Қауіпсіздік ережесі. Денені қыздыру және қалпына келтіру әдістерінің кешенін құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кросс дайындығы мектеп:

Мерзімі: мұғалім:

Сынып: 9 қатысқандар: қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Денені қыздыру және қалпына келтіру әдістерінің кешенін құрастыру

Оқыту мақсаты

9.3.4.1 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу

Сабақ мақсаты

Арнайы дене қыздыру және қалпына келу жаттығулар кешенін құрастыру

Бағалау критериі

  • Дене қыздыру жаттығулар кешенін құрастырады,түсіндіреді;
  • Дене қыздыру жаттығулар кешенін орындайды;
  • Жаттығулардың денсаулыққа әсерін талқылайды;
  • Жаттығудан кейінгі қалпына келу тиімділігін бағалайды;

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Физикалық жаттығулардың төзімділік пен денсаулықты нығайтуға қаншалықты әсер етендігін сипаттау, көрсету, талқылау.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • жүрек соғысының жиілігі (ЖСЖ);
  • демалыс кезіндегі, жұмыс кезіндегі, қайта қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы
  • жүрек-қантамыр жүйесі
  • қиындықтар мен тәуекелдер
  • денені даярлау, қалпына келу техникасы

физикалық қасиеттері: күш, жылдамдық, икемділік, төзімділік, ептілік

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Түрлі деңгейдегі жаттығулар жүрек соғысының жиілігіне қалай әсер етеді?
  • Физикалық жаттығулар сіздің көңіл күйіңіз бен сезіміңізге қалай әсер етеді?
  • Бұлшықет тартылғанда өзіңізді қалай сезінесіз?
  • Қандай жаттығулар шыдамдылықты арттырады?
  • Кросс даярлығында өзін өзі сақтандырудың қандай әдістерін біліп, қолдану қажет?

Құндылықтарды дарыту

• Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

• Оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, үйренген дағдыларын күнделікті қолдануға ынталандыру;

Пән аралық байланыс

Биология (жүрек қантамыр жүйесі,жүрек соғысының жиілігі) физика - жылдамдық

АҚТ – ны қолдану дағдылары

Алдыңғы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс іс-шаралар барысында алған білімдерін жетілдіреді жылдамдық-беріктікті даярлау және төзімділік туралы білімдері мен дағдылары бар.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен және жетістік критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Сыныптың сабақ жүктемелерін орындау алдындағы көңіл күйлерін көтеру мақсатында «Жер, ауа, от, су» ойынын ойнату .Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар аталған зат есімдерді дене қимылдары арқылы келтіру керек.Ауа. Оқушылар терең тыныс ала бастайды және оқушылар ауаның дененің әр мүшесіне жеткендігін сезінуі керек. Оқушылар бір екі рет өз бетінше есіней бастайды осыдан кейін табиғи есінедің де болуы мүмкін.Есінеу ол адам ағзасындағы оттегінің жетіспеуін толықтыру сол себептен де есінеу адам ағзасына пайдалы

Жерөзімізді еркін сезіну ұшін біз жермен тығыз байланыс орнатуымыз керек. Оқушылар мұғаліммен бірге бір орында тұрып еденді қаттырақ басу , жүру, орнында тұрып айналу, жоғары секіру арқылы өзімізде аяқ бар екенін және осы дене мүшесі арқылы өзімізге деген сенімділіктің бар екенін сезіну.

Отоқушылар осы сөзді естісімен қолдарымен денелерімен, аяқпен белсенді қимылдар жасай бастайды , оттың жалынын салып.Мұғалім оқушылардан осы қимылдарды орындау барысында адам ағзасындағы жылу мен знергияның сезінуін

СУ -  оқушылар осы сөзді естісімен тұрған жерлерінің бассейінге айналғандығын елестетіп қолмен аяқпен , иықпен, тіземен ,шынтақпен еркін баяу қимылдар жасай бастайды буындардың жұмыс істеуін қадағалау.Егерде мұғалім өзі осы жаттығуларға қатысса сыныптағы ұяң ұялшақ өзіне сенімсіз оқушылардың ойынға белсенді араласуына түрткі болады.

Жүгіру жаттығулары – 3 – 4 минут бірқалыпты жүгіру

Жүру – тыныс алу жаттығуларын орындау

Орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары (6 -7 жаттығу)

Оқушыларға сұрақ:

Түрлі деңгейдегі жаттығулар жүрек соғысының жиілігіне қалай әсер етеді?

Презентация және бейне көру.

Мұғалімге ысқырық секундомер конустар эстафеталық таяқшалар

Сабақтың ортасы

  • Сабақтың тақырыбын, оқыту мақсаты мен сабақ мақсатын оқушының есіне салу
  • Оқушыларды екі топқа бөлу – бірінші екіншіге саналту арқылы, топқа бөлу. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Тапсырма 1

1 топтың тапсырмасы - кросстық дайындықтағы арнайы дене қыздыруға байланысты жаттығулар жинағын құрастыру

  • топтың тапсырмасы – Дене қыздыру жаттығуларын орындаудан кейінгі ағзаның қалпына келу тәсілдерін түсіндіреді,көрсетеді

Топ жетекшілері өз топтарының құрған жаттығуларын сынып оқушыларымен орындайды

Дескриптор:

  • дене қыздыру жаттығулар жинағын құрастырады;

көрсетеді;

  • жаттығуларды орындауда қауіпсіздік ережесін сақтайды
  • жаттығудан кейінгі ағзаның қалпына келу тәсілдерін түсіндіреді,бағалайды

Оқушылардан сұрау: Кросс даярлығында өзін өзі сақтандырудың қандай әдістерін біліп, қолдану қажет?

Формативті бағалау – бақылау парағы,сұрақ- жауап

Тапсырма №2 « Шабуылдау» - ойыны (Т)

 Оқушылар бірдей екі топқа бөлінеді. Екі топ бір біріне қарама қарсы сөре сызығына орналасады. Бірінші топ жоғарғы сөре қалпын ұстайды, ал екінші топ «шабылдаушы» бір бірінің қолдарынан ұстап, бірінші топқа қарай жүреді. Бірінші топқа 5 – 6 қадам қалғанда мұғалімнің белгісі бойынша шабуылдаушы топ қолдарын жіберіп өз үйлеріне қарай жүгіреді.Бірінші топтың мақсаты екінші топты үйлеріне жеткізбей ұстап алу.келесі кезекте топтар рөлдерімен ауысады. 6-7 жүгіруден кейін жеңімпазды анықтайды.

Дескриптор:

  • жылдамдық дағдыларын көрсетеді;
  • ойын ережесін орындайды;
  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Тапсырма №3 Мұғалімнің тапсырмасы бойынша жұмыс жасау.

Жүгіру мен жүруді алмастыру (жаттығуды орындаудың жалпы ұзақтығы 1500м құрайды) ұлдар – 200м жүгіру,200м жүру,4х300м жүгіру 200м жүру (жүгіру кезінде әр 100м 25-27 сек өту); қыздар – 200м жүгіру, 200м жүру,3х400м жүгіру,200м жүру(жүгіру кезінде әр 100м – 33-35 сек өту)

Дескриптор:

  • жаттығуды орындайды;
  • төзімділік қабілетін дамытады.
  • Өзінің жұмысын бағалайды

Оқушылардан сұрау: Физикалық жаттығулар сіздің көңіл күйіңіз бен сезіміңізге қалай әсер етеді?

жаттығуларды орындау үшін кең таза кеңістік,

үлестірме материалдар

Сабақтың соңы

Жұмыс орнын жинастыру . Оқушыларды тынықтыру мақсатында «сынып» ойынын ойнату. Ойын ережесі - егер мұғалім көрсекен қимыл қозғалысқа «сынып» сөзі қосылып айтылса ,оқушылар орындайды,егер «сынып» сөзі айтылмаса ештеңе орындамайды. Қате жіберген оқушы бір қадам алға шығады, осылай ойын жалғаса береді.

Сабақты қорытындылау: Оқу мақсатына жетуі бойынша оқушыларға кері байланыс беру

Үй тапсырмасы 6-8 жаттығудан тұратын жалпы дамыту жаттығулар кешенін құрып келу

Рефлексия:

Не білдім,неге үйрендім?

- Не түсініксіз болды?

- Қандай қабілетті дамытуға жұмыс жасауым керек?

Кері байланыс парағы

Түрленім – көбірек көмек беруді қалай

жоспарлайсыз?

Көбірек қабілетті оқушылар үшін

жаттықтыруды қалай

жаттығулар жиынтығын орындауды Әр оқушы дене қабілетінің дамуына және мүмкіндігіне қарай орындайды.

Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Сұрақ –жауап ;бақылау; өзін өзі бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерікросс дайындығы сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Оқу ортасы қандай болды?

Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма?

Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қалыптастырушы бағалау парағы № ____________

Сынып: _____

Мерзімі:__________

Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Арнайы дайындық жаттығулары

Оқу мақсаты: 9.1.5.1. Қозғалыс әрекеттері кезінде сақтандыруды және өзін-өзі сақтандыруды орындау

9.1.4.1. Белгілі бір қызмет түріне денені қыздыру жаттығулар жинағын құру

Оқушының аты-жөні

Дескрипторы

Тапсырма№ 1

дене қабілеттерін дамытуға арнайы жаттығуларды құрастырады;

құрастырған жаттығуларды орындап көрсетеді;

.жаттығуларды орындауда қауіпсіздік ережесін сақтайды

жылдамдық дағдыларын көрсетеді;

ойын ережесін орындайды;

қауіпсіздік ережесін сақтайды.

жаттығуды орындайды;

төзімділік қабілетін дамытады.

Өзінің жұмысын бағалайды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Оқушылардың білім нәтижесін бағалауда қолданатын белгі: ӨЖ - (өте жақсы) Ж(Жақсы() Қ- (оқушымен жұмыс жасау керек)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу