Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.


Гимнастика

Гимнастика түрлері

Таңғы гимнастика

Таңғы гимнастика ағзаның денсаулығына жағымды әсер етеді.

Таңғы гимнастика, таңғы жаттығу бұл оянғаннан кейін орындалатын жеке жаттығуларының кешені

Таңғы жаттығу көбінесе сана мен ағзанының оянуына көмектеседі.

Таңғы гимнастика ағзаның тыныштық күйінен белсенді әрекетіне көшуді жылдамдатумен қоса адамның жалпы дене белсенділігін арттырады.

Сергіту сәті

Оқушыларға оқу қызметі барысында, бір немесе бірнеше сабақ кезінде белсенді зейінді ұстап тұру қиынға соғады.

Оқушылардың шаршағандығын басу үшін демалыс ретінде дене жаттығулар қажет, ал сергіту сәті қысқа белсенді демалыс болып табылады.

«Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.»

Дене тәрбиесі

Мектепте дене тәрбиесі не арнайы спорттық залда, не сыртта, сондай-ақ арнайы жабдықталған алаңда өтеді.

Мектептегі әрбір дене тәрбиесі сабағы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды.

Кіріспе бөлім ағзаны жүктемеге дайындайды.

Негізгі бөлім жаңа жаттығуларды үйренуге, сондай-ақ жүгіруге, секіруге, лақтыруға, өрмелеуге, белсенді спорттық ойындарға, эстафеталарға бағытталған .

Қорытынды бөлімде ағза дұрыс әдіспен қалыпқа келеді, дем алу мен пульс те қалыпқа келеді.

Гигиеналық гимнастика

Гигиеналық гимнастика ағзаны жаттықтыруға арналмаған.

Гигиеналық гимнастика көңіл-күйді жақсартады, тоқырау құбылыстарын жояды, қанайналымды және лимфоайналымды, жалпы ағзаның жұмысын жақсартады.

Гигиеналық гимнастика түрлі аурулардың алдын-алу үшін керемет құрал болып табылады.

Гигиеналық гимнастика негізінде ешқандай күнделікті құралдарды қажет етпейді, тіпті кішкентай гантельдер де болмайды.

Ырғақты гимнастика

Дені сау салмақ пен сымбатты тұлғаны сақтап қалу үшін ырғақты гимнастиканың орны ерекше.

Ырғақты гимнастика жаттығуларыбұл гантельсіз және спорттық құралдарсыз орындалатын қарапайым қозғалыстар.

Ырғақты гимнастиканың жаттығулары көптеген бұлшықеттерді, жүрек және қаңқа бұлшықеттерін бекемдейтін«Жалпы әлдендіретін жаттығулар» деген атаумен де танымал.

Ырғақты гимнастика жаттығулары күшті, төзімділікті, иілгіштікті, рекацияның жылдамдығын және қозғалыс координациясын жақсартады.

Акробатикалық гимнастика

Спорттық акробатика – бұл барлық бұлшықет топтарына толық жүк түсіретін және жеке, топтық жаттығуларды орындауға мүмкіндік беретін спорттың түрі

Акробатика дене айналдыру мен тіректің түрлі жағдайларында дене тепе-теңдігін сақтау әдістерінен тұрады.

Спортышалрдың орындайтын барлық жаттығулары бүрнеше түрге бөлінеді: балансты жаттығулар (статика), вольтажды жаттығулар (ырғу), темпті жаттығулар және біріктірілген жаттығулар.

Спорттық гимнастика

Спорттықгимнастикагимнастикалық құралдар, еркін жаттығулар мен тіректі секірулерден тұратын спорт түрі.

Заманауи гимнастикалық көпсайыс бағдарламасында:

Әйелдер үшін – әртүрлі биіктіктегі брусьяларда, тіректі секірулерде, еркін жаттығуларда

Ерлер үшін – еркін жаттығуларда, тіректі секірулерде, атта, сақиналарда, брусья мен турникте

Көркем гимнастика

Көркем гимнастика би өнеріне жақына спорт түрі болып табылады.

Көркем гимнастика – әуенмен құрал (лента, доп, шеңбер, секіргіш, күрзі) немесе құралсыз жүзеге асырылатын біріктірілген түрлі пластикалық және динамикалық, би жаттығуларын орындау.

Көркем гимнастикада би мен әуеннің орны ерекше.

Әуен сазды есту қабілетін, ырғақ сезімін, қозғалыс пен әуеннің үйлесімділігін дамытады.

Би элементтері оқушыларды таным көкжиегін кеңейтеді, халық шығармашылығымен таныстырады, өзінің жәнебасқа халық өнеріне сүйіспеншілікті арттырады.

Назарларыңызға рахмет!

Деніңіз сау болсын!

Дайындаған:

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі - Аюпов Т.К.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу