Қауіпсіздік ережесі. Арнайы дайындық жаттығулары. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 бөлім: Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы

Мектеп:

ФМБ НЗМ Қостанай қаласы

Мерзімі:

18.02.2019

Мұғалім:

Сейлханов М.Қ.

Сынып:

9

Қатысатындар саны:

Сабақта Жоқ:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі

Арнайы дайындық жаттығулары

Сабақтың мақсаты

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1. Қозғалыс әрекеттерін орындаған кезінде сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды орындау

Жетістік критерийі

Барлық оқушылар үйренеді:

Қауіпсіздік техникасын біледі. Бір-бірлеріне құрметпен қарайды, Спорт ойындары жайлы түсініктер қалыптасады.

Басым көпшілігі үйренеді:

Қашықтықтар түрін анықтай алады, қашыққа жүгіре алады.

Кейбіреуі үйренеді:

Берліген жүгіру түрлерін жетілдіріп, өздерінің басқаша әдіс-айлаларымен орындайды

Командалық ойындарға назар сала алады кейбір қимыл ойындарды өз деңгейінде шапшаң орындайды.

 Тілдік мақсат

Мыналарды қамтиды:

  • қашықтық
  • Мәре
  • сөре

 Құндылықтарды

 арттыру

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

АКТ қолдану дағдылар

Бейне жазба қарау, ғаламтордан допты қабылдау, соққы жасау жазбасын қарау

Өмірмен байланыс

Оқушылар жүгіргенде жүрек-қан тамырларын жақсартады және аяқ, қол бұлшық еттерін буындарын қатайтады және оқушылардың координацияларын дамытады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, биология

Алдыңғы білім

Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру.

Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.

Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыны салу жаттығуларын орындау.

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушылар шеңбер жасап бір орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындайды. Әр оқушы екі жаттығудан көрсетеді. Жаттығуда қателік жасаса, оқушылар қателіктерін жөңдейді.

Кедергі тегергіштер, секіртпелер.

Негізгі бөлім

25 минут

Шаңғы дайындығы

(С) Шаңғы дайындығын сабақтарына арналған дене қыздыру жаттығуларын өткізеді.

1. Б.қ. – шаңғыда тұрып – аяқтар иық деңгейінде. Таяқтарға таянып, аяқты сәл тізеде бүге, кезекпен шаңғының ұшы мен өкшесін көтеру.

2. Б.қ. - шаңғыда тұрып – аяқтар иық деңгейінде. Тепе-теңдікке арналған қосымша жаттығу. Аяқтан аяққа кішкене секірулер. Таяқтар табандарымен артқа бағытталған.

3. Б.қ. - шаңғыда тұрып – аяқтар иық деңгейінде. Таяққа таянып және таянбай кезекпен аяқты оң және сол жаққа сермеу.

4. Б.қ. - шаңғыда тұрып – аяқтар иық деңгейінде.

Кросс дайындығы.

(С, Т, ҚБ) Сынып екі топқа бөлінеді. Оқушылар арнайы жүгіру жаттығуларын орындайды.

Тізені жоғары көтере жүгіру.

Тізені бүге яқты артқа сермей жүгіру.

Арқамен алға жүгіру.

Аяқтан аяққа ауысып жоғары секіру.

Төмен отырудан алға секіру.

4*60м жылдамдата жүгіру.

Қалыпқа келтіру жүгірісі төмен қарқында 200м.

Жаттығулар 1 мин демалумен кезектесе орындалады.

Үлкен бос кеңісік.

Арнайы жүгіру жаттығулары интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=iGGPRjDaQVI

Шаңғы дайындығы үшін үлкен бос кеңістік.

Уақыт өлшеуіш, шаңғы жабдықтары.

Шаңғыда сырғанау: https://www.youtube.com/watch?v=C5wfuvdj2II

Қорытыңды

5 минут

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету,мақтау мадақтау.

Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып,жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.

Өтілген сабақтың қортындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.

Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.

Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу