Спорттық ойындарда проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Топты қалыптастыру ойындары | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | ||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Спорттық ойындарда проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру | ||
Оқу мақсаты: | 9.2.8.1 Қозғалыс тұрғысынан түрлі рөлдерді бағалау және бейімдеу | ||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар волейбол ойынында орталық қорғаушының міндеттерін үйренеді және орындайды. | ||
Бағалау критериесі: | Міндеттерін орындау кезінде қиын жағдайға байланысты өз әрекеттерін талқылайды және бағалайды | ||
Тілдік мақсат: | Тілді оқыту мақсаты Оқушылар жасай алады: Ойындарды құрайтын командалар ішінде өзіңіздің дағдыларыңыз бен түсініктеріңізді сипаттаңыз, талқылаңыз және көрсетіңіз. Тақырыптық сөздік және терминология Қамтиды:
Диалог/ жазу үшін пайдалы сөз тіркесі Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||
Насихаттайтын құндылықтар: | Оқуға деген сүйіспеншілікті қызығушылықпен, шығармашылықпен және зерттелетін материалға сыни тұрғыдан қалыптастыру, олардың физикалық жай-күйін, ақыл-ойын, қарым-қатынастарын және сипатын үздіксіз дамыту. Оқушыларды өз бетінше оқып үйренуге, өзара қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға және конструктивтік тәсілді дамытуға, қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін дағдылар мен қабілеттерді дамыту. | ||
Пән аралық байланыс: | Биология- бұлшықет әлсіздігі Физика – динамикалық бұлшықет жұмысы | ||
АКТ қолдану дағдылар: | Ноутбуктің және проектордың көмегімен мақсатты, бағалау критерийлерін, дескрипторларын көрсету. | ||
Алдыңғы білім | Бұл сабақ алдыңғы сабақта алынған дағдыларды дамытуға негізделген. Оқушылар осы бөлімде қолданылатын физикалық қасиеттер мен қозғалтқыш қабілеттерін дамытты. Олар біледі және істей алады :ҚЕ ережесін., «Волейбол» ойынның ережесін, допты астыдан үстіден беру, допты тордан астымен асыру , доппен қыздырыну кешендерді. «Байланыстырушы».рөлдік міндеттерді біледі және орындайды. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |
Сабақтың басы 10 минут | Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу. КЕ қайталау. Сабақ мақсаттарымен, дискриптор және жетістік критийлерін, таныстыру Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру. Жеңіл жүгіріс: 3-5 мин. Карточкалар арқылы волейбол доптарымен кешенді жаттығулар жасау | Үлкен бос кеңістік. Ноутбук, проектор. Конустар. Мұғалім ысқырғышы. Карточка №1 «Карточкалар арқылы волейбол доптарымен кешенді жаттығулар жасау» | |
Негізгі бөлім 25 минут | Ойыншының міндеттері. «Бірінші темп» 3-ші және 5-ші аймақтардағы алдыңғы және артқы сызықта. «Бірінші темп» ойыншысы алдыңғы аймақта ойнаған кезде: Допты ойынға қосқан жағдайда әрқашан 3-ші аймақта тұрады. Егер қарсылас тордың оң жақ жиегінен шабуыл жасаса, онда ол 2-ші аймаққа тартылып, байланыстырушымен бірге блок қояды. Егер қарсылас ортадан шабуыл жасаса, ол жалғыз блок қояды. Егер қарсылас тордың сол жақ жиегінен шабуыл жасаса, ол 4-ші аймаққа тартылып, аяқтаушымен бірге блок қояды. Егер доп өзінің алаңына блоктың үстімен өтсе, немесе қарсылас команданың шабуылшысы шабуыл жасамйтының көрсе, онда ол тез арада шабуыл жасауға жылдамдық алу үшін, баяулатпай артқа шегінуі керек. Бірінші темп ойыншысы, шабуыл жасаған кезде, ол қандай аймақтан өтетініне қарамастан, байланыстырушының алдында болу керек! Егер бірінші темп ойыншысы, доп байланыстырушыға дәл жетпейтінің көрсе, онда ол тез арада жалған шабуыл жасайды. Егер жалған шабыл жасап жатқан уақытта, байланыстырушы бірінші темпке пас шығара алса, онда ол тез арада допты қарсыластың алаңына жіберуі керек. Егер бірінші темп ойыншысы артқы аймақта ойаған жағдайда: ол өзі допты ойынға қосқанда, баяулатпай тез арада 5-ші алаңға тұрып, командасы ұпай алмағанша либеро ойыншысының міндетін атқаруы қажет. Қарсыластың командасы ұпай алған жағдайда, бірінші темп ойыншысы алмасу аймағына барып, либеро ойыншысымен алмасуы керек. Либеро-ойыншысы артқы аймақтан алдыңғы аймаққа дейін жетпегенше, бірінші темп ойыншысы алмасушылардың орындығында отырады. Оның командасы орындарын алмастырған жағдайда, Либеро алдыңғы аймаққа жеткен кезде, бірінші тепм ойыншысы тез арада алмасу аймағына жақындап ауысуы қажет. Бірінші темп ойыншысы алдыңғы аймаққа барып, қарсыластың шабуылшысына блок қоюуы қажет. Бірінші темп ойыншысы шабуылшы болғандықтан, командасына өз үлесін қосуға міндетті. Дескрипторлар: -дорпты аланың қарама-қарсы жағына лақтыру; - шабуылдауға жүгіріп шығу соққы жасау; - ойыншы шабулдау кезінде байланыстырушыдан 1-1,5м тұруы тиіс - қарсыластың шабуыл жасайтын әрекеттерін блоктау; -ойын барысында ҚЕ сақтау. | Үлкен бос кеңістік. Волейболдық тор. Волейбол доптары Мұғалім ысқырғышы Карточка №3 Ойыншының міндеті «Бірінші темп» | |
Сабақ соңы 5 мин | Қортынды құру Мұғалім сабақтың оң аспектілерін атап өтеді Рефлексия: Бүгін мен білдім…… Менде бәрі жақсы болды…. Қиындықтар туғызды…… Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады Мұғалім үй тапсырмасын береді - соңғы 4 жылда ірі турнирлерде жүлделі орындарға ие болған волейбол командасының атауларын жаттау; - таңертеңгілік гимнастика, денені еденнен көтеру, денені арқаға жатып 90% көтеру. Мұғалім оқушыларға ұйымдастырылған жұмыс, үшін алғыс білдіреді. Спортзалдан шығу. | Рефлексиялық карточкалар Бағалау парағы | |
Қосымша ақпарат | |||
Дифференциация - Сіз неғұрлым қолдау көрсетуді қалай іске асырасыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау оқушылардыңң материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы | |
Шабуыл комбинациясы «Ұшу» байланыстырушы пас берген доппен қатар шабуылшы ойыншысы секіруді жүзеге асырады. | Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескрипторлар бойынша командалық бағалау жүргізуді және әр түрлі ойын жағдайларында кері байланысты ұсына отырып, мұғалімді бағалауды ұсынады. | ҚТ ережелерін қайталау. Оқушылар ойын жағдайлары кезіндегі тәуекелдерді түсінеді және алаңдағы ойыншылармен қақтығысудан құтылуға тырысады. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты /оқу мақсаты шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме ? Сабақтың уақытша кезеңдері өтті ма? Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | |||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?