Ойындардағы көшбасшылық және командалық әрекеттер. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-4 сабақ.


Сабақ жоспары № 3-4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Мектеп: ______________________

Сынып; Күні. Мұғалімнің аты-жөні:

_________ Қатысқандар саны: _______

Қатыспағандар саны: _______

Сабақ тақырыбы

Ойындардағы көшбасшылық және командалық әрекеттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1. Көшбасшылық және командалық жұмыс дағдыларын бағалау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар волейбол ойынында командалық шабуылдау әдістерін дамытады.

Бағалау критерийлері

  • Волейбол ойын қауіпсіздік ережелерін біледі.
  • Волейбол ойынында жұптық және топтық командалық жұмыс дағдыларын көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Бірнеше топқа бөлу санау арқылы

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады, Пәнге тән лексика мен терминология:

  • қабылдау, беру
  • лақтыру, пас, шабуыл соққысы
  • шабуыл, қорғаныс, нақтылық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Қорғаныстағы ойынды қай стратегиялар жақсарта алады?
  • Қандай іс-әрекет арқасында және қалайша топ ойынды тиімді өткізіп, жеңіске қол жеткізе алады?

Құндылықтарды дарыту

 

Теориялық білімдерін жетілдіру, тәжірибелік қабілеттерін тәрбиелеу.

Бұлшық еттерін шынықтыру және созу

Пәнаралық байланыстар

Биология пәні: Дененің қызуы, жүрек соғысы жиілігін байқау.

АКТ қолдану дағдылары

Спорт залы, алаң, доптар.

https://www.youtube.com/watch?v=VhV8HoZ4HTw

Бастапқы білім

Волейболда ойынында шабуылдау әдістерін дамытады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушыларды сыни ойланту арқылы сапқа тұрғызу.

2. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

2.Саптық жаттығуларды орындау

3.Жалпы дамыту жаттығуы

Арнайы жүгіру жаттығулары:

  • Оң жақ қырымен қолды айландырып жүгіру
  • Сол жақ қырымен қолды айландырып жүгіру
  • Тізені алдыға көтеріп жүгіру
  • Аяқты артқа сермеп жүгіру
  • Бір аяқпен секіру оң және сол
  • Отырып секіріп бару

Арнайы бой қыздыру жаттығулары:

- Жалпы дамыту жаттығуын жасату. 

- Созылу жаттығуларын орындау

- Аяқты созу (растяжка)

Бос кең алаң, ысқырық, волейбол добы, конустар.

Сабақтың ортасы

Оқушылар жұпта арнайы жаттығу түрлерін орындайды.

(Ұ, Ж) Оқушылар жұптарға бөлініп, допты жоғарыдан соғып беру және төменнен қабылдап алу техникаларын бойынша жаттығады. Содан кейін жұпта допты беріп, қабылдау дағдысы сетка арқылы ойнау арқылы шыңдалады.

Допты төменнен қабылдауда аяққа отырып, қолдың білегін түзу ұстау арқылы допты қарсыласына беру.

Дескрипторы:

- Аяққа сәл иілген, білегін түзу ұстау.

-Аяқпен серпілу арқылы допты төменнен білекпен алу

-Иық сәл ішке иілген, білезік сәл төмен қарау керек.

Бағалау критерийлері: Волейболда жұптық жұмыс дағдыларын дамытады. Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

(Ұ, Т, Қ) Оқушылар жеке торға қарап, шабуылдайтын қатарға тізбектеліп тұрады. Бір ойыншы үшінші зонада тұрады. Доп қатарды бастап тұрған оқушыда болады. Мақсат допты үшінші зонада тұрған ойыншыға беру, одан кері 4 зонаға алу және шабуылдаушы соққы жасау. Бірінші ойыншы үшінші зонаға өтеді, ал оған дейін сол жерде тұрған ойыншы допты ұстап алу керек ойыншының орнына өтеді және тсс. Бағалау критерийлері: Командалық топтық жұмысты дамытады. Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

Оқушылар екі жақты ойын әдістері арқылы допты төмен және жоғарыдан қабылдау, зоналарда шабуылдау командалық ойын әдістерін дамытады.

Спорт залы, алаң, доптар.

Дене шынықтырудағы қозғалыс ойындарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=VhV8HoZ4HTw

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар сабақта соңында өздері бүгінгі сабақтан не үйренді, не білді, нені үйренгісі келеді сол туралы «табыс» ағашы бойынша рефлексия жүргізіледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұмыстары:

Оқушыларды дене дайындығына байланысты саралау.

  • Дене дайындығы қажет ететін оқушылар

  • Дене дайындығы жоғары оқушылар.

  • Сабақтан босатылған оқушылар постер немесе презентация жасап қорғайды.

Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы «Бағдаршам» әдісі қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Стикерлер жинап, арқылы оқушы жұмыстары бағаланып, мұғалім керібайланыс берді. (Ұ, Т, Қ) (Ұ, Ж) жүзеге асырылды.

Өзара бағалау

Жұптық бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Кім жылдам ойыны

Бейне жазба материалдар

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесін үнемі мұқият сақтау.

Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарға тиіспеу.

Оқушылар гимнастикалық жаттығуларды дұрыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу