Қауіпсіздік ережесі. Доппен әр-түрлі техникалық амал тәсілдер. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 51-52 сабақ.
Денешынықтыру пәнінен қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 51-52
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім Командалық ойындардағы дағдыларды жетілдіру | IV тоқсан | |
Күні: | Мектеп:Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Сыныбы: 9 | Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Жанна Айдарбековна | |
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты | ||
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Доппен әр-түрлі техникалық амал тәсілдер | |
Оқу мақсаттары: | 9.1.5.1. Қозғалыс әрекеттері кезінде сақтандыруды және өзін-өзі сақтандыру орындау 9.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін көрсету | |
Бағалау критерийлері: |
| |
Тілдік мақсат | Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: командалық ойындардағы қозғалыс дағдылары мен физикалық қасиеттерді талқылай, көрсете алады. Пәндік лексика және терминология Мыналардықамтиды:
Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарды дарыту: | Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |
Пән аралық байланыс: | Физика (жаттығуларды орындау барысында аяқ-қолдың икемділігін анықтайды) | |
Акт қолдану: | Тақырып бойынша жаттығулардың немесе әдістердің орындалуын көрсету. Басқа елдің үздік спортшыларын таныстыру немесе атап айту | |
Бастапқы білім: | Оқушылар қозғалыс ойындарын оқу кезінде ойын кеңістігінде бағдарлануды жақсартумен жұмыс істейді. Тактикалық даярлықты жақсартумен жұмыс істейтін оқушылармен ойын арқылы оқуға ерекше назар бөлінген. Оқушылар әр түрлі рөлдерде болады: ойыншылар ретінде (шабуылдаушы, қорғаушы), төреші және ойынды құраушылар ретінде. Ойын кезінде және ойыннан кейін олардың өзіндік және командалық ілгерілеу туралы ойлану мүмкіндігі болады. |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | |||||||||||||
Сабақтың басы: 15 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Үлкен шеңбер бойына тұрып, ЖДЖ орындау. ЖДЖ түрлері 1. БҚ АИК қол белде Санақ 1-4 басты оңға айналдыру Санақ 5-8 басты солға айналдыру 2. БҚ АИК қол желкеге қайшылаймыз Санақ 1-2 кеудені оңға бұрамыз Санақ 3-4 кеудені солға бұрамыз 3. БҚ АИК оң қол жоғарыда Санақ 1-2 қолды түзу артқа кереміз Санақ 3-4 қолды ауыстырып кереміз 4. БҚ АИК қол белде Санақ 1-4 белді оңға айналдырамыз Санақ 5-8 белді солға айналдырамыз 5. БҚ АИК қол белде Санақь 1 оң аяққа еңкею Санақ 2 ортаға Санақ 3 сол аяққа еңкею Санақ 4 БҚ қол белде 6. БҚ АИК қол белде Санақ 1-2 оң аяққа отырамыз Санақ 3-4 сол аяққа отырамыз 7. БҚ АИК қол белде Санақ 1-4 оң аяққа секіреміз Санақ 5-8 сол аяққа секіреміз | Бос кеңістік, түрлі түсті конустартар, мұғалім үшін ысқырық ЖДЖ орындау кезінде барлығы бірдей санақ бойынша орындау керек. Жаттығуды орындау барысында аяқ-бұлшық еттерін толық қыздыру. Таза ауада ара-қашықтықты сақтап, дене жаттығуларын жақсылап жасап, орындау. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 50 минут | Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру. Яғни, командалық ойындар бөліміндегі ҚЕ таныстыру, жабдықтармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздікті ескеру, бір-біріне көмекпен жұмыс жасауды түсіндіру. Тапсырма Футбол ойыныдағы допты тебу, беру әдістерін үйрену Екеуден немесе үшеуден допты бір-біріне тебу әдістерін жаттығу. (Б, Т, К, Ф) Барлық ойыншылар 5 адамнан топтарға бөлінеді. Ойнаушы оқушылардың әрбір бестігі үшін алаңның төрттен бірі бөлінеді. Өз алаңының шегінен шығуға болмайды. Команда ішінде: біреуінде 3 ойыншы – шабуылдаушылар, басқасында 2-еуі – қорғаушылар. Шабуылдаушылар футбол добын аяқтарымен бір-біріне бере отырып, допты барынша ұзақ ұстап қалуға тырысады, ал қорғаушылар допты иеленуге тырысады. Допты беру кезінде қателік жасағанда буылдаушы қорғаушымен ауысады. Оқушы қажеттілігіне қарай спорттық ойындарды ойнату. Волейбол, баскетбол, футбол | Бос ойын кеңістігі, футбол доптары, ысқырық, фишкалар, бор, конустар. | |||||||||||||
Сабақтың соңы: 15 минут | Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушымен рефлексия
| Ашық сұрап-жауаптар | |||||||||||||
Үйге тапсырма | Дене қабілеттерін дамыту жаттығулары. | ||||||||||||||
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Бөлімге байланысты тапсырмаларды орындауда жеңілінен күрделісіне қарай тапсырманы ұйымдастыру және орындаған тапсырмаларға саралау жүргізу. Білім алушының икемділік дағдыларына қарай тарпсырмалар құрастыру. | Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау, мақтау сөздері арқылы әр-бір іс-әрекетті бақылап, бағалап отыру. Осы бөлімде оқушылар футбол және командалық ойындардағы түрлі жаттығулар орындайды, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы жақсартады | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін бақылайды және кері байланыс береді. . | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? | |||||||||||||||
2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | |||||||||||||||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | |||||||||||||||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? | |||||||||||||||
Жалпы оқушыларды бағалау: | Оқушылар өздері құған жауап әрекеттерінің алдын алу/қарсыласу тәсілдерін әзірлеп, талқылайды, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалайды. Сұраңыз: Жылдамдықты немесе бағытты өзгерту неліктен сендерге қорғаушыдан айырылуға көмектесетінін айта аласыңдар ма? Сендер пайдаланған басқа тактикалық әрекеттер неліктен жақсы іске асты? | ||||||||||||||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) Мысалы: 1 Командалық ойындар тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады. 2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды. | |||||||||||||||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) Мысалы: Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау | |||||||||||||||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?