Қауіпсіздік ережесі. Топтық саптық жаттығулар. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары | IІ тоқсан | |
Күні: | Мектеп: | |
Сыныбы: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты | ||
Сабақтың тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі Топтық саптық жаттығулар | |
Оқу мақсаттары: | 9.3.4.1. Денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізу мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу. | |
Бағалау критерийлері: |
| |
Тілдік мақсат | Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарды дарыту: | Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |
Пән аралық байланыс: | Хореография (жаттығуларды орындау барысында аяқ-қолдың икемділігін анықтайды) | |
Акт қолдану: | Тақырып бойынша акробатикалық жаттығуларын орындау кезіндегі әдісін көрсету. Басқа елдің үздік спортшыларын таныстыру немесе атап айту | |
Бастапқы білім: | Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сабақ, сондай-ақ сабақтан тыс қызметте оқыған гимнастика туралы білімдері мен түсініктері бар. |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | |
Сабақтың басы: 10 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
Бір саптың бойымен жүріп келіп, үш сапқа бөліну. Үш қатар бір орында ЖДЖ орындау. ЖДЖ түрлері 1. БҚ АИК қол белде Санақ 1-4 басты оңға айналдыру Санақ 5-8 басты солға айналдыру 2. БҚ АИК қол желкеге қайшылаймыз Санақ 1-2 кеудені оңға бұрамыз Санақ 3-4 кеудені солға бұрамыз 3. БҚ АИК оң қол жоғарыда Санақ 1-2 қолды түзу артқа кереміз Санақ 3-4 қолды ауыстырып кереміз 4. БҚ АИК қол белде Санақ 1-4 белді оңға айналдырамыз Санақ 5-8 белді солға айналдырамыз 5. БҚ АИК қол белде Санақь 1 оң аяққа еңкею Санақ 2 ортаға Санақ 3 сол аяққа еңкею Санақ 4 БҚ қол белде 6. БҚ АИК қол белде Санақ 1-2 оң аяққа отырамыз Санақ 3-4 сол аяққа отырамыз 7. БҚ АИК қол белде Санақ 1-4 оң аяққа секіреміз Санақ 5-8 сол аяққа секіреміз |
Бос кеңістік, түрлі түсті конустартар, мұғалім үшін ысқырық ЖДЖ орындау кезінде барлығы бірдей санақ бойынша орындау керек. Жаттығуды орындау барысында аяқ-бұлшық еттерін толық қыздыру.
| |
Сабақтың ортасы 25 минут | Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіру. Яғни, гимнастика бөліміндегі ҚЕ таныстыру, гимнастикалық жабдықтармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздікті ескеру, бір-біріне көмекпен жұмыс жасау. Оқушыларға саптық жаттығулардың түрлерін орындалуын үйрету. Оқушыларды шағын екі немесе үш топқа бөліп, топтарға бірдей тапсырма беру Тапсырма 1. Орында тұрып, бұрылу жаттығуларын орындаңыз 2. Орында тұрып екі немесе үшке бөлінуді көрсетіңіздер 3. Жүріп келіп бөліну әдісін көрсетіңіз 4. Саптық жүрістерді көрсетіңіңіз Шағын топтарға бірдей тапсырма беріп, дайындалуға уақыт беру. орында бұрылу бір орында сапқа бөліну залды айнала жүру жүру түрлері жүріп келіп 3 ке бөліну Шағын топтарда оқушылар жұмыс жасап болғаннан кейін, кезекпен мұғалімге және басқа топтарға көрсетеді. Басқа топтың оқушылары бірін-бірі бақылап, бағалаулары тиіс. Саптық жаттығуларды толық игергендігін қадағалау мақсатында топтарды біріктіріп, жаттығуларды бірге қайталау. Оқушылардың жасаған қателіктеріне қарай, қателіктермен жұмыс жасау. Уақыт қалса, шағын топтарға бөлініп, қимыл-қозғалыс немесе спорттық ойын ойнату. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, гимнастикалық маттар, фишкалар, әр түрлі доптар. Гимнастика бойынша сабақтарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша сілтеме: http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188 Саптық жаттығуларға сілтеме: https://en.ppt-online.org/300513 Саптық жаттығуларды орындау барысында санақ бойынша, бұйрықты бірдей орындау. Яғни, жүріс кезінде аяқты бірдей алып жүру керек. Санақты әр топтың бастаушылары дауыстап орындайды. | |
Сабақтың соңы: 5 минут | Сабақты қорытындылау.
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | |
Үйге тапсырма | Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын күнделікті орындап жүру. | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
| Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Рефлексия: оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің бүгінгі сабақтағы әрекеттеріне рефлексия жасайды. Қандай қате жібердім? Нені білу керек? Қауіпсіздік ережелері туралы не түсіндім? | ||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?