Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
ДШ 9 сынып 7-бөлім: Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді
командалық іс-әрекеттерде шешу.
Интернет ресурстары
Допты қабылдау және беруге сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=kWzsrTZnqMA
Футбол алаңында команданың тактикасына сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=dae6H8f1t7Q
футбол ойынындағы қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:
http://ohrana-tryda.com/node/60
Допты бір-біріне беру сілтеме: http://footballtrainer.ru/tech/131-peredachi-myacha.html
Допты жүргізу сілтемесі: http://footballtrainer.ru/tech/129-vedenie-myacha.html
Футболдың техникасы сілтеме: http://footballtrainer.ru/books/football1999/257-texnika-futbola-21-obshhie-ponyatiya.html
Ойын техникасына сілтеме: https://www.proza.ru/2015/09/07/58
Футболдағы тактика және техника сілтеме: http://knigitut.net/14/69.htm
Футбол ойынының тактикасы
Футбол ойынының тактикасы- ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру. Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру. Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау. Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.
Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді. Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол – пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол – доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту – алдау деп аталады.
Футболдың қарапайым тактикасы «соққы және жүгір» деген бұрығы допты өз бетімен теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дәуір. Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп ала жүру және алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек. Футбол – ойын, ал ойында өнер.
Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды.
Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчестволық үрдіс болғандықтан ондағы комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет. Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады: а) допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі; ә) әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау; б) доппен алдаса және алып жүре білу; в) өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу; Осылардың барлығын командастарымен тығыз қарым-қатынаспен жүріп орындау керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін ол өзінің командастарын қай жерде орналасқанын, қарсыластарын доптың қай бағытқа пас берілетінін, жалпы бүкіл ойынды бақылауы керек. Осыған орай ол өзінің байқай алмайтын алаң бөлшектерін жобалап ұға білу керек.
Футбол техникасын жетілдіру
Футбол — көптеген қасиеттерді талап ететін жан-жақты ойын. Жақсы футбол ойыншысы болу үшін қатты жүгіру мен допты қатты тебу аздық етеді. Допты қаға білу, допты келесі ойыншыға дәл беру, яғни футболдың жалпы техникасын меңгеру маңызды болып табылады.
1. Допты ойнату техникасын арттыратын бірнеше ойын жаттығулары белгілі. Олар «Шекіме», кедергілермен немесе қарапайым түрде доппен жүгіру, «шаршы» және «жоғарыға тебу».
2.Шекіме жаттығуы дегеніміз — допты жерге түсірмей бірнеше рет тебу жаттығуы. Бұл жаттығуға күн сайын 15 минут бөлу керек, негізі 30 минут жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Жаттығу кезінде бір орында тұрмаңыз. Аяғыңызды кезекпен алмастырып немесе тізеңізді пайдаланып допты жерге түсірмей теуіп үйреніңіз.
3. Доппен жүгіруде техниканы арттыруға көмектеседі: сіз қозғалыс кезінде допты басқаруды және жүгіру кезінде доппен бірге болуды үйренесіз. Күн сайын осындай әдіспен 1 шақырым жүгіріңіз. Жүгіру кезінде баяулатып немесе тез жүгіріп дайындалу керек. Жоғарғы жылдамдықта доппен бірге жүгіруді үйренгеннен кейін, алдап үйренгеніңіз жөн.
4. Кедергімен жүгіру әрбір кәсіби футболшыға таныс: алаңға қарсылас команда есебінде әртүрлі кедергілер, яғни белгілер қойылады. Міндет сол кедергілерді жанап кетпей жүгіріп өту.
Алдымен аз жылдамдықта дайындалып көріңіз, артынан шеберлігіңіз артқаннан кейін жоғарғы жылдамдықта дайындала аласыз.
5. Шаршы — бұл бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан төрт ойыншының өзара жаттығу ойыны. Шаршының негізгі талабы — төрт ойыншының 1 рет допты тебу арқылы жанындағы ойыншыға допты дәл беру. Бұл жаттығу қысқа қашықтықта допты дәл беруге және допты допты қабылдау техникасына үйретеді.
6. Футболшылардың қолданатын тағы бір жаттығуы "жоғарыға тебу". Бұл жаттығудың негізгі талабы — бір-бірінен қашықта орналасқан екі ойыншы допты жерге түсірмей жоғарымен бір-біріне дәл беру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?