Оқушылар әділ ойын кезіндегі түрлі тактикалар мен стратегияларды салыстырып, тапсырмаларды орындап жатқан кезде түрлі рөлдерді атқарады.

Спорттық және қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері.

1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР.

1. Спорттық және қозғалмалы ойындарға техника қауіпсіздік ережелерімен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен және  денсаулығы бойынша оқушылар катыса алады.  

2.Спорттық және қозғалмалы ойындар өткізу кезінде ойын ережелерін бұзбау керек

3. Спорттық және қозғалмалы ойындар өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:

·        соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;

·        ойын шартын бұзған кездегі алған жарақаттар;

·        құлаған кездегі алған жарақаттар.

4. Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден тренер- мұғалімге және кураторға бірден ескерту қажет.

5. Спорттық және қозғалмалы ойындарға міндетті түрде спорттық киімдермен және табаңы тайғанамайтын спорттық аяқ киіммен қатысу керек.

 6. Ойынды тек қана тренер-мұғалімнің командасымен баста және аяқта.

7. Ойын кезінде ойын ережесін қатаң сақта. 

8. Спорттық құралдарда немесе бұйымдарда ақау бар екендігін байқасаңыз,  ойынды тоқтатып және тренер – мұғалімге ол туралы ескертіңіз.

ОЙЫН ТАРИХЫ

Футбол — (ағылшfoot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзіліс бар.

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі рет) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтан кейінгі пенальти жүптары өткізіледі

Ойын алдындағы арнайы жаттығулар

Алдымен денені ЖД жаттығулары арқылы жақсылап қыздырып алу

Доппен жұмыс жасау, тоқтату, алдау, аяқтың ішімен, сыртымен тебу әдістерін өз бетімен орындау

Жонглирование орындап жаттығу

Оқу мақсаты бойынша үй жағдайына арналған тапсырмалар:

Бөлім бойынша мағлұматты игеру;

Спорттық ойындар бөлімінің қауіпсіздік ережесімен танысу;

Үнемі қозғалыста болып, жалпы дамыту жаттығуларының түрлерімен күнделікті шұғылдану;

Арнайы жаттығу түрлерімен, доппен жұмыс жасауды аулада немесе спорт залдарында бір мезгіл орындау.

Дескрипторлар:

Оқушының бөлім бойынша мағлұматы бар;

Спорттық ойындардың қауіпсіздік ережесімен танысқан;

Жалпы жамыту жаттығу түрлерімен күнделікті айналысады;

Берілген тапсырмаларды үй жағдайында орындап көрсетеді.

Бағалау. Сабаққа рефлексия

Оқушыларды үнемі қолдап, ынталандырып отыру;

Үй жағдайында дене шынықтырумен айналысу кезінде қауіпсіздікті жие ескеріп, сергек жүрулеріне көмектесу;

Тапсырмаларды орындап жіберуде, кері байланыс арқылы оқушыларды ынталандыру, қолдау;

Оқушы жалықпайтындай атмосфера құру;

Оқушыға үлгі боларлықтай, мектеп сайттарына түрлі сауықтыру жаттығуларын жүктеп отыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу