Қауіпсіздік ережесі. Топтық саптық жаттығулар. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Акмуханов А.У.

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушы

саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Топтық саптық жаттығулар.

Меңгеру мақсаттары:

9.3.4.1 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу

Сабақ мақсаттары:

1. Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік техникасы туралы білімін қалыптастырады;

2. Сабақта саптық дайындық дағдыларын көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

  • Сабақта қауіпсіздік техникасын біледі;
  • саптық жаттығуларды дұрыс орындайды;
  • саптық пәрменді дұрыс бере алады.

Бағыттаушы сұрақтар

Саптық жаттығулар дегеніміз не?

Саптық дайындықты қалай жақсартуға болады?

Саптық дайындық не үшін қажет?

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Саптық дайындық бойынша жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды сипаттау және талқылау, құрастыру және көрсете алады.

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • қауіпсіздік техникасы, "қатар", "лек", қайта құру

Талқылау үшін сұрақ:

  • Саптық жаттығулар сынып тәртібіне қалай әсер етеді?

Пән аралық байланыс:

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, биология пәндерімен кіріктіре ұйымдастыру

Бастапқы білім:

Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта оқылған саптық жаттығулар туралы білімдері мен түсініктері бар.

САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал жабдықтар

Сабақтың басы:

2 мин.

3 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесі туралы ақпарат беру.

Мұғалім әрекеті: сабақ тапсырмасын түсіндіреді, қауіпсіздік техникасы туралы еске салады, бағалау критерийлері мен сабақтың мақсатын түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:

  • Саптық жаттығулар дегеніміз не?
  • Саптық дайындық не үшін қажет?

Саптық дайындық туралы бейнероликті көрсету.

Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті: Мұғалім берген ақпаратты тыңдайды, бағалау критерийлерімен және сабақтың мақсаттарымен танысады, сұрақтар қояды. Бейнені көреді. ЖДЖ-ын орындайды.

Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.

Қызмет түріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Сабақтың ортасы:

5 мин.

20 мин.

5 мин.

Қауіпсіздік техникасы, топтық саптық жаттығулар (Б, Т, ҚБ).

Мақсаты: Сабақта жарақаттанудың алдын алу үшін ҚТ білімін жаңарту, топта саптық жаттығуларды орындау және саптық пәрмендерді беру.

Оқу мақсаттарын шешу.

Сипаттама: Оқушылар ҚТ бойынша нұсқаулықпен жеке танысады, шағын топтарда жұмыстана отырып сабақ тақырыбын жүзеге асырады.

Мұғалім әрекеті:

(Б) Мұғалім сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді;

Сергіту сәтін өткізеді.

(Б, Т, ҚБ) Оқушыларды топтарға бөледі. Топтарға саптық тапсырмаларды орындауға тапсырмалар береді (бір орыннан/қозғалыста лекке және қатарға түзелу, саптық байқау және т.б.). Әрбір оқушы командирдің рөлінде болуы керек. Басқа топқа саптық жаттығуларды көрсетеді. Саптық жаттығуларды орындағаннан кейін топтар жақсы және әлсіз жақтарын анықтай отырып, талқылайды және жақсарту үшін пікір айтады.

Келесі сұрақтар арқылы білімдерін бекітеді:

- Сыныпта саптық жаттығулар не үшін қажет?

- Саптық жаттығуларды қаншалықты сапалы орындауға болады?

Оқушы әрекеті:

1-әрекет. Оқушылар дөңгеленіп төсеніш үстіне жайғасып, ҚТ-мен тағы да танысады, өзара талқылай отырып, негізгі білімдерін бекітеді.Мұғалімнің ҚТ журналына қол қояды.

2-әрекет. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарда саптық жаттығулар тәжірибеленеді, командир саптық пәрмендер береді және рөлдермен ауысады. Басқа топқа комбинациясын көрсетеді. Саптық жаттығуларды орындағаннан кейін, топтар күшті және әлсіз жақтарын анықтай отырып, талқылайды және жақсарту үшін пікір береді.

Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:

- жеке қауіпсіздігі үшін негізгі талаптарды белгілейді;

- саптық жаттығуларды дұрыс орындайды;

- саптық пәрменді дұрыс бере алады;

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтайды. Топтарға әр-түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл) карточкалар бере отырып, нақты пікір беріледі.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.

Сабақтың соңы:

5 мин.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Өзіндік талдау дағдыларын қалыптастыру.

Сипаттама: Өткен сабақ тақырыбы бойынша мұғалім мен оқушылардың бірлескен өзара әрекеті.

Мұғалім әрекеті: Қорытынды шығару, сұрақ-жауап түріндегі кері байланыс. Жаттығуды сәтті орындаған оқушыларды атап өтеді. Жиі жіберілген қателерді көрсетеді.

Оқушының әрекеті: мұғалім берген ақпаратты тыңдайды, бағалау критерийлерімен және сабақтың мақсаттарымен танысады, сұрақтар қояды.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Бос кеңістік.

Саралау:

Барлық топтар (ұлдар, қыздар) жоспарланған тапсырмаларды орындайды.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, бағалау үрдісіне қатысады.

Бағалау:

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі. Топтарға әр-түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл) карточкалар бере отырып, нақты пікір беріледі.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері туралы ақпарат беру.

Сыныптағы тәртіпті қадағалайды.

Сабақ бойынша рефлексия:

  • Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
  • Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?
  • Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
  • Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?
  • Жалпы оқушыларды бағалау

Сабақтың жақсы екі аспектісі(оқытуға,үйренуге қатысты.)

1)

2)

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)

1)

2)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу