Топта гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау. Дене шынықтыру, 9 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

3 бөлім: Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Сабақтың тақырыбы: Топта гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау

Оқу мақсаты: 9.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау

Сабақтың мақсаты: Гимнастика жаттығуларындағы көшбасшылық дағдыларын және командада жұмыс істей біледі

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Үйренген элементтерден акробатикалық жиынтық әдісін құру.

Бастапқы қалып-негізгі тұрыс, оң (сол) қол жағары.

Алға домалау:

отырып тірелу(тізелер бірге, қолдары жерде, иықтары алда, басы түзу);

иықтар алға қарай берілген, дене салмағы қолға бағытталған, аяқты тіктей отырып иек кеудеге қысылған, аяқпен итеріліп домалау, жауырынға түсе берген кезде аяқтар бүгіледі;

Жинақталу: шынтақтар денеге қысылған, қол сирақты қысады, арқа дөңгеленеді;

Отырып тірелу: тізелер бірге, қолдар жерде, бас түзу;

Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтар тік, қолдар төмен, алақан ішке қарап тұрады.

Жауырынға тұру жаттығуы:1. Теріс қарап жүреден отыру. 2. Тізені ұстап артқа құлау.3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.

«Қарлығаш» элементі

  • Бастапқы қалып-негізгі тұрыс
  • Арқа түзу
  • Қол екі жаққа
  • Аяқ бірге
  • Бір аяқты артқа көтеріп (аяқ барынша жоғары көтерілуі керек және екі аяқты түзу ұстау қажет)дене тік ұстау керек

Бастапқы қалып-негізгі тұрыс: екі қол екі жаққа-жоғары

Тапсырмалар:

  • Денені жинақтап еденде отыру.
  • Тіреле отырып денені жинақтап, сол қалыпта санақ арқылы жинақталу.
  • Арқада жатып, қолды жоғары созып,жəй жинақталу.
  • Тұрған күйде екі аяқтың арасын ашып, отыра жинақталу.
  • Тіреле отырып жинақталу,сол қалыпта 3-5 секунд отыру.
  • Отырған қалыпта жинақталып артқа қарай тоңқалағасып, бастапқы қалыпқа оралу.
  • Тіреле отырып қолды сермеу арқылы жинақталып артқа қарай тоңқалағасып бастапқы қалыпқа келу.
  • Тұрған қалыптан екі аяқ екі жақта алға қарай еңкейіп қолды жерге тіреп алға қарай тоңқалағасу.
  • Тұрған қалыптан екі аяқ екі жақта алға қарай еңкейіп қолды жерге тіреп алға қарай жауырынды жерге тигізіп тоңқалағасу.
  • Тұрған қалыптан екі аяқ екі жақта алға қарай еңкейіп қолды жерге тіреп алға қарай тоңқалағасып тіреле отыру.
  • Екі жəне үш рет алға қарай тоңқалағасу.
  • Алға қарай жылдам тоңқалағасу 3 немесе 4 секунда 3 рет тоңқалағасу.
  • Əртүрлі қалыпта алға қарай тоңқалағасу(тұрып, адымдап, секіріп, жүгіріп келіп)

Домалаулар.

Орындау техникасы. Домалаулар – бұл дененің белгілі бөліктерімен бас арқылы аударылусыз еденге ретпен жанасу қозғалыстары. Домалауларды тоңқалаң асуды үйрету кезінде бастапқы жаттығулар ретінде қолданады. Бағдарламамен топталуда алға жəне артқа домалаулар қарастырылған. (72 сурет), тіземен таянып тұрып жанға қарай бүгіліп, ішпен жату.

Оқытудың реттілігі:

  • Топталып отырған қалпынан арқамен артқа-алға домалау.
  • Топталып отырған қалпынан артқа домалау жəне домалау арқылы алға оралу, бастапқы қалыпқа.
  • Таянып отырып топталып артқа домалау жəне алға домалау арқылы топталып отыру.
  • Таянып отырып топталып артқа домалау жəне алға домалау арқылы бастапқы қалыпқа келу.
  • Ішпен жатып бүгіліп алға жəне артқа домалаулар. Ішпен жатып бүгілу, басты артқа шалқайту жəне жамбаспен таянып жату қалпына ену. Қолдарды шапшаң бүгіп, алға қарай домалау жəне оларды жазу арқылы артқа домалау.
  • Таянып тіземен тұрып топталып жанға қарай домалаулар. Білекпен, иықпен, бүйірмен, арқамен, келесі бүйір мен иықпен еденге жанаса домалау, топталып жəне керісінше қозғалыспен бастапқы қалыпқа оралу.
  • Таянып отырып жанға қарай домалау жəне бастапқы қалыпқа оралу.
  • Əртүрлі қалыптағы (жоғарыда, артқа ұсталған, иыққа əкелінген) қолдармен бүгіліп алға жəне артқа қарай домалаулар.

Орындау талаптары. Келтірілген домалаулардың ішіндегі анағұрлым күрделісі таянып отырудан таянып отыруға домалау. Бұл элементті жақсы меңгеру үшін оны алдымен бастапқы қалып, төсенішке арқамен қарап таянып отырумен беруге болады, мұнда аяқтар еденде төсеніштің қасында тұрады, бұл бастапқы қалыпқа оралуды жеңілдетеді. Домалауларды орындау кезінде топталудың дұрыстығы мен тығыздығына көңіл бөлген дұрыс.

 

Гимнастикалық жаттығуларды үйрету.

Қарапайым жаттығуларды көрсеткенде жəне түсіндіргеннен кейін тез қабылданады, ал күрделі жаттығуларды ұзақ түсіндіргенді жəне түрлі əдіс-тəсілдерді қолдануды талап етеді. Əртүрлі əдістерді жəне оқыту амалдарын тиімді пайдалану жəне алынатын материал ерекшелігі мен оқытылушылардың қабілетінінің сəйкестігі оң нəтиже береді.

Денешынықтыру қабілетімен қозғалыс тəсілдерінің арасында байланыс орнатылған. Төменгі сынып балаларының ептілігіне, иілгіштігіне жəне жылдамдығына аса мəн бере отырып барлық денешынықтыру сапаларын тең дамыту керек. 12 жастан кейін бұлшықеттердің созылу кедергісінің екпіні күшейе түсетінін ескеру қажет.10-11 жас аралығында тек негізгі қолданбалы қозғаушы тəсілдерге мəн беріп қана қоймай, сонымен қатар жалпы дамытушы тəсілдердің сапалы меңгерілуіне де көңіл бөлу қажет.

Төменгі сынып оқушылары (7-9) қозғалыс қимылдарының кең түсіндірілуін оңай түсіне бермейді. Нақты қимылдарды атап жəне олардың орындалуын көрсете отырып мəнді де түсінікті етіп түсіндіру қажет. Түсіндірген кезде кез-келген нақты қимыл жақсы іс- əрекетпен көрсетілуі қажет. Мысал: ұзындыққа секіру кезінде баланың назарын талпыныс кезіндегі аяқ алысы мен қолдың қимылына аудару қажет. 10-11 жастағы балаларға да қысқа да нақты түсіндіру қажет, дегенмен олар əр қимылдың өзіне тəн ерекшелігі мен айырмашылықтарын түсінуге қабілетті. Өздерінің қозғалыс тəжірибелеріне сүйене отырып, өздеріне белгілі немесе соларға ұқсас жаттығуларды айту бойынша орындай алады. Жаңа қимыл-қозғалыспен таныстыруда түсіндіру мен көрсетілім міндетті түрде қажет.

Төменгі сынып оқушыларын (7-11 ж) қатаң əдістемелік бірізділікпен үйрету қажет. Оқу материалын шағын бөлімдер арқылы, бірізділігін қарапайымнан жəне оңай əдістен бастау қажет. Бұл оқушының қимыл – қозғалысты жақсы қабылдауына əкеледі.

Орта буындағы балаларды қимыл-қозғалысқа үйретудің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл жас баланың жыныстық пісіп жетілу кезіне сəйкес келеді, бұл кезде балалардың салмағы, бойы өзгереді. Жасөспірімдердің дене салмағы, бойының ұзындығына сəйкес болмайды, ал бойы тез өсетін балаларда бұл анық байқалады. Бойдың тез өсуі бұлшықеттің созылуына, жүйке жүйесінің, қанайналым жүйесінің созылуына əкеледі.Бұған əсерін тигізетін басқа да факторлар бар, əсіресе ішкі секреция бездерімен байланысты,жасөпірімнің қозғалысы уақытша дəл жəне үйлесімді болады.Жасөспірімнің дене бітімі бұзылады.Бұл жағдайда тез өсетін балалардан жəне денешынықтырумен үнемі айналысатын балалардан байқауға болады.

Жасөспірімдер мүмкіндіктері жетпесе де ересек адамдарға еліктеп жігерлі, белсенді болуға ерте ұмытылады. Қимыл қозғалысты үйренген кезде жаттығуды тез жасап, дəлдік техникасына көңіл аудармайды.Бұл жасөспірімнің психологиялық ерекшелігіне ғана қатысты емес, қозғалыс дағдысының қалыптасуын байланысты. Қимыл-қозғалысты үйреткен кезде жаттығудың алғашқы сатысын оқушы тез ұқса, онда қиын қимылдарды үйреткен кезде тиянақты болуын қамтамасыз ету ету керек. Себебі алғашқа саты, басқа сатыларға қарағандай жай жүреді. Бұл бұлшықет күшіне жəне денешынықтыру дайындығына байланысты. Дене шынықтыру дайындығы нашар жəне өзінің қозғалысына есеп бере алмаса қозғалыс қимылдарын орындаған кезде қателіктер орын алады.

Жасөспірімнің осы кезінде оның күшіне, жылдамдығына, алғырлығына көп көңіл бөлу керек.

Балалардың қозғалыс функциясы 13-14 жаста күшті дамиды. Жасөспірім мүмкіндігінше қиын жаттығуларды меңгереді. Оларға үйреніп жатқан жаттығулары түсінікті жəне ол жаттығудың терменологиясын біліп, мұғалімнің айтуы бойынша орындайды.Үйретіліп жатырған материалды міндетті түрде мұғалім көрсеткен жөн.

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын оқушыларға жəне жасөспірімдерге үйреткен кезде барлық əдістер мен тəсілдерді қолдану керек. Кейде гимнастиканы үйретуші мұғалімнің қолданған əдісінің тиімділігі жеткіліксіз болады. Себебі мұғалім жаттығуды оқушыға тез үйреткісі келіп асығады. Ол жаттығуларды əрбір оқушымен жеке орындамайды. Кей жағдайда оқушы жаттығуды орындай алмай жатырса мұғалім оқыту əдісін өзгертпейді.Бұндай келеңсіз жағдай орын алмау үшін мұғалім оқушы жаттығуды жасап жатырған кездегі жіберген қателіктерін айтып, не себептен қателескенін түсіндіріп отыру керек.Оқушының қателіктері айтылмаған жағдайда оқушыны үйрету үшін көп уақыт жұмсалады.

Қимыл-қозғалысты оқытудың жаңа əдісіне тоқталамыз, ол жоспарланған оқытумен тығыз байланысты жəне оның негізі бөлімі болады.Бұл алгаритмді əдіс. Профессор Л.Н.Ланданың пікірі бойынша тек теорияда қолданылмай, қимыл-қозғалыспен байланысты денешынықтыру қозғалыстарына қолданылады.

Алгаритмді əдісте оқыту материалы бөлімдерге бөлінген жəне жаттығуышы осы бөлімдерден жол табады.Алғашқы бөлімді меңгергеннен кейін екінші бөлімге көшеді.Мұғалімнің бақылауымен жазылған қимылдар оқылады жəне гинастикалық жаттығулар жасалады.

Балаларды жəне жасөспірімдіерді алгаритмді əдіспен үйреткен тиімді.Қозғалыс дағдысы тез əрі сапалы қалыптасады.(қатесіз дəл жəне жеңіл) Бұл əдіспен жаттығуды үйреткен кезде барлық оқушылар материалды бірдей ұғыды немесе қимыл-қозғалысты нашар меңгерген оқушылар болмайды.Оқылатын материалды барлық оқушы меңгереді, бірақ жеке қабілеттеріне байланысты əртүрлі мерзімде.

Алгаритмдік əдісті пайдаланып жоспар құрғанда мына талаптарды ескеру қажет. 1.Оқу материалы барлық қатысушыға түсінікті болу үшін, əрбір қимылды дəлдікпен баяндау керек.

2.оқытудың берілген немесе басқа да сатысында алгоритмдік əдіс түсінікті. Бір қимылды үйрету үшін немесе басқада ұқсас қимылдарды бір сатыға жатқызады. Барлық оқу тапсырмалары бір –бірімен байланысты жəне қарапайымнан күрделіге қарай баяндалады.

Алгаритмдік əдіспен оқу материалын оқу тəртібі олардың бір-бірімен байланысын анықтайды. Оқу тапсырмасының алғашқы бөлімінде денешынықтыру сапасын арттыру үшін, меңгерілетін қимыл-қозғалысты дұрыс орындау үшін жаттығулар беріледі.Бір жағдайда тек бұлшықет күшін дамытатын , екінші жағдайда майысқақты жаттықтыратын жаттығулар ұсынылады.

Оқу тапсырмасының екінші бөлімінде қол-аяқтың қимыл қозғалысын қарастырады.

Оқу тапсырмасының үшінші бөлімінде үйренген жаттығуларды жетілдіреді.Мыс: аяқты сермеу қозғалысы, акробатикалық жаттығулар жəне кейбір секіру жаттығуларын орындар алдындағы жəй секірулер.

Оқу тапсырмасының төртінші бөлімінде осы аталған жаттығулар кеңістікте,уақыт жəне бұлшықет күшін бағалау үшін орындайды.

Меңгерілген жаттығудың мөлшері жəне дəлдік дəрежесі координациялық күрделігіне байланысты. Кей кезде сермеу амплитудасын немесе денені бүгу жəне иілу дəрежесін, қозғалыс жылдамдығын бұлшықет күшінің дəрежесін бағалау жеткілікті болады. Күрделі жаттығуды орындағанда жəне жаттығу техникасының негізін құраушы қимыл-қозғалысты орындағанда жіктеу кешенін қолданған жөн.

Бесінші бөлімде-қимыл-қозғалыс жаттығуларына ұқсас жаттығуларды қарастырады. Соңында əртүрлі техникалық амалдарды қолданып жеңілдетілген қимыл-қозғалысты үйретеді.

Бөлінген оқу материалының жүйесін жақсы меңгеру керек жəне оқығанда бірізділікті қалыптастыру керек.

Балаларды жəне жасөспірімдерді қимыл-қозғалысқа үйреткенде алгоритмдік əдісті міндетті түрде қолдану керек пе? Əрине, жоқ. Олардың көбін қалыптасқан əдіспен де оқытқан жөн. Ондай жаттығулар: саптық, жалпы дамыту, жеке қолданбалы жаттығулар, асылу жəне тірелеу жаттығулары.

2 тапсырма.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар комбинациялардағы жекелеген элементтерді қайталап, шеберліктерін шыңдайды. Аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру

Жауырынмен тік тұру топталуда артқа домалау арқылы орындалады. Жауырынмен жəне желкемен тірелу кезінде қолдар белдің астына (үлкен саусақпен алға қарай), аяқтар бүгулі, сирақтар тік қойылады. Бұл бастапқы жаттығулар жауырынмен тік тұруды үйретуге арналған.

  • Таянып отырып артқа жəне алға домалау.
  • Артпен таянып отырып аяқты бүгіп артқа домалап бүгілген аяқтармен жауырынмен тік тұру.
  • Таянып отырудан артқа домалап аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру.

Оқушының бір жағында бір қолмен арқасынын, екінші қолмен аяқтарынан ұстап көмектесу.

Аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру

Орындау техникасы. Жауырынмен тік тұру топталуда артқа домалау арқылы орындалады. Жауырынмен жəне желкемен тірелу кезінде қолдар белдің астына (үлкен саусақпен алға қарай), аяқтар бүгулі, сирақтар тік қойылады. Бұл бастапқы жаттығулар жауырынмен тік тұруды үйретуге арналған.

Оқыту реттілігі:

  • Таянып отырып артқа жəне алға домалау.
  • Артпен таянып отырып аяқты бүгіп артқа домалап бүгілген аяқтармен жауырынмен тік тұру.
  • Таянып отырудан артқа домалап аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру.

Типтік қателіктер:

  • Домалау иық пен басты артқа итеру арқылы орындалады.
  • Қолдар арқаға қойылады, шынтақтар кең ұсталады.
  • Дене тік қалыпты қабылдамайды.
  • Жіліншік тік қалыптан ауытқиды, аяқтың ұштары созылмайды.

 Саyтандыру мен көмек. Оқушының бір жағында бір қолмен арқасынын, екінші қолмен аяқтарынан ұстап көмектесу.

Жауырынмен тік тұрудан аяқтарды бүгіп алға қарай домалап барып таянып отыру.

Орындау техникасы. Қолдарды белден алып алға қарай домалап бір уақытта топталу. Домалауды соңында иықтармен алға қарай батыл қимылдар жасап, таянып отыру қалпына келу.

Оқыту реттілігі:

  • Таянып отырып артқа домалау жəне алға қарай домалап топталып отыру.
  • Таянып отырып топталып артқа домалау жəне алға қарай домалап барып таянып отыру.
  • Таянып отырып артқа домалау арқылы аяқтарды бүгіп (ұстау) жауырынмен тік тұру, алға қарай домалап барып топталып отыру.
  • Таянып отырып артқа домалау арқылы аяқтарды бүгіп (ұстау), жауырынмен тік тұру, алға қарай домалау арқылы таянып отыру.

 Типтік қателіктер. Аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұруды жəне алға қарай тоңқалаң асып түсудің екінші жартысын орындау кезіндегі қателіктерге ұқсас.

Саyтандыру мен көмек. Бір жанында тұрып таянып отыруға өтер кезде арқадан немесе иықтан итеріп көмектесу.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Орындалуы бірдей бірнеше дене жаттығулары адам денесіне əртүрлі əсер етуі жəне керісінше əртүрлі дене жаттығулары бірдей нəтиже беруі мүмкін. Демек, қайсы бір дене жаттығулары болмасын, олар тұрақты қасиеттеріне иеленбегендігінің айғағы. Нəтижесінде, дене жаттығулары əсерінің тиімділігін анықтайтын факторларды білу, педагогикалық процесті тиімді басқаруға мүмкіншілік туғызады.

Факторлардың көпжақтылығы төмендегідей топтарға бөлінуі мүмкін: 1) Мұғалім мен оқушының жеке тұлға есебіндегі сипаттамасы маңызды фактор болады. Оқыту, үйрету процесі екі жақты – мұғалім үйретеді, оқушы үйренеді, оқиды. Сондықтанда дене жаттығуларының əсері кімнің оқытқанында жəне оқушыларының ынталарына тікелей байланысты. Дене жаттығуларының тиімді əсері үйретуші мен үйренушінің адамгершілік қасиеттері мен интелектіге, білім деңгейіне, дене дамуы мен дағдыларға, қызығушылығы мен белсенділігіне тəуел. 2) Ғылыми факторлар адамның дене тəрбиесі заңдылықтарын тану өлшемін сипаттайды. Дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері неғұрлым терең зерттелген сайын, сол ғұрлым алға қойған педагогикалық міндеттерді шешу жолында тиімді пайдалану мүмкіншіліктері молаяды.

3)Тəсілдік, факторлар, дене жаттығуларын пайдалану кезінде жүзеге асырылуға тиісті талаптардың кең көлемдегі тобын біріктіреді.

Дене жаттығуларына үйрете отырып, немесе басқа педагогикалық міндеттерді шешу оны қолдана отырып /мысалы, дене қабілеттілігін дамыту үшін/ мынаны ескерген жөн: біріншіден, пайдаланып отырған жаттығудан мүмкін болатын тиімділік, немесе осы, жаттығулар арқылы қандай міндеттерді шеше алатындығымызды /білімділік, тəрбиелілілік, сауықтыру білу; екіншіден, оның құрылымы/ статистикалық немесе динамикалық па, циклды ма, əлде ациклды ма, т.б.; үшіншіден, дене жаттығуларын бірнеше рет қайталаған жағдайда жаңа əдістерді қарастыру /жаттығуды тұтас немесе бөлек – бөлек жасау, немесе қайталау аралығында белсенді не жəй демалыс беру/. Дене жаттығуларының осы сипаттамасы қойылған педагогикалық міндеттерді шешу үшін дене тəрбиесі процесі кезінде пайдаланатын құрал – жабдықтарды жəне əдістерін іріктеуді міндеттейді.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық маттар.Жауырында тұру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZVMw-QZfeZIhttps://www.youtube.com/watch?v=u98IVU1jgwU https://www.youtube.com/watch?v=vdSlvmww6AIКомбинацияларды құрастыруға арналған жаттығулардың интернет ресурстарына сілтеме:https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8Fhttps://www.youtube.com/watch?v=UWLc-hpND2ghttps://www.youtube.com/watch?v=zpO-y4VTE60«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу