Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар табу дағдысын жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
ДШ 9 сынып 7-бөлім: Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді
командалық іс-әрекеттерде шешу.
Интернет ресурстары
Допты қабылдау және беруге сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=kWzsrTZnqMA
Футбол алаңында команданың тактикасына сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=dae6H8f1t7Q
футбол ойынындағы қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:
http://ohrana-tryda.com/node/60
Допты бір-біріне беру сілтеме: http://footballtrainer.ru/tech/131-peredachi-myacha.html
Допты жүргізу сілтемесі: http://footballtrainer.ru/tech/129-vedenie-myacha.html
Футболдың техникасы сілтеме: http://footballtrainer.ru/books/football1999/257-texnika-futbola-21-obshhie-ponyatiya.html
Ойын техникасына сілтеме: https://www.proza.ru/2015/09/07/58
Футболдағы тактика және техника сілтеме: http://knigitut.net/14/69.htm
Допты(пас) беру техникасы
1.1. Табанның ішкі бөлігімен доп беру
Қысқа қашықтықта пас табанның ішкі бөлігімен беріледі. Тірек аяғы доппен бір сызықта болуы тиіс; соққы аяғы допты ұшып кететін траекториямен қозғалуы қажет.
1.2. Табанның жоғарғы жағымен доп беру
Пас, егер қашықтық орташа немесе үлкен болса, табан көтерумен беріледі. Тірек аяғы доп орналасқан сызықтан кейін қойылады, корпусы сәл артқа қарай бұрылады. Бұл жағдайда доп жерден үзіліп, ауада қалықтап ұшады.
1.3. Доп табан көтерудің сыртқы бөлігімен беру
Табан көтерудің сыртқы бөлігі жасалған пас қарсыласты алдау үшін пайдаланылады, өйткені бұл жағдайда доп қисық болып қозғалады. Соққы аяғы ішке бұрылып, доппен сыртқы бөлігімен жанасуы тиіс.
1.4. Доп берудің басқа түрлері
Пас дененің кез келген бөлігімен жасауға болады: бас, кеуде, жамбас немесе тізенің жоғарғы бөлігі, өкше.
Футбол техникасын жетілдіру
Футбол — көптеген қасиеттерді талап ететін жан-жақты ойын. Жақсы футбол ойыншысы болу үшін қатты жүгіру мен допты қатты тебу аздық етеді. Допты қаға білу, допты келесі ойыншыға дәл беру, яғни футболдың жалпы техникасын меңгеру маңызды болып табылады.
1. Допты ойнату техникасын арттыратын бірнеше ойын жаттығулары белгілі. Олар «Шекіме», кедергілермен немесе қарапайым түрде доппен жүгіру, «шаршы» және «жоғарыға тебу».
2.Шекіме жаттығуы дегеніміз — допты жерге түсірмей бірнеше рет тебу жаттығуы. Бұл жаттығуға күн сайын 15 минут бөлу керек, негізі 30 минут жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Жаттығу кезінде бір орында тұрмаңыз. Аяғыңызды кезекпен алмастырып немесе тізеңізді пайдаланып допты жерге түсірмей теуіп үйреніңіз.
3. Доппен жүгіруде техниканы арттыруға көмектеседі: сіз қозғалыс кезінде допты басқаруды және жүгіру кезінде доппен бірге болуды үйренесіз. Күн сайын осындай әдіспен 1 шақырым жүгіріңіз. Жүгіру кезінде баяулатып немесе тез жүгіріп дайындалу керек. Жоғарғы жылдамдықта доппен бірге жүгіруді үйренгеннен кейін, алдап үйренгеніңіз жөн.
4. Кедергімен жүгіру әрбір кәсіби футболшыға таныс: алаңға қарсылас команда есебінде әртүрлі кедергілер, яғни белгілер қойылады. Міндет сол кедергілерді жанап кетпей жүгіріп өту.
Алдымен аз жылдамдықта дайындалып көріңіз, артынан шеберлігіңіз артқаннан кейін жоғарғы жылдамдықта дайындала аласыз.
5. Шаршы — бұл бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан төрт ойыншының өзара жаттығу ойыны. Шаршының негізгі талабы — төрт ойыншының 1 рет допты тебу арқылы жанындағы ойыншыға допты дәл беру. Бұл жаттығу қысқа қашықтықта допты дәл беруге және допты допты қабылдау техникасына үйретеді.
6. Футболшылардың қолданатын тағы бір жаттығуы "жоғарыға тебу". Бұл жаттығудың негізгі талабы — бір-бірінен қашықта орналасқан екі ойыншы допты жерге түсірмей жоғарымен бір-біріне дәл беру.
Тапсырма
(С, Т, ҚБ) Сынып шағын топтарға бөлінеді. Топтарда футбол соққылары жасалады. Соққыларды өңдегеннен кейін оқушылар қақпаға соққы жасайды.
Аяқтың ұшымен соққы орындау Аяқтың қыр үсті ортасымен соққы
Аяқтың қыр үстінің ішкі бөлігімен соққы орындау Аяқтың қыр үстінің ішкі
бөлігімен соққы орындау
Табанның ішкі жағымен соққы орындау Көтерудің сыртқы бөлігініңсоққысы
Дескрипторлар:
- оқушылар қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды;
- оқушылар соққы техникасын біледі;
- оқушы доп соққысын көрсетеді;
- оқушылар қақпаға дәл ұрады;
- оқушы гол соқты;
- оқушы допты тоқтату техникасын көрсетеді.
Тапсырма
(С, Ж, ҚБ) «Допты шеңбер бойынша беру». Сынып топтарға бөлу. Алаңның ортасында диаметрі 12-16м шеңбер сызады. Ойыншылар шенбер бойымен тұрады және 1-2 санаққа саналады. Әрбір команданың бір-біріне жақын тұрған ойыншыларға доптар беріледі. Дыбыс белгісі бойынша әрбір команда допты шеңбер бойынша аяқпен тез арада бере бастайды: бірінші нөмір – сағат тілі бойынша, екіншісі – сағат тіліне қарсы береді. Допты бірінші болып аяқтай алған команда жеңімпаз болады.
Дескриптор:
- командада жұмыс жасау;
- доппен жұмыс орындау.
Бағалау критерийі:
- ойыншылардың өзара әрекеттесу;
- жылдам және дәл пас беру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?