Кедергілерден өтудегі арнайы спецификалық жаттығуларды жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

5-бөлім – Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы

Сабақ тақырыбы: Кедергілерден өтудегі арнайы жаттығулар

Оқу мақсаттары: 9.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін көрсету

9.2.2.1. Бірлескен жұмыстағы жеке дағдыларды салыстыру

Сабақ мақсаттары

  • 1 Оқушылардың төзімділік қаблетін және дене қасеттерін дамытуды ұйымдастыру
  • Алма кезек екі адымды жүріс және алма кезек төрт адымды жүріс техникасын жетілдіру
  • Кедергілерден өтудегі арнайы қозғалыс әрекеттерін көрсету.

Шаңғы тебу тәсілдерінің негіздері

Шаңғы тебу тәсілдеріне қойылатын талаптар

Шаңғы тебудің мақсатқа сәйкес тәсілдері деп шаңғышы ең тиімділік қозғалысты қолға келтіретін қозғалыс жүйесін түсінеміз. Шаңғы тебу тәсілдері спортшының физикалық қасиеттерінің даму дәрежесімен, тыгыз өзара байланысты және осы қасиеттердің толық көрінуіне көмектесу керек Шаңғы тебу тәсілдері әрқашан да нақты болады және уақыт, кеңістік және диалектикалық сипаттамалармен белгіленеді.

Шаңғы тебу тәсілдерінің табиғи, тиімді, үнемді, тұрақты және көп әдісті болуы керек. Тәсіл тиімділігі, әрбір нақты жағдайда ең көп жұру шапшаңдылығын қолға келтіруге мүмкіншілік беретін жылжымалы қозғалыстың жүзеге асатындығымен белгіленеді.

Шаңғышы кезек-кезегімен кұш алып жылжып және сырғанап, іс жұзінде жұмыстың күш-куатты және біршама пассив қозғалысты алмастырады. Шаңғы тебу циклдерінің біршама пассив уақытындағы негізгі міндет тек қана босаңсу емес, сонымен бірге сырғанау жылдамдығының азаюына жол қоймастық болып табылады. Шаңғышы сырғанау сатысында сыртқы және ішкі күштердің өзара әрекет жасауын қамтамасыз етуі және жылдамдықты сақтау үшін мақсатқа сай қозгалуы керек. Ол үшін дененің теңселуін тоқтатып, бір шаңғыға түсетін дене салмағын екіншісіне бір калыптылықпен ауыстыру және күш алып жылжыган кезде кеуде және қолмен белсенділікпен жұмыс істеу керек.

Шаңғы тебу тәсілдері жеткілікті. Олардың кейбіреулерін көп қолданады, кейбіреуін аз. Қозғалу мүмкіншіліктерін кеңейту және техникалық шеберлікті арттыру үшін спортшьның барлық тәсілдерді үйренуі қажет.

1.аяқ қажалма үшін аяқ киім аяаққа шақ болу керек.

2.аяазды күні үсік алған жерді байқасаң ,ол жерді қармен қызарғанша уқалау керек.

3.Егер сабақ жарыс кезінде түрлі себептермен жарыс жолына шығып кеттсе мұғалімге немесе

торешіге хабар беру керек.

4.шаңғы теуіп келе жатыпжолдасыңның артын басып кетпе.

5.ара қашықтықты сақтау керек.

6.төбенің етегінде тоқтап тұруға болмайды.

7.қатты аяз кезде дененің ашық жерлерін май жағып қою керек.

Ескерту . егер дененің салмағы мен биіктігі сәйкес келмесе өзгерістер жасалады. Мысалы.

Дененің ұзындығы 170 см салмақ 60 кг болса шаңғының ұзыдығы 205 см болу мүмкін, ал дененің

ұзындығы 170 см болып салмағы 60 болса ,онда шаңғының ұзындығы 210 см болуы тиіс.

Шаңғымен жүру тәсілдерінің ішіндегі негізгісіне тоқтала кетейік.

Ауыспалы жүріс және оның техникасы.

Ауыспалы жүрістің негізіне сырғанау адымдары жатады

Шаңғышы аяқпен және қолындағы таяқпен ауыспалы түрде итеріле отырып, бірде сол аяқпен ,бірде оң аяқпен сырғанайды. Бұндай жүрістің ауырлығы көбінесе аяққа түседі.ауыспалы жүріс сырғанау адымдарына байланысты –екі адым және төрт адым болып бөлінеді.оның ішіндегі көп тарағаны ауыспалы екі адымды жүріс.ауыспалы төрт адымдыжүріс – төрт сырғанау адымымен ,қолмен екі итерілістен тұрады.1 ші екі адымға шаңғышы кезегімен таяқты алға шығарады. 3-ші және 4 ші адымға таяқпен ауыспалы екі итеріліс жасайды.ауыспалы төрт адымды жүріс таяқпен итерілу қиындағанда, сырғанау нашарлағанда терең әрі жұмысақ қарлы жерлерде қолданылады.

  • Бір мезгілдегі бір адымды жүріс.

Бұл жүріс жарыс кезеңдерінде, жақсы тегістелген шаңғы жолдарында, жазық жерлерде қолданылады.бір аяқпен сырғанау және бір мезгілде екі таяқпен итерілу бір мезгілді бір адымды жүрістің негізі болып табылады.

  • Шаңғымен еңеске түсіу.

Ылдиға түсу кезінде шаңғышының күші дененің қалпынауыстырып отыруға, тепе-теңдікті сақтауға, ауыстырып отыруға, жазық немесе жазық емес жерлерден өтуге және бағытты өзгертуге кетеді.Бұл әдіс қатты жылдамдықта орындалатын болғандықтан, шаңғышыдан батылдық, тапқырлық, күштілік, жылдамдық және тепе теңдікті сақтау талап етіледі.қозғалыс кезіндегі шаңғымен бұрылу жазық жерлерде аяқты көтеріп қою арқылы ылдиларда аяқты кезегімен қою арқылы және қатар келе жатқан екі шаңғымен қисаю арқылы бұрлыстар орындалады.

Аяқты кезегімен қойып бұрылу жазықтау еңістер мен тегіс жерлерде орындалады.бұл барлық бұрлыстардың ішінде ең бір жылдамдықты көбейтетін бұрылыс.

3.Конькише жүріс

Аттап басу арқылы бұрылуды үйрену немесе сырғанауда күшалып жылжуды жеңілдететін конькише жүріс бұрыннан жақсы мәлім және шаңғы спорты тәжірибесінде қолданылады.

4.Өрге шығу әдістері.

Өрге сырғанап шығу кезінде алма-кезек адымдап жүру тәсілімен салыстырғанда, кеуде көп еңкейеді адым ұзындығы аздап азаяды,қолмен итеру әрекеті бір мезгілде аяқпен күш салып жылжу әрекетіне сай келеді.қолмен аяқ қимылында амплитуда азаяды. Шаңғышы осы кезде бірден күш салыжылжу аяқталысымен, тағы қолмен сермеп ,аяқпен итеріп, алға жүреді.бір қолдың жұмысы уақытыекінші қолмен итеріп жүру әрекетіне үйлеседі, сол үшін төбенің тіктігі артқан сайын шаңғышы таяқа сүйенеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу