Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы: Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Оқу мақсаты: 9.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу

Сабақтың мақсаты:

- акробатикалық жаттығулар кезінде қауіпсіздік ережесін сақтай алады.

- кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларының орындалу реттілігін түсінеді.

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Ж, ҚБ) Аласа бөренеде жаттығулар орындау:

  • Б.қ. – н.т.;
  • бөренеге міну;
  • алмакезек би адымы;
  • бір аяқта тепе-теңдік сақтау «қарлығаш» бейнесін ұстау (3-5 сек.);
  • кері бұрылу, қолдар жоғарыға;
  • оң аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау, сол аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау;

 отыру қалпы, 90 градусқа бұрылып секіріп түсу.

 

 Бөренеде жаттығуларды орындау

 Гимнастикалық бөренеде жаттағуларды орындағанда шұғылданушы тар тіректе тепе-теңдікті сақтау қабілетін жетілдіреді. Сондай-ақ шұғылданушының вестибулярлық аппаратының қызметі, кеңістікте бейімделуі жақсарады, дене түйсігі арқылы сезінуі дамиды, батылдыққа, ептілікке тәрбиеленеді.

 Бөренеде жаттығуларды орындау келесі жүйелілікпен үйретіледі: еденде, гимнастикалық орындықта, төмен бөренелерде, гимнастикалық қабырғада және ақырыннда стандартты бөренелерде.

 Бөренеде орындалатын жаттығулар қозғалу, қозғалмайтын жаттығулар, кіру, секіру, бұрылу, қайыра сілтеу, акробаттық жаттығуларға бөлінеді.

 Қозғалу: жүру, аяқтың ұшымен жүру, жылжып қадам жасау, жартылай жүрелеп отырып және бос аяқты алға көтеріп қадам жасау, ауыспалы, ауыспалы қадамдар, жүгіру, секіріп қадам жасау, полька қадамы, жүрудің әртүрі мен би қадамдарын үйлестіру.

 1.Б.қ. (бастапқы қалып) – аяқтың ұшымен тұру, қол белде: оңға қарай жылжып қадам жасау, алға доға жасап оң қол бір жақта – келесі екі қадам жасағанда қолды кезек-кезек алға қарай доға жасап белге қою.

 2. Б.қ. – қол белде: оң аяқтан ауыспалы қадам жасау, алға доға жасап қолды жан-жаққа – сол аяқтан ауыспалы қадам жасау, алға доға жасап қолды белге қою.

 3.Б.қ. – қол жоғары да – сол аяқтан алға екі қадам жасау, қол төмен түсіріледі – екі қадам алға, доға жасап алға қол жан-жақта – екі қадам алға, қол кеуде алдында айқастырылған – екі қадам алға, қолды жоғарыға.

 4. Секіріп түсіп қадам жасау. Б.Қ. –қол жан-жақта, оң аяқпен алға қадам жасау, сол аяқты алға және қозғалыс соңында сәл бүгу – оң аяқпен секіріп түсіп, төменге қарай доға жасап, қол алға алақан төмен қараған.

 5. Алға қарай бес-алты жылдам қадам жасау, жартылай саусақпен тік тұрып тоқтау 5-10 секунд тұру – осы жағдай, бірақ бір аяқтың жартылай саусағымен тоқтау, екінші аяқ алға бүгілген.

 Қозғалмайтын жаттығулар: Жартылай саусақта тұру, бір аяқтың жартылай саусағында тұру, екінші алға бүгілген; тепе-теңдік сақтау.Тепе-теңдікті сақтау үшін жамбас- сан буындары ширақ және санның артқа бұлшық еттері иілгіш келуі тиіс.

 Кіру. 1. Бөренеге қарап тұрып, секіріп барып оң аяқты қайыра сермеп солға бұрылып отыру аяқты бүгіп ашып отыру – артқа сермеу, қолымен алдағы бөренеге сүйену, бүгілген қолға тірек жасау арқылы жанымен жатып тірелу – бөрене үстімен аяқ ұшын тарту, жүрелеп отырып тірену - аяқ ұшымен тұру, қол жан-жақта.

 2. Бөренеге қарап тұрып, оң аяқтың өкшесімен сүйеніп, секіріп барып тірек жасау - солға бұрылып, оң қолды сол қолға жылжытып, сол аяқты бүгу және балтырда бөренеге өою - қоды түсіріп, жартылай шпагатқа отыру, қол жан-жақта – оң аяқты бөренеден төмен қарай түсіріп , алдына бөренеге қою – түрегелу, сол аяқты ұшымен тұрған оң аяқтың қасына тарту, оң аяқ алда.

 3. Қиғаш жүгіріп келіп, оң аяқ алда, жүрелеп отырып тірену.

Бұрылыстар аяқтың орындалады, балтыр мен сан бұлшық еттеріне күш и түседі, аяқ тік, іш тартылған.

 Аяқтың ұшымен тұрып және жүрелеп отырып айналып бұрылу иықты артқа қозғаудан басталады.

 Аяқты алға сермеп айналып бұрылу. Б.Қ. – бір аяқпен тұру, екіншісі артта, қол жан-жақта. Бұрылу аяқта алға сермеуден басталады. Сермеудің аяқталуы тік аяқтың ұшына көтерілумен сәйкес келуі тиіс. Қол жоғары көтеріліп, иықты артқа аяқ сермеген жаққа қозғайды. Бұрылу табанға тұрумен аяқталады, екіншісі аяқ артта немесе аяқтың ұшымен, қол жан-жақта.

Секіріп түсу жүрелеп отырудан, отырудан, тізеге тіренуден орындалады. Алдымен бөрене шетінде жүрелеп отырудан шалқайып секіріп түсу үйретіледі. Тізеге тіреніп тұрып бүгіліп секіріп түсу қиындау келеді. Оны орындау техникасы мынадай: Бос аяқты сәл ғана төмен түсіріп, жылдам қайтадан Б.Қ. әкелу. Бір мезгілде қондырғыдан тірек жасаған аяқты итеріп жіберіп, оны жазып сермеу жасайтын аяқтың қасына қосады. Бұл сәтте дене иілген, қол тура, иық сәл алға берілген. Дене төмен қарай түсу қондырғы линиясын қолды жоғары көтеріп, бөренеге қырымен қонады.

2 тапсырма.

(Ж, ҚБ) Білім алушылар екі қанатты арыста жаттығуларды орындау үшін келесі арнайы дайындық жаттығуларын орындайды:

  • Арыста таянып тұру;
  • Таянып тұрып алға-артқа тербелу;
  • Таянып тұрып, тербелу, тоқтау;
  • Таянып тізені бүге кеудеге тарту;
  • Таянып тұрып аяқты түзу алға созып 90 градус бұрыш жасап ұстап тұру;
  • Арыста таянып тұрып, алға артқа тербеле секіріп түсу.

Мұғалімге гимнастикалық саймандардағы жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау туралы нұсқаулық өткізіп, ұсынылған іс-әрекет түрінің орындалу техникасын көрсете отырып «айту-көрсетуді» жүзеге асыру қажет. Дене дайындығы жоғары оқушыларды қатыстыру арқылы жаттығуларды көнекі түрінде көрсетуге де болады. Бірін-бірі бағалау үрдісі кезінде, комбинацияларды орындау техникасындағы қателіктерді анықтауға көмектесу қажет. Белгілі бір қателіктерді көрсетіп және оларды жою амалдарына сілтеме жасау қажет.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Таңдалып алынған әрекет түріне гимнастикалық жабдықтар, гимнастикалық бөрене, маттар. Екі қанатты арыс, маттар.

Гимнастикалық бөренедегі жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=tDqEkT1-l64&t=1shttps://www.youtube.com/watch?v=o1te4itdIj0https://www.youtube.com/watch?v=8S5YjJMCq-g&t=42s

Екі қанатты арыстағы жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=wkV3HMocam4https://www.youtube.com/watch?v=cmAA5dfST0M«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу