Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

3-бөлім

Гимнастика арқылы дененібасқару дағдылары

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Аюпов Т.К.

Күні:

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру

Меңгеру мақсаттары

9.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының түрлі тактикаларын, стратегияларынжәне композициялық идеяларын құру, талдау және салыстыра білу;

9.1.4.1қимыл-қозғалыстысапалыорындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу;

Сабақ мақсаттары

Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру , яғни әр-тәрлі биіктіктегі қос арыс және биік кермедегі техникалық тәсілдерді жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • Әр тапсырманы орындағанда құрал –жабдықты екі қолмен қысып ұстайды
  • Әр-түрлі биіктіктегі қос арыс, кермедегі жаттығуларды орындағанда аяқты түзу ұстайды
  • Жерге секіріп түскенде тізені сәл бүгіп, қос аяққа түседі

Керме және әр-түрлі биіктіктегі қосарыста кері айналып қолға тіреліп тұрады

Сипаттауыштар:

  • Әр-түрлі биіктіктегі қосарысқа мінерде аяқты түзу қойып тұрады.
  • Кермеде тартылып, кері айналып, қолды тіреп тұрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Гимнастикадағы жаттығуды бірге орындаудағы қарым-қатынас және бірге жұмыс істеу дағдылары туралы білімдерін түсіндіріп, көрсете алады

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • Гимнастикалық құрал-жабдықтар, саймандар
  • Техника және таза орындаушылық
  • Командалық өзара әрекет
  • Топтық жұмыс
  • Иілгіштік қасиеттері
  • Теорилық білім

Талқылау үшін сұрақ:

  • Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті?
  • Үйренген тәсілді қаншалықты дұрыс орындадыңыз?
  • Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бұл тапсырмаға қандай дағдылар қажет?
  • Түрлі қызметтер мен міндеттерді орындаған кезде бір-бірлеріңізбен қалай сөйлестіңіздер?
  • Тапсырманы орындау алдында қандай факторлар назарға алынды?

Пән аралық байланыс

Физика, биология, ағылшын, орыс тілі.

Бастапқы білім:

Гимнастикалық құрал-жабдықтардағы қарапайым жаттығуларды орындау техникасын біледі.

Жоспар

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

3 мин.

3 мин.

1 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру тақырыбы жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттері. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. Жаттығу және созылу, оқуш-дың жүрек соғысын көтеру үшін жүгіру к\к

Оқушы әрекеті: мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Берілген тапсырманы реттілігімен орындау.

Мұғалім әрекеті: оқушыларды тақырыппен, меңгеру мақсаттары мен бағалау критериилерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жаттығуларды нақты, дұрыс орындауын қадағалау. Оқушыларға жылжымалы интерактивті тақтадан сабақ тақырыбы бойынша қысқаша бейнематериал көрсетеді.

Бағалау: Мұғалімнің бақылауымен іске асады. Тапсырманы дұрыс, дұрыс емес орындағандарын мадақтап не ескертіп, түзеп айтады.

Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық , конус, секундомер. Бағалауға арналған түрлі-түсті қағаз, гимнастикалық құрал-жабдықтар.

https://www.youtube.com/watch?v=SVesIWp9iBw

Сабақтың ортасы:

5 мин.

10 мин.

10 мин.

3 мин.

Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру.

Мақсаты: Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құруды орындауды үйрету

Сипаттамасы: Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құруды орындау барысында өзара және жұптық жұмыс арқылы орындайды.

Оқушы әрекеті:

Қыз балалар: Түрлі биіктегі қоссырықтар (Т, К, ҚБ) Асылып тұрып тербелу, төменгі сырыққа жүрелей асылып тұрған қалыптан тір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп, алға аунап жоғарғы сырықта таяну, жоғарғы сырықта таянып тұрған қалыптан алға түсіп, төменгі сырыққа жатып асылу, төменгі сырықта жатып оңға бұрылу, оң қолмен жоғарғы сырықтан ұстап оң жамбаспен төменгі сырықта отыру, сол қолмен төменгі сырыққа тірелу. Төменгі сырықтан (бет жоғары қарап), 90° бір аяқты артқа тастап аналумен секіріп түсу.

Оқушылар: (И, К, Д, Ф) Бір уақытта бірнеше оқушы гимнастикалық снарядтарда ұсынылған рет бойынша жаттығуларды орындайды және шағын топтарда орындау техникасы бағаланады.

Ұл балалар:

Жаттығуларды кермеде орындау: майысып және созылып қолды сілтеу және бұлғау; асылып тұрып бұрылып көтерілу және асылымға баяу түсу; асылып тұрып серпіліп, 90° бұрылып артқа секіру

Мұғалім әрекеті: Оқушылардың тапсырмаларды дұрыс орындап, сақтауларын қадағалау.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек » бағалау түрі арқылы өтеді.

Топтар бір-біріне ойын барысында байқаған, көрген екі жақсы орындаған жағын айтып, ұсыныс түрінде бір тілек айтады.

Рефлексия: «Бұлттар тегі» тапсырма бойынша сөздерді жалғастыру.

Бос кеңістік, қажетті құрал-жабдықтар.

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Уақыт өлшеуіш, ысқырық. Мұғалімге арналған ысқырық, секундомер.

Мұғалімге арналған ысқырық, секундомер.

Бос кең алаң, ысқырық, секундомер, фишкалар.

https://www.youtube.com/watch?v=SVesIWp9iBw

Сабақтың соңы:

3 мин.

2 мин.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: «Графикалық» рефлексия жүргізеді:

Сабақтың басында жазған мақсаттарға меңгерген болса “қосу” белгісін қояды.

Сипаттамасы: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.

Оқушы әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. «Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру» туралы ойымен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Тақтаға тапсырмаларды қаншалықты меңгергендігі туралы түрлі-түсті стикерлерге жазылған қағаздарды жабыстырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушыларды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Бағалау: Орынды сұрақтар қоя білу, өзіндік жетістіктер мен кемшіліктер туралы айта білу бағаланады. Оқушылар,сабақ барысында нені үйренгенің, түсінгенің ортаға шығып, үш тілде қысқаша айтады.

Үй тапсырмасын беру; 1-2 қозғалмалы ойынның ережесін оқып келу.

Бос кеңістік. Кері байланыс картасы.

Бос кеңістік, жылжымалы тақта, бор, қалам, қарандаш, маркерлер, стикерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

Физикалық дене қабілеті жоғары топ оқушыларына қиындатылған тапсырма түрін ұсыну.(аяқты сілкіп екі қолмен бірге кермеге шығып, қолды тіреп тұру)

Көмекті қажет ететін оқушыларға жеңілдетілген тапсырма түрін ұсыну.(тартылып, екі аяқты кері лақтырып, аударалып кермеде қолды тіреп қалпында тұру)

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың жұмыстануын бақылау, тыңдау, кеңес беру.

Оқушылардың тапсырмаларды дұрыс орындауын қадағалау.

Түрлі-түсті қағазға жазылған кері байланыс арқылы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау түрі арқылы бағалау.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақтың өту барысында оқушының спорттық аяқ киімі жүгіруіне қаншалықты ықпалын тигізеді.

Қыздырыну жаттығуларында орындалған тапсырма кезінде, дененің қай мүшелері көбірек қимылдайды.

Спорт қаншалықты адам ағзасына, ішкі жан-дүниесіне пайдасын тигізеді. Қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау.

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу