Ойындардағы командалық қызмет және көшбасшылық. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ойындардағы командалық қызмет және көшбасшылық | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.4.1 денсаулықтың, қауіпсіздік техникасының күрделі мәселелерін, сондай-ақ денсаулыққа ықтимал қауіп-қатерлерді төмендету тәсілдерін түсіну және сипаттау. | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар ТБ біледі, сондай-ақ ойын жағдайларына байланысты тәуекелдерді түсінеді Командалық ойындарда көшбасшылық қасиеттерді қолданады | |||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар волейбол ойынында қабылдау дағдыларын көрсете алады Командалық ойындарда көшбасшылық қасиеттерді қолданады | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| тактика –тактика -tactics шабуыл –нападение -attacks қорғаныс-защита –protection лидер-көшбасшы- leader | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, ынтымақтастық, патриотизм | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта АКТ қолдану планшет, ноутбук, гаджеттер қарастырылған. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың дене шынықтыру сабақтарында, сондай-ақ сабақтан тыс әрекеттерде алдыңғы сыныптарда алған командада жұмыс істеу дағдылары мен әлеуметтік дағдылары бар. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин 5-10 мин | Сәлемдесу. Активити: «Крест және Нөликтер ойыны» коллаборативті орта құру үшін. Сабақтың тақырыбымен, бағалаудың мақсаттары мен критерийлерімен таныстыру, Денсаулығына байланысты босатылған оқушылар өз бетінше презентация жасайды, сабақ соңында қорғайды. "Оқушылардың денсаулығын жақсарту үшін Волейбол қандай рөл атқарады?" Арнайы жүгіру жаттығулары Көңілді жүгіру Оң және сол жақ бүйірімен жүгіру Жамбастың жоғары көтерілуімен жүгіру Жіліншікті артқа көтеріп жүгіру. Бір аяқпен секіру (оң және сол аяқпен) Орнында жалпы дамыту жаттығулары Арнайы дайындық жаттығулары , қимыл қозғалысты жақсартатын жаттығулар. | Әр қызмет түрі үшін үлкен, еркін кеңістік конустар , фишкалар , ысқырық, секундомер | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10-20 мин | Оқушылар жұппен жоғарыдан және төменнен қабылдау және беру әдістерін дамытады. Екі жақты ойын: Оқушылар «Екі капитан» стратегиясы арқылы тең екі командаға бөлінеді. Ойын барысында оқушылар өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, стратегия - тактикасын және бірлескен командалық қызметін көрсетеді. ДЕСКРИПТОРЫ
| Әр қызмет түрі үшін үлкен, еркін кеңістік конустар , фишкалар , ысқырық, секундомер | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сұрақтар түріндегі кері байланыс: * Кім көшбасшы бола алады және нұсқауларды бере алады • * Осы ойында сіздің команда қандай тактика мен стратегияны қолданды? Оқушыларға диалог түріндегі кері байланыс. "Екі жұлдыз және бір тілек" түрінде оқушылардың өзара бағалауы» | Әр қызмет түрі үшін үлкен, еркін кеңістік конустар , фишкалар , ысқырық, секундомер | ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Оқушыларға деңгейіне байланысты тапсырмалар беру Тапсырмаларды оқушылардың физикалық қасиеттерін ескеру керек | Бағалау бағдаршам стратегиясы арқылы Бағалау сабақта өзін –өзі бағалау, жұптық бағалау және топтық бағалау жүреді | Қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?