Зияткерлік ойындар. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 28 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дене тәрбиесі № 28

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім - Қазақтың ұлттық және халық ойындары.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып:

Оқытылу тілі: қазақша

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Зияткерлік ойындар

Осы мақсаттары

9.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін бағалау және талдай білу

9.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалау және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

  • Оқушылардың тоғызқұмалақ туралы білімін тереңдету
  • Техникалық-тактикалық әдіс-тәсілдерді жетілдіру

3. Зияткерлік ойындар арқылы оқушылардың оңтайлы қарым-қатынас және көшбасшылық дағдыларын дамыту

 Жетістік критерилері

1. Оқушылар мұғалімнің қауіпсіздік ережесіне байланысты нұсқауды тыңдайды.

2. Оқушылар ұлттық ойындар сабағында әр-түрлі қимыл әрекетке байланысты дұрыс денені қыздыра біледі.

3. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі сақтауды және өзгені сақтандыруды біледі.

4. Оқушылар ұлттық ойындарда әділ болу және бұл ойындарда адамгершілік құндылықтарды көрсету

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі:

  • Белгілі бір ұлттық ойын кезіндегі техникалық амал-тәсілдерді қалай қолдану керек екендіктерін түсінеді. Сабақ барысындағы тақырыпқа тән негізгі термин кілт сөздерді үш тілде біледі.

Терминдер:

  • Бастаушы;
  • Қостаушы;
  • Тұздық алу;
  • Ойын бастамалары;
  • Этюдтар;
  • Арт;
  • Белбасар;
  • Қанды қақпан;
  • Бел;
  • Көкмойын;
  • Маңдай;
  • Тектұрмас;
  • Атсыратар;
  • Атөтпес.

 Құндылықтарды дарыту

 Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Жүгіру немесе денені қыздыру жаттығулары кезіндегі іс-әрекеттердің жауапкершілігін түсінеді, команда болып жұмыс жасайды.

 Спорттық ойындар кезінде, әділ және таза жүгіруге ынталанады. Оқушылар бір-біріне қиянат жасап, немесе кекетіп көрсетуден аулақ болуға үйренеді. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.

 Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнедерімен байланыс. Ойынға қатысты терминдерді үш тілде білу.

Акт қолдану:

Сілтемелер бойынша материалды көрсету

Бастапқы білім

Оқушылар, бұрын үйренген жалпы дамыту жаттығуларының кешенін қайталайды, жарыс ережелерін біледі, қарсылас ойыншыларды құрметтеу, әділ ойнау, сонымен қатар, тоғызқұмалақ ойыннындағы техникалық дағдыларын іс жүзінде қайталайды, шыңдайды және көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

Құрал жабдықтар(ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Оқушылардың қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Киім киістеріне көңіл аудару. Сабаққа қаншалықты дайын болуларына көз жеткізу. Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабаққа зейіндерін аударуларына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл).

Екі топқа бөлу, денені қыздыру жаттығуларын орындау. Шеңбер жасап тұру:мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау. Еденнен созылу жаттығулары. Спорт зал бойынша айнала жүгіру жаттығуларын орындау:

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер, конустар, қаламсап, стикерлер.

Сабақтың ортасы:

30-35 мин

«Тоғызқұмалақ» ойынының негізгі тактикалық әдістерін талқылаңыздар. Ойын біткеннен кейін оқушылар өз ойындарын жақсарту үшін қолданылған әдістер мен стратегияларды талқылайды.

(П, Э) «Тұздық алу». Егер жүріс жүрілгеннен кейін тесіктердің бірінде үш тас қалса, бұл тесік «тұздық» деп аталады. Кейін осы тұздыққа түскен әрбір тас тұздығы бар ойыншының қазанына жинақталады, бірақ ойыншы 9-шы, сол секілді қарсыласы бірінші болып тұздық алған тесіктен қазан жинай алмайды.

(П, Э) «Атсырау». Егер жүрістен соң ойыншылардың бірінің барлық тесіктері бос болса, ол «атсыз қалу» деген жағдайда болады. Бұл жағдайда ол жүріс алмайды да, жаяу қалады.

Жетістік критерилері:

1. Оқушылар мұғалімнің қауіпсіздік ережесіне байланысты нұсқауды тыңдайды.

2. Оқушылар ұлттық ойындар сабағында әр-түрлі қимыл әрекетке байланысты дұрыс денені қыздыра біледі.

3. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі сақтауды және өзгені сақтандыруды біледі.

4. Оқушылар ұлттық ойындарда әділ болу және бұл ойындарда адамгершілік құндылықтарды көрсету

Ойынға арналған үлкен алаң.

Тоғызқұмалақ тақтасы мен тастары (жұп үшін).

«Тоғызқұмалақ»ойынының ережелері бойынша ақпарат: http://soyle.kz/article/view?id=176

Тоғызқұмалақ ойынындағы алуан түрлі жағдаяттар:

http://www.bilu.kz/kazah-igry.php#togyz

Сабақтың соңы:

5 мин

Осы сабақтағы жасаған жұмысқа кері байланыс, яғни бүгінгі сабаққа қойылған мақсат. Оқушылар өз топ арасындағы кері байланыс. Әрқайсысы жеке кері байланысты стикерлерге жазып, тақташаға жапсырып қояды. Үйге тапсырма осы сабақтағы көздеген мақсатқа байланысты.

Ғаламтор ресурсы.

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

  • Екі топқа бөлу, өзара көшбасшыны тағайындау
  • Оқушыларды қабілеттеріне байланысты бөлу

Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

  • Оқушыларды бағалау, көру, кеңес беру.
  • Спринттік жүгіру және мәреден дұрыс өтуге байланысты қаншалықты материалды түсінгендіктерін бақылау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

  • Арнайы спорт киімі, жай сабаққа киетін киімнен қаншалықты өзгеше және ыңғайлы.
  • Спринттік жүгіруде қандай бұлшықет жұмысы көрінеді.

Спорттың адам денсаулығына қаншалықты маңызды?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу