Командалық жұмыс және көшбасшылық дағдысы. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.
Доппен жүру техникасы
Баскетболда доппен жүру ойыншының алаңда доппен жылжуы және бір уақытта бір қолдың көмегімен допты жерге ұруды орындауымен жүзеге асады.
Қарапайым түрде айтқанда, Сіз допты жерге ұрасыз, ал ол секіріп артқа қайтады. Баскетболда доппен жүру техникасы күрделі емес, бірақ допты жақсы жүргізу кезкелген ойыншының қолынан келе бермейді.
Себебі қарсылас кезкелген уақытта допты сізден тартып алуы мүмкін немесе жерге соғып алып кетуі мүмкін. Баскетбол добын жүргізу бөтен жаққа ауыстыру немесе қарсыласты келесі допты лақтырумен қарсыласты алдап-соғуды іске асыру үшін қолданылады. Допты ұзақ беру кезінде айырылып қалу қаупін азайту үшін және командадағы серіктерге бөтен алаңда позициясына тұрауға уақыт беру үшін дриблинг арқылы допты шығарады. Бәріне белгілі, көбіне үлкен ойыншылар допты нашар жүргізеді және олардан допты тартып алу оңай. Тек өзінің бойы үшін ғана емес (ұзын бойлы адамдарда доп жоғары секіреді және кішкентай бойлы ойыншыларға допты тартып алу онай). Сонымен қатар, ұзын бойлы ойыншылар тек сақинамен жұмыс және позиция үшін күреске қатты ден қойып, допты жүргізуге аз дайындалады. Бір жағынан, баскетболда командадағы рөлдер осылайша бөлінеді. Ал басқа жағынан қарасақ, допты жүргізудің техникасын сапалы түрде игеру Сізге ойыншы ретінде әмбебаптық қосады және қарсыласыңызға елеулі қауіп тудырудың жолдарын ойлап табуға мүмкіндік береді.
Баскетболда допты себетке лақтыру
Допты себетке лақтыру − ойынның маңызды техникалық элементі, алаңдағы барлық әрекеттердің түпкі мақсаты.
Кезкелген сыныптың ойыншылары әдетте лақтырулар дайындығына көп көңіл бөледі және олармен тығыз жұмыс жасайды. Бапкердің міндетіне осы жұмыстың бағытын көрсету және техникалық қателіктерді түзету кіреді. Бапкер ойыншымен бірге ойыншының физикалық мүмкіндітерін, қозғалу дағдыларын және психологиялық ерекшеліктерін бақылап, лақтырудың оптималды тәсілін анықтайды. Бұдан кейін лақтырудың техникалық орындалуын көрсетуде күрделі және өте маңызды жұмыс оны одан әрі қарай жетілдіру басталады. Лақтырулар олардың орындалу типі бойынша ажыратылады: бір немесе екі қолмен; орындау тәсілі бойынша: орында, секіріп, қозғалыста, алдау әрекетінен кейін, жоғарыдан лақтырумен; себеттен ара қашықтық бойынша: жақын (0-3 м), орташа (3-5 м) және алыс (6,25 м радиустағы сызық үшін), немесе үшұпайлық лақтырулар. Себетке лақтыруларды жеке қарсыласусыз, бәсең қарсыласумен (орындықты, манекенді қолданып), шаршау жағдайы және психологиялық күш салу жағдайында жұпта, үштікте, топта қорғаушылардың белсенді қарсыласуымен дайындалуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?