Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
Тақырыбы: Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер.
Оқу мақсаты:
9.1.5.5 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу.
7-бөлім: Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.
Бағалау критерийлері
• кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құрастыра алады;
• жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттерді талдай алады және тәжірибеде көрсете алады.
Футбол – ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.
Тактика- команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру.
Тапсырма
(С, Т, Ж, ҚБ) «Футбол элементтерімен эстафета». Ойнаушылар екі командаға бөлінеді және ортаңғы сызықтан қарама-қарсы қақпаға бір-бірден лекте сапқа тұрғызылады. Командалардың бірінші нөмірлерінің алдында футбол добы жатыр. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлер қақпаға аяқпен допты алып, айып алаңынан тыс соққы жасайды, содан кейін допты алып, өз командасының бағытына апарады. Допты өз колоннасына жеткізіп, оны екінші номерлерге береді, ал өздері колоннаның соңына тұрады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- командада жұмыс жасау;
- алаң бойынша доппен қозғалу;
- қақпаға доп салу.
Бағалау критерийі:- командада жұмыс жасай алады;
- алаңда доппен еркін қозғалады;
- қақпаға допты тигізей алады.
Сұраңыз: футбол эстафетаның күшті, әлсіз жақтары неде? Эстафеталық ойын қалай жақсаруы мүмкін? Жылдамдықпен допты жүргізу қиындық туғызды ма?
Тапсырма
(С, Т, Ж, ҚБ) Оқушылар төрт-төрттен топқа бөлініп арнайы жаттығуларды орындайды. Мұнда төрт ойыншы төрт бұрыш түзіп бір-біріне бір жанасу арқылы допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен сағат тілімен немесе қарсы бағыттайды.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- капитанды таңдау;- тапсырманы техникасы жағынан дұрыс орындау(доп беру және қайта алу).
Бағалау критерийі:- алаңда доппен еркін қозғалады;
- допты тоқтатады және пас бере алады;
- қозғалыста допты дәлдеп бере алады.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.
Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?