Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
3-бөлім: Гимнастика арқылы
денені басқару дағдыларыОқу мақсаты:
9.1.4.1 қимыл-қозғалысты сапалы орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалай білу
Сабақтың тақырыбы:
Гимнастикалық снарядта жүйелі жаттығулар құру
Сабақтың мақсаттары:
Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйретуБағалау критерийлері :
Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын бағалай біледі
Тілдік мақсаттар
Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды: гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;мақсат, тәуекел, қауіпсіздік.Талқылауға арналған сұрақтар:Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.
1-ші тапсырма. Аласа бөренеде жаттығулар орындау:
1. Б.қ. – н.т.;2. бөренеге міну;3. алмакезек би адымы;4. бір аяқта тепе-теңдік сақтау «қарлығаш» бейнесін ұстау (3-5 сек.);5. кері бұрылу, қолдар жоғарыға;6. оң аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау, сол аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау;7. отыру қалпы, 90 градусқа бұрылып секіріп түсу.1-ші тапсырманың дескрипторлары:- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;- Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?
2-ші тапсырма
(Ж, ҚБ) Білім алушылар екі қанатты арыста жаттығуларды орындау үшін келесі арнайы дайындық жаттығуларын орындайды:- Арыста таянып тұру;- Таянып тұрып алға-артқа тербелу;- Таянып тұрып, тербелу, тоқтау;- Таянып тізені бүге кеудеге тарту;- Таянып тұрып аяқты түзу алға созып 90 градус бұрыш жасап ұстап тұру;- Арыста таянып тұрып, алға артқа тербеле секіріп түсу.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;- қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінТолық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?