Қауіпсіздік техникасы. Ойын жағдайында допты басқару техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік техникасы. Ойын жағдайында допты басқару техникасы.

Оқу мақсаттары

9.1.1.1 үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

Ойын жағдайында допты игеру техникасы кезінде үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыруға үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • допты басқару техникасы кезінде арнайы қимыл әрекеттерін біледі;
  • допты басқару техникасы кезінде арнайы қимыл-қозғалыстарды құрастыра алады және салыстыра алады;
  • қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл: финт, соққы, ену, жалтару, алдау
  • қорғау: дербес қорғау
  • пас, беру, доппен және допсыз қозғалу, ұстап қалу.
  • тактика және стратегия
  • команданың ұйымшылдығы, командалық ойын
  • қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар, орталық
  • кеңістікті пайдалану
  • рөлдер: көшбасшы / капитан, талдаушы, орындаушы.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған қозғалыс белсенділігі бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Сабақ мақсаттарын айту.

2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

4. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

5. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- аяқтан аяққа секіріп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

6. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

7. Жалпы даму жаттығулары орында орындалады.

Үлен бос кеңістік. Әрбір іс-әрекет үшін керекті құрал-жабдықтар: конус, ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

1 тапсырма

(С, Ж, ЖЖ, К) Допты алып жүру және допты бір-біріне беру. Оқушылар алаң бойынша бір-бірінен 10-15м орналасып, жұппен арнайы жаттығуларды орындайды (табанның ішкі жағымен, табанның сыртқы жағымен, допты тоқтатып беру және т.б.). Бұл тапсырма оқушылардың бойында допты игеру техникасын және қажетті қозғалыс дағдыларын дамытуға бағытталған.

Дескриптор:

- допты табанның әр түрлі жағымен беру;

- алаң бойынша доппен қозғалу;

- допты тоқтатып әріптесіне беру.

Бағалау критерийі:

- допты оң және сол аяғымен беру;

- табанның әр жағымен тоқтату және беру;

- әріптесіне дәл доп түсіру.

2 тапсырма

(ЖЖ, Тәж, ҚБ) Сыныпты жұптарға бөлу. Оқушылар допты иелену техникасын жетілдіруде, ойын жағдайларында әртүрлі күрделі маневрлерде жаттықтыру үшін жұппен жұмыс істейді. Бір ойыншы қорғаушы, ал екіншісі шабуылшы. Шабуылдаушы ойыншы қорғаушы ойыншының жанынан өту үшін алдау қозғалысын (жалтару, финт, соққы) орындайды. Ойыншылар кезек бойынша рөлдерін ауыстырып қорғаушы және шабуылшы болады.

Дескриптор:

- допты игеру техникасын жетілдіру;

- алаң бойынша доппен қозғалу;

- әртүрлі күрделі маневрлерді орындау (жалтару, финт, соққы);

- белгілі бір рөлді орындау(шабуылшы немесе қорғаушы).

Бағалау критерийі:

- доппен емін-еркін қозғалу;

- қарсыласын алдап өту (жалтару, финт, соққы);

- әріптесіне дәл доп беру.

Үлкен бос кеңістік. Алаңды бөлу үшін конустар және бірнеше футбол доптары. Допты беруге сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=kWzsrTZnqMA

Үлкен бос кеңістік. Әрбір іс-әрекет үшін керекті құрал-жабдықтар: ысқырық, секундомер, футбол доптары.

Сабақтың соңы

5 минут

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады.

Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді, серіктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Құрал-жабдықтарды жинау.

Сұрақ-жауаптар арқылы сабаққа кері байланыс жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Оқушылар допты игеру техникасының жұмысын бақылау.
  • Жеке оқушылардың физикалық көрсетілімінің сапасы.

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу.

Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу