Дәстүрлі ойындар. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4

«Қазақ ұлттық ойындар»

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дәстүрлі ойындар.

Осы сабақта қол жеткізіле- тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибесін арттыру үшін білім мен дағдыларды бағалау.

 Сабақ мақсаты

* Сабақ кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

* Оқушылар командада жұмыс істеу дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін жақсартумен жұмыс істеу.

 Жетістік критерийлері

 

Оқушы:

- ұлттық қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қауіпсіздік техникасын білу және сақтау керек.

- ережелерді біледі, ұлттық қозғалмалы ойындарды сипаттайды және көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: Қазақ ұлттық ойындар арқылы түрлі дене жаттығуларының қимылдарын талқылау және көрсету.

Мыналарды қамтиды :

  • дәстүрлік, зияткерлік ойындар
  • стратегия, тактика, жүріс
  • «тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау).
  • рөлдер: ойыншы, төреші
  • топ, қарсылас, шабуылдау, қорғану
  • ережелер, баға, таза ойын (честная игра)
  • допты қағып әкету, доптан айырылу
  • «кыз қуу», «көкпар», «әуе таяқ»

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сіз осы ойында таза ойнадыңыз ба?
  • Ойын ережелерін қаншалықты сақтадыңыз?
  • Осы ойынның тарихын білесіз бе?
  • «Көкпар» ойынында өз қарсыласын жеңіп шығу үшін қандай тактиканы қолдануға болады?
  • Ойынды қалай күрделендіруге болады?
  • Осы ойында патриоттық қалай көрсетіледі?

Құндылықтарды дамыту

Сабақ кезіндегі оқушылардың бір біріне деген сенімділігін арттыру.Сыйластык,қарым қатынас.

Пәнаралық байланыстар

физика, геометрия пәндерімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Тактика мен стратегияларды ноутбук арқылы корсету.

 Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алынған тәжірибесі.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылардың сапқа тұруы, сәлемдесуі және сабақтың міндеттерімен таныстыру. Солға, оңға бұрылу. Қозғалыстар, қолдары белде, табанның ішкі жағымен және сыртқы жағымен жүру, шеңбер бойынша жеңіл жүгіру, жүріп өту. Доппем қолдану арқылы жалпы дамыту жаттығуларды жасау.

Үлкен ойын алаңы. Баскетбол добы, мұғалім ысқырығы.

Негізгі сабақ

25 минут

(С, Т, К, Ф) Тапсырма №1 - «Көкпар» ойыны.

Бұл ойында оқушылар әрқайсысында 6-10 қатысушыдан бар екі тең топқа бөлінеді. Әр топтың өз ішінде оқушылар жұптасулары шарт. Жұптағы бір оқушы мініс атының, ал екіншісі сол атқа шабушының ролін иемденеді. Әр жаңа ойын басталған сайын допқа кімнің ие болатындығы анықталуы керек. Ол үшін екі топтың топбасшылары ортаға шығады, шеңбер не сызықтың сыртына қарсыласын тартып шығарған оқушының тобы допқа ие болады. Мініс аты мен атқа шабушының роліндегі оқушылар барлық ойын бойы қолдарын ұстап тұрулары керек. Атқа шабушылар бос қолдарымен допты алып, бір біріне бере алады. Мұғалімнің белгісі бойынша аттар мен атқа шабушылар жүгіріп келіп, допты қарсы беттегі сақинаға салулары тиіс. Допты салған топқа ұпай беріледі.

Дискриптор:

- ойын ережесін біледі;

- әр-түрлі тактикамен страгегияларды қолданады;

- ойының әділ төрешілігін бағалайды.

(С, Т, Тж, К) Тапсырма №2 - «Қыз қуу» ойыны.

Бұл ойынға ат мінген (гимнастикалық таяқтар) қыздар мен ұлдар қатысады. Ойынның алғашқы жартысында ұлдар қыздарды қуалайды, егер межелі жерге дейін жетсе, оның иығына қолын тигізеді; ойынның екінші жартысында олар орындарын ауыстырады. Қыздар ұлдарды қуып жетуге тырысады, жеткен жағдайда қолдарын иықтарына тигізеді. Жүгіру қашықтығы спорт залының бір айналым шеңбері. Межелі жерге ту орнатылады, ол ту бақылау аймағы дегенді білдіреді. Қыздар басталу межесін (ұлдар қарсы бағытта) 4 не 5 м алда қабылдайды.

Дискриптор:

- ойын ережесін біледі;

- ойынның мақсатын түсінеді;

- сұраққа талдау жасайды.

(С, Жж, К, Ф) Тапсырма №3 - «Әуе таяқ» ойыны.

Ойын үшін қатысушылардың санына сәйкес тегіс таяқтар қажет (ұзындығы 80 см., диаметрі 2-3 см.). Қатысушылар жұптарға не топтарға бөлінеді. Мұғалім алғашқы жұпты не топтан екі оқушыны шақырады. Шақырылғандардың біреуі белгіленген сызықтан 3-4 м. кейін кетеді де, жүгіру бойымен қолындағы таяқты алға қарай жоғары лақтырады. Одан соң екінші ойыншы да өз таяғын алғашқы ойыншының таяғына тигізуге тырысып, лақтырады. Егер таяққа тисе, оған ұпай беріледі. Одан соң екінші жұп шығады және т.с.с. Ойынның екінші айналымында жұптағы ойыншылардың рольдері ауысады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Дискриптор:

- топтың ойын ережелерін сипаттайды;

- жуптағы әр рольдін мақсатын түсінеді;

- ойын демонстрациясын бағалайды.

Үлкен ойын алаңы. Баскетбол добы, сақина, мұғалім ысқырығы.

Қазақ ұлттық ойындарына сілтеме -«Көкпар»: https://www.youtube.com/watch?v=JfD8NaHM4Hg

Үлкен ойын алаңы. Қазақ ұлттық ойындары – «Кыз куу»:

https://www.youtube.com/watch?v=kI-AjeY_ot4

Ресурс ойын «Әуе таяк»:

http://kk.convdocs.org/docs/index-321365.html?page=2

Сабақтың соң

10 минут

Қорытынды:

  • «Қыз қуу» ойынының, «Теңге алу», «Жамбы ату» секілді ұлттық ойындардан айырмашылығы қандай? Осы ойынның тарихын білесің бе?

Рефлексия.

  • Сен ойында адал ойнадың ба?
  • Ойын ережесін қаншалықты жақсы білесің?
  • Ойын ережесінде нені өзгерткің келеді?
  • Оны қалайша байқауға болады?
  • Бұл ойындарда патриотизм неден көрінеді?

Сабақ бойынша кері байланыс парағы.

Дифференциация–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Дифференциация тапсырманы күрделендіру.

Бақылау, кері байланыс

оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын белгілі бір критерийлер бойынша тәсілдер арқылы бағалай алады.

Жаттығулар орындау барысында қауіпсіздік техникасының сақталуы

және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу