Халықаралық ойындар. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
сабақ жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім – Қазақтың ұлттық ойындары Күні: Сынып: 9 | Мектеп: Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Халықаралық ойындар | |
Оқу мақсаттары: | 9.2.7.1 жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талдай білу; 9.2.3.1 қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын бағалай білу; 9.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды бағалай білу | |
Сабақ мақсаты: |
| |
Жетістік критерийлері: | Оқушылар мыналарды орындай алады:
| |
Тілдік мақсат | Тақырыпқа байланысты академиялық тіл мен қосымша тілді дамыту. Оқушылар ойынға байланысты негізгі термин сөздерді үш тілде білуі, жаза алуы және қосымша тіл арқылы ашып түсіндіре алуы. | |
Құндылықтарды дарыту: | Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды. | |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс. Оқушылар мыналарды орындай алады:
Пәнге тән лексика мен терминология:
| |
Акт қолдану: | Сілтемелер бойынша материалды көрсету | |
Бастапқы білім: | Оқушылардың қазақ ұлттық ойындар туралы алдыңғы сыныптарда, және сабақтан тыс уақытта алған білімдері бар. |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | |
Сабақтың басы: 10 мин | Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл)!!!
Активити (Молекулалар және атомдар). Спорт зал бойынша айнала жүгіру жаттығуларын орындау. Шеңбер жасап тұру: мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау. | Бос кеңістік, Бос кеңістік, ысқырық | |
Сабақтың ортасы 60 мин |
(Т, ЖЖ, ҚБ) «Көкпар». Бұл ойында оқушылар әрқайсысында 6-10 қатысушыдан бар екі тең топқа бөлінеді. Әр топтың өз ішінде оқушылар жұптасулары шарт. Жұптағы бір оқушы мініс атының, ал екіншісі сол атқа шабушының ролін иемденеді. Әр жаңа ойын басталған сайын допқа кімнің ие болатындығы анықталуы керек. Ол үшін екі топтың топбасшылары ортаға шығады, шеңбер не сызықтың сыртына қарсыласын тартып шығарған оқушының тобы допқа ие болады. Мініс аты мен атқа шабушының роліндегі оқушылар барлық ойын бойы қолдарын ұстап тұрулары керек. Атқа шабушылар бос қолдарымен допты алып, бір біріне бере алады. Мұғалімнің белгісі бойынша аттар мен атқа шабушылар жүгіріп келіп, допты қарсы беттегі сақинаға салулары тиіс. Допты салған топқа ұпай беріледі. Мұғалім ойында қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударуы шарт. Ойын басталмас бұрын оның ережелерін толық түсіндіріңіз. Әділ ойын жағдайында оқушылар қарсыластан допты тартып алып, жеңіп шығуға тырысады. «Шабандоз» және «жылқы» қолдарыннан ұстаған кезде үзбей ұстауы керек, егер үзілсе, доп қарсы командаға беріледі. Командаларды белгілеу үшін манишкаларды немесе бауларды қолданған дұрыс болады. Бұл төрешілердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Сұрақ: Сіздер ойында әділ ойнадыңыздар ма? Ойын ережесін қаншалықты жақсы білесіздер? Осы ойынның тарихын білесіздер ме? Ойын ережесінде нені өзгертер едіңіздер? (С, ЖЖ, ҚБ) «Қыз қуу». Бұл ойынға ат мінген (гимнастикалық таяқтар) қыздар мен ұлдар қатысады. Ойынның алғашқы жартысында ұлдар қыздарды қуалайды, егер межелі жерге дейін жетсе, оның иығына қолын тигізеді; ойынның екінші жартысында олар орындарын ауыстырады. Қыздар ұлдарды қуып жетуге тырысады, жеткен жағдайда қолдарын иықтарына тигізеді. Жүгіру қашықтығы спорт залының бір айналым шеңбері. Межелі жерге ту орнатылады, ол ту бақылау аймағы дегенді білдіреді. Қыздар басталу межесін (ұлдар қарсы бағытта) 4 не 5 м алда қабылдайды. Оқушыларға қауіпсіздік техникасы, осы ойындағы барлық қауіптерді есепке ала отырып, ережелерді пысықтау. Сол секілді мұғалім белсенді оқушылардың өз мысалында «Қыз қуу» ойынын көрсетуіне мүмкіндік беруі тиіс. Гимнастикалық таяқтың орнына мұғалімнің кеңесімен өзге спорттық құралдарды пайдалануға болады. Сұрақ: Сіздер ойында адал ойнадыңыздар ма? Ойын ережесін қаншалықты жақсы білесіздер? Бұл ойынның тарихын білесіздер ме? (ЖЖ, Б,Қ) «Жамбы ату» - «Садақтан ату». Ат үстінде отырғандар шауып бара жатқан қалыптарында садақ оғымен сақинаға тигізуі қажет.Сіздің міндетіңіз: жүгіріп бара жатып допты құрсауға тигізу (құрсау бағанға орнатылған). Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу оқушылар топтарға бөлінеді. Бірінші топ – ұйымдастырушылар ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізуді жоспарлайды. Екінші топ қатысушылар рөлінде. Ұйымдастырушылар жарысты өткізу туралы ережені дайындап, өздері ұсынған нұсқадағы ойын мен рөлдерді ұсынады. Жарысқа қатысушылар бірінші команданың ұйымдастырушылық қабілетін талдайды. Одан әрі топтар өз рөлдерін ауыстырады.
| Спорт зал, бос кеңістік Үлкен ойын кеңістігі. Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық, уақыт өлшеуіш. «Көкпар ойыны» интернет ресурсына сілтеме: (1:15:45) https://www.youtube.com/watch?v=TB4e39krlAg Үлкен ойын алаңы, Қазақ ұлттық ойындары «Кыз куу» интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=kI-AjeY_ot4 https://www.youtube.com/watch?v=igqCdSLMT3M Жамбы ату ойыны | |
Сабақтың соңы: 10 мин | Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып, сапқа тұрғызу. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: -нені білдім, нені үйрендім. –нені толық түсінбедім. Үй тапсырмасы – қазақтың ұлттық ойындары тарихын оқу, түсіну. | Оқушылардың ағзасын бастапқы қалыпқа келуін қадағалау. | |
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. | Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |
Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? | |||
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | |||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | |||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? | |||
Жалпы оқушыларды бағалау: | |||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)
| |||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) | |||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?