Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: | Мектеп: | ||||||||
Күні: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сынып: 9 | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.5.1 Кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | - акробатикалық жаттығулар кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай алады. - кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларының орындалу реттілігін түсінеді. | ||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Өрмелеудің қай түрі сендерге жеңіл болды? Сендер табысты өзара әрекеттесе алдыңдар ма? | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша гимнастикалық снарядтағы жаттығуларды құру реттілігін АКТ арқылы көрсету. | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды снарядта орындау дағдылары бойынша дағдылары бар. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет. | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 10 мин. | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | |||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (Ж, ҚБ) Қолды тіреп секіру - биіктігі 100-110см ағаш аттан аяқ екі жаққа көлденеңінен секіру техникасын үйрену үшін келесі дайындық жаттығуларын орындайды: - екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіру; -екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі аяқты екі жаққа сермеу; -екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қою; -екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру; -екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру, ағаш аттан бүгіле аяқты қосып секіріп түсу; -жүгіріп келіп гимнастикалық көпіршеден итерілу, екі қолды алға-жоғары көтеріп, екі қолмен итерілген кезде жамбас буынын бүгіп, иықпен қолды көтеріп, аяқты екі жаққа созып, бүгіле аяқты қосып түсу. Дескриптор: -Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; -бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады; -қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді. Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды? (Т, Ж, ҚБ) Сыныпты 2-4 командаға бөліп, гимнастикалық эстафета өткіземін. Әр команданың алдында екі гимнастикалық төсеніштер төселеді. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық төсенішке дейін жүгірі жетіп, шалқалап жату қалпынан гимнастикалық «көпіршені» көрсетеді. Одан соң гимнастикалық шығыршыққа дейін жүгіріп жетіп қолға алады да жермен дөңгеле алып жүру арқылы конустарға дейін жетеді, кері оралу жолында шығыршықты қолына алып жүгіріп келіп орнына қояды, өзінің командасына жүгіріп келіп эстафетаны келесі ойыншыға жалғайды. Тапсырмаларды тез орындап шыға алған команда жеңіске жетеді. 2-3 рет қайталау. Дескриптор: -Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; -қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді. Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар? | Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық ағаш ат, көпірше, маттар. Гимнастикалық ағаш аттан секіру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме: | |||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
| Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері
Жарияланды 14-05-2014, 00:56 Категориясы: Дене шынықтыру
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелеріДене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.Жеңіл атлетика1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.Гимнастика сабақтарындаБелгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?