Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді жоспар
7 бөлім Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу. | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Жеке, топтық, командалық тактикалық әрекеттер. | |||
Оқу мақсаттары | 9.1.5.5 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу. | |||
Сабақтың мақсаты | Кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын жеке, топтық, командалық әрекеттерде композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білуді үйрету. | |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсат | Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
| |||
Құндылықтарды дарыту |
| |||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). | |||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||
Бастапқы білім | Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған жеңіл атлетика бойынша тәжірибесі бар. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Сабақ мақсаттарын айту. 2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру. 3. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс. 4. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу. 5. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау: - тізені көтеріп жүгіру - аяқты артқа сермеп жүгіру - аяқтан аяққа секіріп жүгіру - қиғаштап жүгіру - дене артымен жүгіру - жылдам жүгіру 6. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. 7. Жалпы даму жаттығулары орында орындалады. | Үлкен бос кеңістік. Әрбір іс-әрекет үшін керекті құрал-жабдықтар: конус, ысқырық, секундомер. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | 1 тапсырма (С, Т, Ж, ҚБ) «Футбол элементтерімен эстафета». Ойнаушылар екі командаға бөлінеді және ортаңғы сызықтан қарама-қарсы қақпаға бір-бірден лекте сапқа тұрғызылады. Командалардың бірінші нөмірлерінің алдында футбол добы жатыр. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлер қақпаға аяқпен допты алып, айып алаңынан тыс соққы жасайды, содан кейін допты алып, өз командасының бағытына апарады. Допты өз колоннасына жеткізіп, оны екінші номерлерге береді, ал өздері колоннаның соңына тұрады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді. Дескриптор: - командада жұмыс жасау; - алаң бойынша доппен қозғалу; - қақпаға доп салу; Бағалау критерийі: - командада жұмыс жасай алады; - алаңда доппен еркін қозғалады; - қақпаға допты тигізей алады. Сұраңыз: футбол эстафетаның күшті, әлсіз жақтары неде? Эстафеталық ойын қалай жақсаруы мүмкін? Жылдамдықпен допты жүргізу қиындық туғызды ма? 2 тапсырма (С, Т, Ж, ҚБ) Оқушылар төрт-төрттен топқа бөлініп арнайы жаттығуларды орындайды. Мұнда төрт ойыншы төрт бұрыш түзіп бір-біріне бір жанасу арқылы допты аяқтың ішкі және сыртқы жағымен сағат тілімен немесе қарсы бағыттайды. Дескриптор: - допты беру; - допты қабылдау; - пас беру. Бағалау критерийі: - алаңда доппен еркін қозғалады; - допты тоқтатады және пас бере алады; - қозғалыста допты дәлдеп бере алады. | Үлкен бос кеңістік, футбол доптары, ысқырығы. Жылжымалы ойындар сілтемесі Әр тапсырма үшін үлкен, бос кеңістік. Ысқырық, футбол доптары, конустар. Жылжымалы ойындарға сілтеме: http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.
| Сұрақ-жауаптар арқылы сабаққа кері байланыс жасау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?