Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация. 1-2 сабақ.
9-сынып
№5 бөлім Командалық ойындардағы бірлескен оқыту
Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар
Сабақтың мақсаты:
9.2.2.1. Бірлескен жұмыстағы жеке дағдыларды салыстыру
9.2.1.1 Орындалатын тапсырмалардағы қолданатын әр-түрлі рөлдерді салыстыру
Бағалау критерийлері:
Спорттық ойындар бөлімінің қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
Орындалатын тапсырмалардағы рөлдерді қолданады;
Үнемі қозғалыста болып жаттығулары орындайды.
БӨЛІМГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ
Оқушылардың алддыңғы сыныптар мен сыныптан тыс жұмыстардан алған топтық ойындар туралы білім мен дағдылары бар.
Топтық ойындар арқылы оқушылар біріккен жұмыс дағдыларын дамытады және ойын кезінде өздерінің когнитивті ойлауы мен түсінуін шоғырлайды. Олар спорттық ойындар арқылы тактикалық біліктілікті, шешім жасау мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытады.
Берілген бөлімде оқушылар шешім қабылдау мен проблемларды шешу кезінде өздерінің тактикалық біліктілік туралы білімі мен түсінішілікті жақсартады. Бұм мүмкіншілік мұғалім мен оқушылар басқаруымен жеке-бас, жұптық және топтық тапсырмалар негізінде іске асады. Оқушыларда келесі мүмкіндіктер бар: өздерінің қозғалыс дағдыларын жақсартуға; ойындағы тактиканы жақсарту үшін ойын комбинацияларын зерттеп, жаңажан құру; өздерінің және басқа оқушылардың прогрессіне көңіл бөлу.
Спорттық және қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері.
1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР.
1. Спорттық және қозғалмалы ойындарға техника қауіпсіздік ережелерімен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен және денсаулығы бойынша оқушылар катыса алады.
2.Спорттық және қозғалмалы ойындар өткізу кезінде ойын ережелерін бұзбау керек
3. Спорттық және қозғалмалы ойындар өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
· соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
· ойын шартын бұзған кездегі алған жарақаттар;
· құлаған кездегі алған жарақаттар.
4. Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден тренер- мұғалімге және кураторға бірден ескерту қажет.
5. Спорттық және қозғалмалы ойындарға міндетті түрде спорттық киімдермен және табаңы тайғанамайтын спорттық аяқ киіммен қатысу керек.
6. Ойынды тек қана тренер-мұғалімнің командасымен баста және аяқта.
7. Ойын кезінде ойын ережесін қатаң сақта.
8. Спорттық құралдарда немесе бұйымдарда ақау бар екендігін байқасаңыз, ойынды тоқтатып және тренер – мұғалімге ол туралы ескертіңіз.
Волейбол (ағылшАғылшын тілі.Ағылшын тілі volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — спортСпорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет.
Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.
Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.
Ойын алдындағы арнайы жаттығулар
Алдымен денені ЖД жаттығулары арқылы жақсылап қыздырып алу
Доппен астынан, үстінен қабылдау бойынша жұмыс жасау
Допты ойынға қщосу әдістеріне жаттығу:
Астынан;
Үстінен;
Жанынан;
Секіріп ойынға қосу түрлері
Оқу мақсаты бойынша үй жағдайына арналған тапсырмалар:
Бөлім бойынша мағлұматты игеру;
Спорттық ойындар бөлімінің қауіпсіздік ережесімен танысу;
Үнемі қозғалыста болып, жалпы дамыту жаттығуларының түрлерімен күнделікті шұғылдану;
Арнайы жаттығу түрлерімен, доппен жұмыс жасауды аулада немесе спорт залдарында бір мезгіл орындау.
Дескрипторлар:
Оқушының бөлім бойынша мағлұматы бар;
Спорттық ойындардың қауіпсіздік ережесімен танысқан;
Жалпы жамыту жаттығу түрлерімен күнделікті айналысады;
Берілген тапсырмаларды үй жағдайында орындап көрсетеді.
Бағалау. Сабаққа рефлексия
Оқушыларды үнемі қолдап, ынталандырып отыру;
Үй жағдайында дене шынықтырумен айналысу кезінде қауіпсіздікті жие ескеріп, сергек жүрулеріне көмектесу;
Тапсырмаларды орындап жіберуде, кері байланыс арқылы оқушыларды ынталандыру, қолдау;
Оқушы жалықпайтындай атмосфера құру;
Оқушыға үлгі боларлықтай, мектеп сайттарына түрлі сауықтыру жаттығуларын жүктеп отыру.
Жаттығуларды орындауға дайын сілтеме:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?