Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар табу дағдысын жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
7-бөлім: Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.
Оқу мақсаты:
9.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.
9.2.4.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау және салыстыра білу
Сабақтың тақырыбы:
Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар табу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың мақсаттары:
- Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білуді үйрету.- Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау және салыстыра білуді үйрету.Бағалау критерийлері
• ойын кеңістігінде қимыл-қозғалыс комбинациялардың реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздей алады;
• ойын кеңістігінде қимыл-қозғалыс комбинациялардың реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде қолдана алады;
• ойын кеңістігінде дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру үшін балама түрлерін құрастыра алады;
• іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалайды және салыстыра алады.
Тапсырма
Сыныпты топтарға бөлу. Оқушылар топта (3 қарсы 3) бір доппен жұмыс істейді. Бір команданың мақсаты-доппен және допсыз алаңмен қозғалу және доп беру арқылы бақылауды сақтау. Қарсыластың ойыншылары допты алып қоюға тырысуы керек. Оқушылар қарсыластың ойыншылары ұстап алмастан белгілі бір көлемде бір біріне допты берген кезде, «гол» соғылды деп есептеледі. Допты алып қойған кезде командалар содан кейін «шабуылдаушы» командаға айналады және гол соғу үшін пас жасауға тырысады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- командада допты ұстап тұру;- алаң бойынша доппен қозғалу;- шабуылшы немесе қорғаушы ретінде болу.Бағалау критерийі:- алаңда доппен еркін қозғалу;- қарсыласын алдап өту;- әріптесіне дәл пас беру.Сұраңыз: Сіз допты алуға жол бермеу үшін команда ретінде бірге қалай тиімді жұмыс істей аласыз, Қарсыластан допты жылдам алу үшін қандай әрекеттерді жақсартуға болады?(Т, С, ҚБ) Тапсырма
Сыныпты топтарға бөлу. Оқушылар позицияларда арнайы рөлдерге бейімделу үшін кішкентай «позициялық» топтарда (қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар) жұмыс істейді. Үш ойыншы үш шабуылшы ойыншыларға қарсы қорғаушы ретінде ойнайды. Қорғаушылар шабуылшылардан допты алып қою үшін қарым-қатынаста және позицияны таңдай отырып, бірге ойнайды. Сол тәжірибе шабуылшы немесе жартылай қорғаушы позициялық ойын үшін пайдаланылуы мүмкін. Ойыншылар бірқатар рөлдерге қатысу үшін ойнайтын позицияларды өзгертеді: қорғаушы / шабуылшы, орталық және т.б.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- алаң бойынша доппен қозғалу;- серіктеске пас беру;- белгілі бір рөлді орындау;- тактикалық әрекеттерді қолдану.Бағалау критерийі:- алаңда доппен еркін қозғалу;- серіктеске дәл пас беру;- белгілі бір рөлді тәжірибеде қолданады;- шабуылды аяқтау.Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.
Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?