Топта қызықты ойындар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспар № 2

7 бөлім

Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топта қызықты ойындар құру.

Оқу мақсаттары

9.1.6.6 Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын бағалау.

Сабақтың мақсаты

Топта қызықты ойындарды құру барысында қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын бағалауға үйрету.

Бағалау критерийлері

  • топта қызықты ойындар құрастыра алады;
  • қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын бағалай алады.

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл: финт, соққы, ену, жалтару, алдау
  • қорғау: дербес қорғау
  • пас, беру, доппен және допсыз қозғалу, ұстап қалу.
  • тактика және стратегия
  • команданың ұйымшылдығы, командалық ойын
  • қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар, орталық
  • кеңістікті пайдалану
  • рөлдер: көшбасшы / капитан, талдаушы, орындаушы.

Құндылықтарды дарыту

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған жеңіл атлетика бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon!

2. Сабақ мақсаттарын айту.

3. Жүру жаттығулары. Ара қашықтықты сақтау:

- қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.

- қол желкеде өкшемен жүру.

- қол белде аяқтың ішкі қырымен жүру.

- қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру.

4. Жүгіру: сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

5. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

6. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жүгіру жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- аяқтан аяққа секіріп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

7. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

8. Жалпы дамыту жаттығулары орында орындалады.

Үлен бос кеңістік. Әрбір іс-әрекет үшін керекті құрал-жабдықтар: конус, ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

1 тапсырма (С, Т, К, ҚБ) «Допты капитанға беру». Сынып топтарға бөлінеді. Ойынға екі команда қатысады, олардың әрқайсысы өз капитанын таңдайды, футбол добын алады және оған бөлінген алаңның жартысындағы шеңберге тұрады және капитанды доппен орталыққа қояды. Дабыл бойынша екі команданың капитандары өз шеңберінің әр ойыншысына кезек бойынша допты (беру және қайта алуды) бере бастайды. Егер осы кезде қандай да бір ойыншы техникалық қателікке байланысты доп жоғалтса, ойынды қайтадан бастайды. Техникалық қателік жібермеген және көп ұпай жинаған команда жеңеді.

Дескриптор:

- капитанды таңдау;

- тапсырманы техникасы жағынан дұрыс орындау; (доп беру және қайта алу).

Бағалау критерийі:

- өз шеңбер бойынша қозғалу;

- дұрыс допты беру және қайта алу.

Сұраңыз: осы ойында капитанның әрекетін қалай бағалауға болады?

2 тапсырма С, Т, К, ҚБ) «Доппен эстафета». Сынып екі топқа бөлінеді. Жалпы сөре сызығына екі лекпен сапқа тұрады. Арақашықтығы 3-4 метр болатын 10 конус қойылады да және бір конус соңғы конустан 10м қашықтықта қойылады. Мұғалімнің белгісі бойынша екі ойыншы допты алып конустардың арасынан жыланша өтіп және ақырғы конусқа жеткенде, қайтадан артқа командаластарына қарай түзу допты алып келеді. Допты келесі әріптесіне береді. Жеңіске мәре сызығын бірінші өткен команда жеңіске жетеді.

Дескриптор:

- конустардың арасынан допты алып жүру;

- допты алысқа жібермеу;

- жылдам қозғалу;

- жеңіске жету.

Бағалау критерийі:

- қозғалыста допты алып жүреді;

- қозғалу кезінде допты конусқа тигізбейді;

- ойын ережелерін сақтайды.

Сұраңыз:

Команданың табысты өнер көрсетуіне қандай рөлдер ықпал етеді?

Әр тапсырма үшін үлкен, еркін кеңістік.

Ысқырық, футбол доптары, бор.

Футболдағы қозғалмалы ойындарға сілтеме:

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Әр тапсырма үшін үлкен, еркін кеңістік.

Ысқырық, конустар, футбол доптары.

Сабақтың соңы

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

1. Сабақта мен....... жұмыс жасадым

белсенді / пассивті

2. Сабақ мен үшін .......... көрінді

қысқа / ұзақ

3. Сабақ барысында өз жұмысыма

қанағаттанамын / риза емеспін

4. Сабақта мен

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл-күйім

жақсы / нашар

6. Сабақ материалдары маған

пайдалы / жарамсызтүсінікті / түсініксізжеңіл / күрделіқызықты / жоқ

Сұрақ-жауаптар арқылы сабаққа кері байланыс жасау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу