Қауіпсіздік техникасы. Ойын жағдайында допты басқару техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация. 1 сабақ.


7-бөлім: Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы.

Ойын жағдайында допты басқару техникасы

Оқу мақсаттары:

9.3.4.4 Денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, қауіпсіздік техникасын, сондай-ақ денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу;

9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды;

- оқушылар футбол доптарын алып жүру кезінде меңгерген техникасын көрсетеді.

Футбол ойынының техникасы

Футбол ойыны– бұл алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ойын кезінде қолданылатын арнайы әдіс-тәсілдер жиынтығы. Олар екі негізгі топқа бөлінеді: допсыз орындалатын техникалық тәсілдер (ойыншылардың қозғалу әрекеттері) және доппен орындалатын техникалық тәсілдер. Жалпы алғанда, футбол техникасы күрделі де, сан-қырлы әрекеттерден тұрады.Техникалық әдіс-тәсілдер келесі реттілікпен үйретіледі: тәсілдермен жалпы таныстыру; тәсілдерді қарапайым, жеңілдетілген жағдайда үйрету; тәсілді күрделі, қиындатылған жағдайда үйрету; тәсілдерді бекіту.Ойын тәсілдерін түрлі әдістермен үйретуге болады.

«Тек бір минут» стратегиясы

Оқушылар жұпта футболшының техникасын талқылайды.

Бағалау: мұғалімнің бақылауы арқылы өтеді.

Тапсырма №1

Оқушыларға алаңда доптармен емін-еркін қозғалу тапсырмасы беріледі, содан кейін тапсырма күрделеніп футболшының арнайы жаттығуларын орындайды:

Допты алып жүру;

Допты бір-біріне беру;

Конустарды қиғаштап айналып өту.

Тапсырма №2

Оқушылар допты иелену техникасын жетілдіруде, ойын жағдайларында әртүрлі күрделі маневрлерде жаттықтыру үшін жұппен жұмыс істейді. Бір ойыншы қорғаушы, ал екіншісі шабуылшы. Шабуылдаушы ойыншы қорғаушы ойыншының жанынан өту үшін алдау қозғалысын (жалтару, финт, соққы) орындайды. Ойыншылар кезек бойынша рөлдерін ауыстырып қорғаушы және шабуылшы болады.

Бағалау:

Дескриптор:

- оқушылар қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды;

- алаң бойынша емін-еркін қозғалады;

- өзінен допты алысқа жібермей орындайды.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Мұғалім сұрақ қояды: допты жүргізген кезде қандай дене сапалары дамытылады?

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық ерекшеліктері бойынша:

ұлдар жоғары салмақ түсіріп орындайды;

қыздар аз жүктеме түсіріп орындайды;

б) физикалық қабілеттер бойынша:

қабілетті оқушыларға қозғалыс дағдыларын кеңейту үшін неғұрлым күрделі жаттығулар беріледі;

неғұрлым қабілетті оқушылар аз қабілетті оқушыларға қолдау көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу