Топта гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімдік сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім:

3-бөлім: Гимнастика арқылы

денені басқару дағдылары

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып:

9

Қатысатындар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топта гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау

Оқу мақсаттары

9.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді бағалау

 Сабақ мақсаттары

Гимнастика жаттығуларындағы көшбасшылық дағдыларын және командада жұмыс істей біледі

 Бағалау критерийлері

  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды, оқушылар мақсатқа қол жеткізуде өзінің және командалық жұмыстың маңызын түсінеді;
  • Көшбасшылық дағдыларын бағалауды біледі;
  • Команда құрамында бағалауды түсінеді.

 Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

тепе-теңдік, айналу

жаттығулар кешені, басқа және қолға тұру

гимнастикалық төсеніштер, орындықтар

қозғалыс үйлесімділігі

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Гимнастикада қимыл бірізділігін жоспарлау не үшін қажет екенін айта аласыз ба?
  • Қай комбинациялар бір-бірімен рет бойынша жақсы үйлеседі?
  • Бір элементтен басқасына дұрыс өтуді қалай орындау керек?

 Құндылықтарды

 дарыту

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

АКТ қолдану дағдылар

АКТ арқылы жаттығулардың орындалуын оқушыларға көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Хореография (ритмикалық, тепе-теңдік, акробатикалық жаттығуларды орындау барысында аяқ-қолдың икемділігі мен үйлесімділігін анықтайды)

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптардан және сыныптан тыс басқа жағдайларда алған, гимнастикалық жаттығулар бойынша білімдері мен түсініктері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Кіріспе дайындық бөлімі

10-12 мин

Күтілетін қызмет түрлеріне сәйкес қауіпсіздікті түсіндіру.

Сабақ мақсатын және жетістік критериелерін айту, түсіндіру.

Жүгіру.

ЖДЖ.

Әрбір қызмет үшін үлкен, бос орын.

Негізгі бөлім

25-30 мин

(Т, Ж, ҚБ) Үйренген элементтерден акробатикалық жиынтық әдісін құру.

Бастапқы қалып-негізгі тұрыс, оң (сол) қол жағары.

Алға домалау:

отырып тірелу(тізелер бірге, қолдары жерде, иықтары алда, басы түзу);

иықтар алға қарай берілген, дене салмағы қолға бағытталған, аяқты тіктей отырып иек кеудеге қысылған, аяқпен итеріліп домалау, жауырынға түсе берген кезде аяқтар бүгіледі;

Жинақталу: шынтақтар денеге қысылған, қол сирақты қысады, арқа дөңгеленеді;

Отырып тірелу: тізелер бірге, қолдар жерде, бас түзу;

Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтар тік, қолдар төмен, алақан ішке қарап тұрады.

Жауырынға тұру жаттығуы:

1. Теріс қарап жүреден отыру.

2. Тізені ұстап артқа құлау.

3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.

4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.

«Қарлығаш» элементі

-Бастапқы қалып-негізгі тұрыс

-Арқа түзу

-Қол екі жаққа

-Аяқ бірге

-Бір аяқты артқа көтеріп (аяқ барынша жоғары көтерілуі керек және екі аяқты түзу ұстау қажет)дене тік ұстау керек

Бастапқы қалып-негізгі тұрыс: екі қол екі жаққа-жоғары

Дескриптор:

-Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

-акробатикалық комбинацияларды құрастырады;

-акробатикалық комбинацияларды дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар комбинациялардағы жекелеген элементтерді қайталап, шеберліктерін шыңдайды. Аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру.

Жауырынмен тік тұру топталуда артқа домалау арқылы орындалады. Жауырынмен жəне желкемен тірелу кезінде қолдар белдің астына (үлкен саусақпен алға қарай), аяқтар бүгулі, сирақтар тік қойылады. Бұл бастапқы жаттығулар жауырынмен тік тұруды үйретуге арналған.

-Таянып отырып артқа жəне алға домалау.

-Артпен таянып отырып аяқты бүгіп артқа домалап бүгілген аяқтармен жауырынмен тік тұру.

-Таянып отырудан артқа домалап аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру.

Оқушының бір жағында бір қолмен арқасынын, екінші қолмен аяқтарынан ұстап көмектесу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

-Гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

-болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;

-домалау иық пен басты артқа итеру арқылы орындалады;

-қолдар арқаға қойылады, шынтақтар кең ұсталады;

-дене тік қалыпты қабылдамайды;

-жіліншік тік қалыптан ауытқиды, аяқтың ұштары созылмайды.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Гимнастикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар.

Жауырында тұру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZVMw-QZfeZI

https://www.youtube.com/watch?v=u98IVU1jgwU

https://www.youtube.com/watch?v=vdSlvmww6AI

Қорытыңды бөлім

3-5 мин

Үй тапсырмасы

«Сабақты қорытындылау»

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар және сабақтан уақытша босатылған оқушылар көшбасшылық міндетін атқарады.

-барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындау кезінде басшылыққа алады;

-оқушылардың басым көпшілігі кешенді жаттығуларын орындай алады және босатылған оқушылар бағалайды ;

-кейбір оқушылар үш нүкте жасап ,яғни басқа тұру жаттығуларын орындай алады.

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критерийлерді пайдаланамын.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы,

тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:

Б , С = бүкіл сынып, Тәж = оқушы тәжірибесі, Т= топтық жұмыс, Д = мұғалімнің көрсетуі,

ЖЖ = жұптық жұмыс, Ф = формативтік бағалауды қолдайды, Ж = жеке жұмыс, К = оқытушы көрсетеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу