Топта қызықты ойындар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспар № 1
7 бөлім Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу. | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Топта қызықты ойындар құру. | |||
Оқу мақсаттары | 9.2.8.8 Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді бағалау және бейімдей білу. | |||
Сабақтың мақсаты | Топта қызықты ойындарды құру барысында түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді бағалау және бейімдей білуге үйрету. | |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсат | Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
| |||
Құндылықтарды дарыту |
| |||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). | |||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||
Бастапқы білім | Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған жеңіл атлетика бойынша тәжірибесі бар. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! 2. Сабақ мақсаттарын айту. 3. Жүру жаттығулары. Ара қашықтықты сақтау: - қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру. - қол желкеде өкшемен жүру. - қол белде аяқтың ішкі қырымен жүру. - қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру. 4. Жүгіру: сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс. 5. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу. 6. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жүгіру жаттығуларын жасау: - тізені көтеріп жүгіру - аяқты артқа сермеп жүгіру - аяқтан аяққа секіріп жүгіру - қиғаштап жүгіру - дене артымен жүгіру - жылдам жүгіру 7. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. 8. Жалпы дамыту жаттығулары орында орындалады. | Үлен бос кеңістік. Әрбір іс-әрекет үшін керекті құрал-жабдықтар: конус, ысқырық, секундомер. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Тапсырма (С, Т, ҚБ) Сыныпты топтарға бөлу. 6-8 оқушы бар топтарда, өз таңдауы бойынша жабдықтарды пайдалана отырып, өз ойындарын әзірлейді. Олар бұл ойын түрін топта қарап, содан кейін басқа топты үйретеді. Содан соң әрбір топ осы іс-әрекет бойынша жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және ойында жалпы нұсқаулар мен бақылаудың тиімділігін арттыруға қалай көмектескеніне қатысты түсініктеме береді. Берілген түсініктемелер арқылы оқушылар одан кейін бірлескен қызметін қайта қарайды. Дескриптор: - шағын топтарда жұмыс орындау; - жаңа командалық ойын құрастыру; - басқа топтарға ұсыну, қорғау. Бағалау критерийі: - жаңа командалық ойын құрастыруда ат салысады; - ойын нақты және ережелері түсінікті болуы қажет - басқа топ мүшелеріне көрсете алады. Сұраңыз: Жаңа командалық ойынның күшті, әлсіз жақтары неде? Командалық ойын қалай жақсаруы мүмкін? Сіз қандай рөл ойнадыңыз? | Әр қызмет түрі үшін үлкен, таза кеңістік. Командалық ойындарға арналған әр түрлі доптар, конустар. Әрбір топ үшін қажетті жабдық. Жылжымалы ойындарға сілтеме: | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.
| Сұрақ-жауаптар арқылы сабаққа кері байланыс жасау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды